Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94


Алтын­Орда­құрамындағы­мемлекеттер



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет13/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Алтын­Орда­құрамындағы­мемлекеттер
Алтын Орданың гүлдену кезеңі Тоқта қайтыс болғаннан кейін билікке 
келген Өзбек ханның (1312-1313-1341-1342) есімімен тығыз байланысты. 
Өзбек хан тұсында ислам мемлекеттік дін мәртебесін иеленіп, елге діни 
қызметшілер мен уағыздаушылардың легі ағылады. Алтын Орда билеушісі 
түстік Капказда орнығып қалуға күш салғанымен онысынан ештеңе 
өнбейді. Келесі қадам Рюриковичтердің әр түрлітармақтары арасындағы 
тайталасқа айналған орыс жерлерінің мәселелеріне арналады. Бұл күресте 
түптің түбінде Өзбек хан Мәскеу князьдарын қолдап Юрий Даниловичке 
өзінің қарындасын қалыңдық етіп береді, оның есімі орыс жылнамалары 
бойынша Кончаку, ал православиені қабылдаған соң жаңа Агафья есімімен 
аталатын болады.
Ирандағы Хулагуидтер мемлекетімен қатынастың шиеленісті жағдайын 
есепке алып Мысырмен байланыстарға үлкен мән берілді. Өзбек хан таққа 
отыруымен және исламға өтуімен бірге мәмлүк сұлтаны Малик ал Насирді 


ІІ тарау. Алтын орда (Жошы ұлысы) және оның Қазақстан тарихындағы маңызы
25
билеуші екі әулеттің арасында некелік одақтар 
құруға үндейді. Ұзаққа созылған келіссөздер 
нәтижесінде 1320 жылдың көктемінде Малик ан 
Насир және Алтын Орда өкілдері арасында некелік 
одақ құрылады. Бірақ бұған қарамастан Өзбек 
хан оңтүстік Капказ үшін күресті жалғастырғанда 
Мысыр тарапынан ешқандай көмек болған жоқ. 
Өзбек хан сұлтанға наразылық білдіріп, Мысырға 
құлдарды тасуға тыйым салды. Өзбектің Шағатай 
ұлысының ханы Кебекпен одақтаса отырып Иран-
ды күйрету үміті де ақталмады.
Тек он жылдан кейін ғана, 1335 жылдың кү - 
зінде Өзбек оңтүстік Капказ үшін күресті қай-
тадан қолға алды. Соғыс бастала бере кенеттен 
Хулагу ұлысының билеушісі Абу Саид (30 қазан 
1335 ж.) қайтыс болып парсы әскері бас қолбасшысыз қалды, дегенмен 
Хулагуидтердің Ирандағы билігі сақталып қалды да, Өзбек хан тек 1340 жы - 
лы ғана Хорасанның бір бөлігін жаулап алды. 1341/1342 жылдары Өзбек 
хан қайтыс болардың алдында өзінің мұрагері ретінде ұлы Тыныбекті 
тағайындайды, бірақ туған інісі Жәнібек қастандық ұйымдастырып, нәти-
жесінде билікті өзі басып алады.
Жәнібектің таққа отыруымен (1342-1357) Алтын Орда мемлекеті өзінің 
құдіретті биігінен төмендеп белгілі бір қиыншылықтарға тап бола баста-
ды. XIV ғасырдың орта шеніне қарай Алтын Орданың Дешті Қыпшақ 
территориясында қуаңшылық басталды. Оған Орталық Азиядан тараған 
«қара өлім» – оба Жошы ұлысын теңселтті. Қарқынды трансконтинентал-
ды сауда-саттық аурудың ескі мекенге өрттей жайылуын тездетті. Табиғи-
климаттық факторларға сыртқы саяси факторлар үстемеленді. Литваның 
ықпалы күшейе түсіп, оның ұлы князьдары Алтын Орда қашқындарына 
баспана бере бастады. Литва өзінің Польшамен, Венгриямен және Тевтон 
орденімен әскери келісімдері мен одақтастықтарын пайдалана отырып, 
уақытша шиеленістерге қарамастан орыстардың шекаралас жерлеріне Ор - 
даның ықпалын әлсіретуге тырысты. Алтын Орда Жерорта теңізінен де
ығыстырылып, оның геосаяси жағдайы түбегейлі өзгерді, негізгі эконо-
микалық әріптестері – Мысыр және Италиямен де байланыстары қиындай 
түсті.
Жәнібек хан Алтын Орда шекарасының оңтүстігінен өтетін Ұлы Жібек 
жолы негізгі артериясына шығу жолдарын қарастыра бастады. Бұған 
Ирандағы Хулагуидтер мемлекетінің күйреуі де көмектесті. 1357 жылы Ал-
тын Орда ханы өзінің ұлы Бердібекпен бірге Дербент арқылы Әзірбайжанға 
жорыққа шығып, оны, астанасы Тебризбен қоса тез арада жаулап алды. Ал-
тын Орда әскерінің басқа тобы Хорасанның бір бөлігін бағындырды. Со-
нымен, Жошы әулеті ақыры оңтүстік Капказға үстемдік ету мақсатына қол 
жеткізді. Бірақ Жәнібек күтпеген жағдайда Әзірбайжандағы билікті өзінің 
ұлы Бердібекке ұстатты. Жәнібек Сарайға оралып, көп ұзамай 1357 жылдың 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау