Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет18/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. Өзбек хан тұсындағы Алтын Орданың саяси, әлеуметтік-экономикалық 
дамуының деңгейін талдаңыз.
2. Ислам дінінің ресми мемлекеттік дін ретінде жариялануының барысы мен 
нәтижелері туралы жазба деректердің мәліметтерін талдаңыз.
3. Алтын Орда мен Мысыр билеушілерінің қарым-қатынастары қалай дамыды?


ІІ тарау. Алтын орда (Жошы ұлысы) және оның Қазақстан тарихындағы маңызы
41
§­4.­Алтын­Орда­тарихындағы­дағдарыс­және­оның­ыдырауы
Алтын Орданың ең беделді хандарының бірі Өзбек хан 1342 жылы қайтыс 
болды. Өзбек хан билік еткен 30 жыл ішінде Алтын Орда өзінің нығаюы 
шегіне жетті. Хан қайтыс болған соң феодалдық ақсүйектер рөлі күшейді, 
алайда Өзбек хан өмірінің соңында-ақ олардың күшейгенін атай кеткен жөн. 
Өзінің мұрагері ретінде ұлы Тінібекті көрсеткен Өзбек хан өсиеті бұзылды. 
Ханның үш ұлы ішінде Тінібек 1333 жылдан бастап-ақ тақ мұрагері ретінде 
мемлекеттік іске қатысты, хан әскерін басқарды. Өзбек хан қай тыс болған кезде 
Тінібек Жаңа Сарайда болмады, Шағатай жерін жаулап алу жорықтарында бол-
ды. Осыдан ханның өлімі кенеттен болды деген қорытынды жасауға болады, 
басқаша жағдайда ол өз мұрагерін Орта Азияға аттандырмас еді. Хан өлімін 
естіген Тінібек астанаға хандықты қолына алуға асықты. Ол жолда болған 
шақта анасы оған қарсы әмірлермен келісіп, тақты өзінің екінші ұлы Жәнібекке 
берді. Сонымен бірге Тінібектің астанаға келуінің алдын алу үшін ханды қарсы 
алады деген сылтаумен адамдар жібереді. «Оған келген әмірлер оның қолын 
сүйе бастады, кейін олар оны ұрып, өлтірді. Кейін олар оның інісі Жәнібекке 
келіп болған жағдайдан хабардар етті. Кіші інісі Қыдырбекке қарсыласа оты-
рып Жәнібек оны да өлтірді де, мемлекетті жалғыз өзі басқара бастады». 
Алтынордалық ақсүйектердің бұл кезде Жәнібекті қолдауының себебі 
мынада, Тінібек жастайынан Өзбек мұрагері ретінде мемлекеттік істерді 
жақсы білді, әмірлер үшін бұл тиімсіз үміткер еді. Олар өз биліктерін 
күшейту үшін Жәнібекті заңсыз түрде билікке келтіреді, ол әмірлердің ай-
туы бойынша әрекет ету керек еді, әрі толықтай соларға бағынышты болды. 
13 жылдық Жәнібектің басқаруы Алтын Орданың бұрынғы күшінің 
біртіндеп әлсіреу кезеңі болып табылады. Бұл, ең алдымен, көрші мемле-
кеттермен қатынаста көрініс тапты. Жәнібек билік құрған жылдары Поль-
ша, Литвия, Қырымдағы итальяндық колониялармен қақтығыстар болды. 
Сонымен бір уақытта Жошы әулетінің өз ішінде келіспеушіліктер болып, 
бұл ханның пайдасына шешілмеді. Қырымдағы генуэздермен соғыста 
сәтсіздіктер, Польша және Литвиямен қарым-қатынастың қиындауы Жошы 
ұлысы
Бату әуле
тінің ханзадалары өз ұлыстарының тәуелсіздігі үшін ханмен 
шайқасты бастады. «Ескендір анонимінде» және оған қатысты авторларда 
Ақ Орда ханзадасы Мүбарак Қожа мен Жәнібек хан арасындағы соғыс ту-
ралы деректер кездеседі. Оның әкесі Ерзен Өзбектің вассалы ретінде оған 
барлық істе бағынды. Әкесі қайтыс болған соң Мүбарак Қожа Ақ Орданың 
билеушісі болды, Бату ұрпақтарына бағынбайтын тәуелсіз хан болуды 
көздеді. Бұл мәліметтерді алтынордалық нумизматикалық мәліметтер де 
растайды. Сығанақта шығарылған «Әділ сұлтан Мүбарак Қожа Алла билігін 
жалғастырсын» титулда Мүбарак Қожа монеталары сақталып қалған. 
Бұрынғы Орда Ежен иеліктерінің тәуелсіздігін қайта қалпына келтіру 
үшін Жәнібек ханға қарсы Ақ Ордада басталған қозғалыс Алтын Орданың 
әлсіреуі Жәнібек ханның билігінің басталуымен байланыстылығын көрсе-
теді. Өз ұлыстарының тәуелсіздігі үшін Шайбан ұрпақтары да соғыс 
көтерді. Мұның барлығы – Жошы ұлысында Өзбек хан қайтыс болған соң


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
42
пайда бола бастаған саяси дағдарыстың басталғанының дәлелі. 1346 жылы
Қытайдан келген «қонақ» обаға байланысты дағдарыс күшейе түсті. Оба-
ның кесірінен «Өзбектіктердің жері ... ауылдар мен қалалар адамсыз қал-
ды». Орыс жылнамаларының хабарлауынша, Сарай, Үргеніш, Астрахан 
және басқа қалаларда халық көп қырылды. Обадан кейін Алтын Орда ұзақ 
уақыт қалпына келе алмады. Жәнібек билігінің соңғы жылдарында ғана ху-
лагулермен Кавказдағы соғысты қайта жалғастыруға жағдайы келді, соғыс 
Әзірбайжанның уақытша Алтын Ордаға бірігуімен аяқталды. Әзірбайжанды 
жаулауды аяқтаған Жәнібек Сарайға қайтты, сұлтандық тағына отырған 
ұлы Бердібекті өз орнына қалдырды. Бердібекпен бірге Тебризде енді ғана 
жауланған Әзірбайжанға уәзір етіп тағайындалған әмір Сарай-Темір қалды. 
Сарайға қайтар кезде алтынордалықтар өздерімен көптеген байлықтар алып
кетті. Жәнібек Тебризден кеткеннен кейін екі айдан соң ханның ауыр ау-
румен ауыратыны жөнінде хабар келді. Сарайда болған ханның беделді 
әмірлерінің бірі Тулубей Бердібекке әкесінің орнын уәде етіп, оны Сарайға 
шақырды. «Бердібек Дешті Қыпшақ тағына деген махаббаты үшін Әзірбай-
жанды тастап Дербент арқылы Ордаға оралды. 10 жақтасымен бірге ол түн 
ішінде Тоғрұлбай үйіне орналасты. Сол кезде Жәнібектің халі жақсарды. 
Ол аурудан басын көтеріп, келесі күні диванға қатысқысы келді. Адал 
адамдарының бірі Бердібектің келгенін біліп, жағдайды Жәнібекке жеткізді. 
Жәнібек уайымдап Тоғай Тоғлу хатунмен кеңесті. Хатун ұлына деген ма-
хаббаты үшін бұл мәліметтерді өтірік деп көрсетті. Жәнібек Тағлы байды 
жеке аудиенцияға шақырды. Оның осы іске қатысын білмей ол осы құпияны 
айтты. Тоғрыл бай уайымдап қалды. Мәселені шешу сылтауымен ол сыртқа 
шағып, бірнеше адамымен қайта кіріп Жәнібекті сол сәтте өлтірді». 
Жәнібек өлімін осылайша «Ескендір анонимі», Ғаффари және Хайдар Рази 
сипаттайды. Араб деректерінде оның өлімінің мұндай жағдайлары баяндал-
майды. Никонов жылнамаларында оның ағайындары да өлтірілгені айтылған. 
Өзбек әулетінің барлық ханзадалары өлтірілді. Бердібек тұсында мемлекеттің 
әлсіреуі анық көріне бастады. Дәлелі ретінде Жәнібек тұсында Алтын Ордаға 
қосылған Әзірбайжаннан айырылуын атауға болады. Тебризде қалдырылған 
алтынордалықтар екі айдан соң Әзірбайжанды қалдырып, Сарайға оралды. 
Бердібек басқаруының басында-ақ Қырымда венециялықтармен қақ-
тығыс болып 1358 жылда ғана тыныштандырылды. Жаңа келісім бойын-
ша Орда венециялықтар пайдасына көптеген жеңілдіктер беруге тиіс бол-
ды. Венециялықтар бұрын кіруге рұқсат етілмеген Солдайда сауда жасау 
құқығын алды. Оның үстіне хан пайдасына алынып отырған шекаралық 
салық 3 пайызға төмендетілді. Осы жылдары орыс діншілдері де өз пайда-
ларына көптеген жеңілдіктер алды. 1357 жылы қарашада берілген Бердібек 
жарлығы бойынша орыс діншілдеріне Жәнібек кезінде алынған құқықтары 
қайтарылды. Олар шіркеулердің салығынан құтылды, хан юридикциясында 
шіркеу тәуелсіздігі қайта қалпына келді. 
Деректерде 2 жылдық Бердібектің басқаруы кезіндегі Орданың ішкі 
жағдайы туралы мәліметтер сақталмаған, замандастары тек Бердібектің өз 
туыстарына деген өте қаталдығы жайлы ғана айтады. Алайда Бердібектің 


ІІ тарау. Алтын орда (Жошы ұлысы) және оның Қазақстан тарихындағы маңызы
43
террорлық басқару әдістері оның жағдайын жеңілдетпеді: екі жыл өткен 
соң 1359 жылы сарай төңкерістерінің бірінде қайтыс болды. 
Осылайша, Алтын Орда тарихында «дүрбелең кезең» басталды. 1359 жы- 
лы Бердібек өлтірілген сәттен 1380 жылы Тоқтамыстың таққа келуіне 
дейінгі кезде, яғни 20 жыл ішінде 20-дан аса хандар өзгерді. Олар бір-бірін 
соншалықты тез ауыстырып отырғандықтан жылнамашылар, тіпті, олардың 
атын жылнамаларына жазып үлгермеді. 
Бұл уақытта жошылардың хорезмдік облысы Алтын Ордадан бөлініп, 
сопылардың басшылығында Хорезмде жаңа мемлекет қалыптасты. 1361 жыл - 
дан Алтын Ордада хан атымен шығарылатын алтынордалық монета-
лар шығарылуы тоқтатылды. Соңғы рет бұл қалада Қыдыр хан монета-
лары шығарылды. Бұдан кейін ешқандай хан Хорезмде өз монеталарын 
шығармады. Ал Хорезмде дәл осы уақытта анонимді түрде «Алладан басқа 
Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген жазумен монеталар шығарыла ба-
стады. Кейінірек шығарған адам аты жазылмай монеталарда алғашқы төрт 
халиф атымен шығарыла бастады. 
Хорезмнен бұрын Сарайдан Орда Ежен ұлысы бөліне бастады. Бұл жер-
де сепаративтік қозғалыстар Жәнібектің кезінде-ақ байқала бастаған, бірақ ол 
кезде Жәнібек билігін мойындаудан бас тартқан Мүбарак Қожа ханзаданың 
әрекеттері сәтсіз аяқталған еді. Мүбарак Қожаның інісі Шымтай Жәнібек 
билігін мойындауға мәжбүр болды. Ақ Орданы 17 жылдық Шымтайдың 
басқаруы кезінде Алтын Орданың батыс иеліктерінде бас талған шиеленістер 
Ақ Орданың Сарайдан бөлінуіне жақсы болды. «Ес кендір анонимі» бойынша 
Ақ Орда билеушісі Шымтай өзінің билігінің соңғы 
жылдарында бұрынғы Орда Ежен ұлысын тәуелсіз 
түрде жеке өзі басқарды. Шымтайдың ұлы Орыс 
хан тұсында Ақ Орда тәуелсіз елге айналды. 
Осыған қарағанда Шайбан ұрпақтарының 
ұлыс тары да тәуелсіздікке ұмтылды. Алтын Ор-
даның тәуелсіз ұлыстарға бөлінуі Жошы мем-
лекетін әлсіреткені сонша хандар өзара қырқысуда 
тек жаулап алынған халықтарда, көрші мемлекет-
термен қатынасындағы беделділікті ғана емес, со-
нымен бірге өз иеліктеріндегі билікті жоғалтты. 
Мысал ретінде Қырымдағы венециялықтар мен 
генуэздер биліксізді пайдаланып өз жағдайларын 
дұрыстағандарын айтуға болады. Бердібек тұ-
сын да венециялықтарға Тану қаласының тек бір 
кварталы тиесілі еді. 
Ақ Орда билеушісі Орыс хан өлтірген маңғышлақ әмірі Той-Қожаның 
ұлы Тоқтамыс 1376 жылы Орыстың хан болуынан кейін Самарқандқа 
Мәуереннахрдың билеушісі күшті әрі әйгілі Темір («Ақсақ Темір», Еуропада 
Тамерлан) қорғанысына қашып барды. Орталық Азияда өз билігін нығайту 
үшін Алтын Ордадағы саяси жағдайды бақылап отырды және солтүстік 
көршісінің күшеюін өзінің ұлы державалық мақсатына қауіп ретінде көрді. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау