Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет25/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Шағатай­ұлысы
Ол былай деп жазады: «Ол ешбір дінге, ешбір сектаға кірмеген билеуші 
еді, ол оларды тек құдайшылықтан танудың жолы деп түсінді, сөйтіп, ешбір 
секта мен діни ағымның жолын құшады. ...Өзіне берілген сыйлықтарды 
қазынаға түсірместен бұрын тұтасымен моңғолдарға, мұсылмандарға және 
басқаларға таратып берді. Әр жақтан келетін саудагерлер оған әр түрлі зат-
тар әкелетін, ол не алса да, әрбір затқа бағасынан артық құн төлейтін». Бұл 
дерек Батудың діни ұстанымы жөнінде Джузджанидің мәліметінен өзгеше 
болғанымен, қол астындағы халқы мен саудагерлерге қатысты көзқарасы-
ның ұқсас болғандығын көрсетеді.
Батудың жүргізген саясаты туралы деректі парсы авторларымен қатар ар-
мян деректері де қостайды. ХІІІ ғасырдың армян тарихшысы Киракос Ганда-
закеций Бату ханнан сауда жасауға жеңілдік алған Рабан Ата туралы айта келе 
«оның адамдары, саудагерлері хан атынан тамғаны, яғни хат пен белгіні алып, 
барлық жерде емін-еркін жүрді, олар өздерін Рабанның адамдары екенін 
мәлімдегеннен кейін, оларға ешкім де тиіспеді. Тіпті, татар қолбасшылары 
оларға өз олжаларынан сыйлықтар беріп тұрды». Одан әрі армян тарихшысы 
Бату ханға патшалар мен ханзадалардың, князьдар мен саудагерлердің келіп, 
өз өтініштерін білдіргенде, ханның оларды әділдікпен шешім шығарып, 
оларға өз иеліктерін қайтарып бергендігі жөнінде баяндайды.
Одан кейін Алтын Орда тағында 10 жылдай отырған Берке ханның 
мұсылманшылдығы, ислам дініне көзқарасы туралы жазба деректердің бәрі 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
58
бірауыздан мақұлдап, оң баға береді. Жошы, Бату, Берке хандар ұстанған 
бағытты одан әрі Алтын Орданың кезекті ханы Мөңке Темір де жалғастырады. 
1269 жылғы Талас және Кенджек өзендерінің бойында өткен құрылтайдың 
шақырылуы мен ондағы қабылданған шешімдерге Жошы ұлысы жағынан 
Мөңке Темір хан мен Жошы ұлдарының бірі Беркечардың тікелей қатысы 
бар. Құрылтайда қабылданған шешімдердің саяси аспектісін қарастырмай-
ақ экономикалық жағына назар салсақ, онда алтынордалықтардың ұстанған 
көзқарасын анық байқаймыз. Құрылтайда қабылданған шешім туралы
Рашид ад-Дин былай деп жазады: «Өздерінің әдет-ғұрыптары бойынша 
олар алтынмен анттасып, болашақта таулы жерлер мен далалы жерлерде 
қоныстануға, қалалар маңында жүрмеуге, егістіктерге мал жаймауға және 
де раийаттарға (егіншілерге) әділетсіз талаптар қоймауға уәделесті». Жалпы 
алғанда, жоғарыда келтірген дерек мәліметтері Жошы ұлысындағы жоғарғы 
билеушілердің жергілікті бағындырылған халықтарға қатысты жүргізген сая-
сатында екінші ағымның үстемдікте болғандығын көрсетеді. Ал ол дегеніміз 
өз кезегінде сырттан келген аз санды моңғолдық этнокомпоненттердің қып-
шақ тайпалары арасына тез сіңісіп кетуіне өте қолайлы жағдайлар жасауға 
мүмкіндіктер берді деген тұжырымға әкеледі.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау