Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет10/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Профессор,­ҚР­ҰҒА­
Құрметті­мүшесі­
Т.­Омарбековтің­
деректер­негізінде­
салған­портреті


І тарау. Ұлы Далада моңғол билігінің орнығуы және ұлыстардың құрылуы 
19
1220 жылдың көктемінде Жошының Сырдың төменгі ағысы бойында болып, 
Хорезмді қоршауға жергілікті көшпелі тайпалардан 10 мыңдық әскердің 
жасақталып, қалаға аттандырылғанын айтады. Жергілікті тұрғындар мен 
көшпелі тайпалар есебінен моңғолдар өз әскерінің құрамын осылайша тол-
тырып алып, келесі ұрыстар мен шайқастарға қатысып отырады. Мұндай 
жағдайлар да жергілікті халықтар санының күрт азаюына алып келеді.
Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларына қарсы алғашқы жорық 1220 
жылдың көктем-жаз айларында, бүкіл Сыр өңіріндегі қалалар мен елді-
мекендер жаулап алынғаннан кейін болады. Рашид ад-Диннің мәліметтерінде 
Жошы әскерінің бір бөлігін басқарған Улус-иди Дешті Қыпшақтың ішкі 
жағында орналасқан қаңлылардың ордасы Қарақорымға аттанады. 
Бұл жорық туралы Әбілғазы былай деп баяндайды: «... Шағатай мен 
Үгедей кері бұрылып, Термездегі әкесіне қарай кетті, ал Жошы Үргеніштен 
Дешті Қыпшаққа аттанды. Қыпшақ халқы бірігіп, соғысқа шықты. Жошы хан 
жеңіске жетті, [оның] қолына түскен [барлық] қыпшақты өлтіреді, қолға түспей 
қашып кетіп аман-сау қалғандары естектерге (башқұрттарға – 
Б.К.
) кетті. 
Қазіргі естектердің көп бөлігі сол қыпшақтардың ұрпақтары болып келеді». 
Моңғолдардың Сыр бойындағы қалалар мен елді-мекендерді бағындыру 
барысында жасаған қырғыншылықтары Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпа-
ларын жаулау кезінде де қайталанады. 
1219-1224 жылдары моңғолдардың жаулап алу соғыстарына байланысты 
Дешті Қыпшақтағы этникалық процестерге кері әсер еткен белгілердің біріне 
жергілікті көшпелі тайпалардың бір бөлігінің туған жерлерінен ауа көшіп 
кетуі жатады. Көшіп кеткендер, жекелеген адамдар, жекелеген отбасылар не-
месе жекелеген рулық бөлімшелер мен рулар болсын, өз туған жерінен қол 
үзумен бірге, ғасырлар бойы үздіксіз жалғасып келе жатқан ортақ этникалық 
территориядағы этноүрдістерден тыс қалып, өзге этнотерриториядағы этнопро-
цестерге қосылады. Сөйтіп, олар өздерінің этникалық болмысынан айырылады. 
Деректерде Дешті Қыпшақ тайпаларының моңғолдарға бағынғысы кел-
мей немесе олардан қорқып көшіп кеткендігі туралы мәліметтер кез деседі. 
Жоғарыда біз келтірген Әбілғазының бір ғана мәліметінен қып шақтардың бір 
бөлігінің башқұрттар жеріне көшіп барғанын білсек, оның келесі мәліметінде 
былай делінеді: «Еділ мен Тин (Дон) аралығында өмір сүретін қыпшақтар төрт 
тарапқа шашырап кетті», – делінеді. Ал моңғол шапқыншылығының Шығыс 
Дешті Қыпшақтағы этнопроцестерге тигізген ықпалын Р.Г. Кузеев былай-
ша тұжырымдайды: «Моңғол шапқыншылығы көшпелілердің көп бөлігінің 
жыл жуын туғызды, әсіресе жаулап алудың ал ғашқы сатысында Еуразия да-
лаларының орасан зор аумағы мен солтүстіктегі көршілес аймақтарға жаудан 
жеңіліске ұшыраған, талан-таражға түскен қыпшақтар шашырап кетті». 
1245-1247 жылдары Рим Папасының Күйік ханға жіберген елшісі Пла-
но Карпини Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде қираған көптеген 
қалаларды, бекіністерді және қаңырап қалған қыстақтарды көргенін баян-
дайды. Шапқыншылықтан көшпелі және жартылай көшпелі аймақтардың 
халқы да көп зардап шегеді. Плано Карпинидің мынадай дерегі соған дәлел 
болады: «Біз қангиттердің жеріне аяқ бастық... Бұл жерден, сондай-ақ Ко-
маниядан біз аяқ астында тезекше шашылып жатқан сансыз адамдардың 
бас сүйектері мен қаңқаларына тап болдық... Бұл адамдар, комондар да, 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
20
қангиттер де, жер өңдемеген, малмен күн көрген, олар сондай-ақ үй сал-
мастан, шатырларда орналасқан. Татарлар оларды да қырып-жойған, енді 
өздері солардың жерінде тұрады, ал тірі қалғандарын құл қылып алған». 
Моңғол ақсүйектерінің үстемдігі Жетісу жеріне ауыр тиді. Шыңғыс 
ханның шабуылына дейін-ақ үздіксіз соғыстарда күйзелістерге ұшыраған 
бұл аймақтың халқы жаулап алушыларға қарсылық көрсете алмаған бо-
латын. Сондықтан да Жетісуда қалаларды жойып жіберу болмаған. Алай-
да жазбаша деректер мен археологиялық мәліметтер Жетісудағы қала 
мәдениеті мен отырықшы-егіншілік мәдениеттің едәуір бүлінгенін, егістік 
үшін игерілген жерлердің өлкеде моңғол үстемдігінің орнағаннан кейінгі 
алғашқы ондаған жылдарда-ақ жайылымға айналдырылғанын көрсетеді. 
1253-1255 жылдары Қазақстан аумағы арқылы өткен Француз королі 
ІХ Людовиктің моңғол ханы Мөңкеге жіберген елшісі Рубрук, егіншілік 
мәдениеттің күйрегені, Іле алқабындағы қалалардың жойылып кеткендігі 
туралы алғашқылардың бірі болып деректер қалдырған. Оның мынадай 
дерегі Жетісудағы моңғол шапқыншылығы мен үстемдігінің зардапта-
рын көрсетеді: «Біз оң жағын биік тау қоршаған, ал сол жағында айнала-
сы жиырма бес күншілік теңіз бе әлде көл ме, шалқып жатқан өте әсем 
жазықпен жүрдік. Бұл жазық таудан басталып әлгі аталған теңізге келіп 
құйып жатқан сумен түгелдей тамаша суландырылған. Жазда бұл теңіздің 
(Балқаштың) солтүстік беткейі арқылы қайттық, бұл беткей де таулы болып 
келеді. Жоғарыда аталған жазықта бұрын көп қала болған, бірақ олардың 
көпшілігін өздерінің малын бағуға жағдай жасау үшін татарлар [моңғолдар] 
қиратып жіберген, өйткені онда ең тамаша жайылымдар болған».
Бірнеше ондаған жылдар бойында жаулап алынған жерлерде «көшпелі 
мал шаруашылығының басымдығын» нығайтқан көшпелі моңғолдар тобы
осылай қарай ағылады. Ұлыстар құрылғаннан кейін Жетісуға көшпелілердің 
қалың топтарының келіп қоныстану салдарынан егістік танаптары, өң-
делетін жерлер күрт азайып, көшпелі мал шаруашылығы отырықшылық есе - 
бінен күшейе түседі. Елді мекендерді қирату, егістікті малға таптату, бау-
бақшаны, ирригациялық жүйелерді жойып жіберу, отырықшы-егінші халық-
тың қырылып, босып кетуі, оның көрші қалалармен және егіншілікпен шұ - 
ғылданатын өлкелермен, соның ішінде Оңтүстік Қазақстанмен эко но мика - 
лық тарылуы – осының бәрі Жетісудағы қалалар тіршілігінің эко номикалық 
негізін әлсіретіп жібереді. Көшпелі мал шаруашылығы егін шілікті ығыстырып 
шығарды, ал егіншілік болмаған соң қалалар құлдырап кетеді. 
Моңғолдардың жаулап алуы қоғамдық дамуға да тежеу болады. Ол 
жаулап алынған елдердің, оның ішінде Қазақстанның да әлеуметтік-эко - 
номикалық құрылымына елеулі кері кетушілік туғызды. Қоғамдық қатынас-
тарда ең артта қалған нысандар орнығып, құлиеленушіліктің белгілері (қол-
ға түскен мыңдаған адамдар құлға айналдырылады) кең етек алды. Егіншілік 
пен қала мәдениетінің күрт құлдырауының, экономикада экстенсивті көш - 
пелі мал шаруашылығының үлес салмағы арта түсуінің салдарынан қоғам-
ның әлеуметтік даму (феодалдану процесі) үдерісі тежелді.
Жаулап алынған жерлерде халықты әскери-әкімшілік тұрғыдан ұйым-
дастырудың сандық (ондық, жүздік, мыңдық) жүйесі, вассалитеттің өзіндік 
жүйесі таратылды. 


І тарау. Ұлы Далада моңғол билігінің орнығуы және ұлыстардың құрылуы 
21
Бағындырылған халық хан әулетіне тиесілі деп саналды, оларға ауыр 
салықтар салынып, міндеткерліктер жүктеліп отырды. Әскери міндеткерлік 
өте-мөте ауыр болды – жоғарыда аталған ұйымдастырудың ондық жүйесіне 
сәйкес халық моңғол әскері үшін жауынгерлер беріп отыруға міндеттелді. 
Материалдық игіліктерді жасайтын халық өндірістен қол үзіп, әскери 
қару-жарақ үшін зор шығынға ұшырады. Отырықшы халық та әскери бо-
рышын өтеуге тиіс болды, олар жаяу әскерге алынып, моңғолдар оларды 
қамалдарды қоршау үшін пайдаланды.
Салық түрлерінің көп және көлемінің ауыр болуы халықтың жаппай 
күйзелуіне әкеп соқтырды. Рашид ад-Динде ол туралы келесідей мәліметтер 
бар: «... күштеумен қорқытып тартып алу барған сайын күшейіп, егіншілердің, 
әсіресе белгіленген алымдар мен міндеткерліктердің көптігінен жиналған 
астықтың өзі белгіленген алымдардың жартысын да өтеуге жетпейтін болды».
Қазақстан аумағында ежелден тұратын этникалық топтар мен халық-
тардың және олардың жерлерінің моңғол ұлыстарына бөлінуі олардың 
ұзаққа дейін әр түрлісаяси құрылымдар құрамында болғызды, ал ол өз 
кезегінде халықтың этникалық, шаруашылық, мәдени тұрғыдан бірігуіне 
кедергі жасады, керісінше бытыраңқылық үрдісін ұзартады. 
Сонымен бірге Моңғол империясының, одан соң Алтын Орда мем ле-
кетінің құрылуы Қазақстан мен оған көршілес елдерді ортақ саяси, эко номи - 
калық, мәдени кеңістікке біріктірді. Сондай-ақ дала мәдениеті мен оты - 
рықшы-егіншілік мәдениетті таратушылардың өзара әсері мен
ықпалы 
тұрғысындағы интеграциялық үрдістердің дамуына жол ашты. Қазақстанда 
өмір сүрген этностың мұсылман Шығысымен, Еуропамен, Қытаймен кеңінен 
араласуына мүмкіндік туғызды. Моңғол билігі сауданы, халықаралық 
қатынастарды дамытуға ынталандырылды, жер-жерде пошта және жәмшік 
қызметін енгізді. Бұрын алыс болып келген халықтар арасында сауда және 
мәдени байланыстар орнатылды. Ұлыстардың аумағымен сауда керуендері 
жүріп өтті, алыс өлкелерге дипломатиялық миссиялар, саяхатшылап ат-
танып, Еуропаға Азия елдері мен халықтары туралы мәліметтер жеткізді. 
Моңғолдар далаға орталықтандырылған өкімет идеясын әкелді, бұрын 
ұйымдаспаған тайпаларды біріктірді, жаңа жағдайларға бейімделген дала
заңдарын іске қосты. Моңғолдардан кейінгі уақыттағы Қазақстан аумағын-
дағы мемлекеттерде кейін келе әлеуметтік ұйымның көптеген нормалары 
мен мемлекеттік нысандары пайдаланылды. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау