ІІ тарау. Алтын орда (Жошы ұлысы) және оның Қазақстан тарихындағы маңызы
23
болды. Мұның өзі Таяу Шығыс пен Же-
рорта
теңізінің шығыс бөлігіндегі ха-
лықаралық жағдайға өз әсерін тигізбей
қоймайды. 1260-1280 жылдары Жерор-
та теңізі
жағалауын айнала бір-біріне
қарсылас екі коалиция қалыптасып үл-
гер ген болатын. Итальяндық саудагер
республикалар – Генуя мен Венеция ара -
сындағы қайшылықтардың мәні зор
бол ды. Генуялықтар Хулагу ильхан-
дармен жақындасса, венециялықтар
тиісінше
Ал тын Орда билеушілерімен
ортақ тіл тапты.
Генуялықтар, тіпті, ильхандардың
Ба тыс елдеріне қатысты дипломатиялық
тапсырмаларын жеткізуші қызметін ат-
қар ды. Итальяндық республикаларға бай -
ланысты осынау тарихи оқиғалар Салим-
бене де Адамның «Хроникаларында», «Ағайынды Минориттердің және
уағыздаушылардың Татарияда болуы», «Азактың венециялық көпестеріне
Өзбек ханның жарлығы», Франческо Пелаготтидің «Сауда тәжірибесінде»,
Рим папасы XII Бенедиктің Өзбек ханға, Жәнібекке, Тайдулла хатунға хат-
тарында, Азактың венециялық көпестерге Жәнібек ханның жарлықтарында,
Джовании Мариньоланың хроникаларында
20
, т.б. деректерде кеңінен орын
алған.
Византия императоры VIII Михаил өзінің некесіз туған қызын ықпалы
күшейе түскен Ноғайға беріп, онымен тығыз байланыс орнатты. Ал оның
жаңа жағдайы Жошы әулеті мен Хулагуидтер жанжалында бейтараптықты
ұстануына, оған қоса алтынордалық күштерді Дунай Болгариясына қарсы
күреске жұмылдыруына мүмкіндіктер берді.
Алтын Орда тарихының келесі кезеңі Ноғайдың күшеюімен байланыс-
ты болды. Менгу-Темір қайтыс болғаннан
кейін Ноғай Жошы ұлысының
басты саяси тұлғасына айналды. 1290 жылдың орта тұсына қарай Ноғайдың
билігі шырқау биігіне көтерілді. Жас, жігерлі Тоқта өзімен еншілес билеуші
бауырларын биліктен кетіруді мақсат тұтып Ноғайға ашықтан-ашық қарсы
шығады. Бірқатар қақтығыстар барысында ол Ноғайды жеңеді. Ноғайдың
өзін Тоқтаның орыс сарбазы мен ұлдары Дунай бойында өлтіреді. Тоқта
қуатты орталық билікті қалпына келтіріп, Алтын Ордадағы орталықтан
алшақтау үрдістерін тоқтатады, сонымен
бірге Византия императоры
II Андрониктің қызына үйлену арқылы онымен некелік одақ құрады.
Келесі қадам, оның ең бастысы Хулагу ұлысымен байланыстарды қал-
пына келтіруге бағытталған сыртқы саяси мәселелерді шешуге арналады.
Бұл мәселеде хан грузин патшаларына арқа сүйеуді құп көреді. Тоқтаның
20
Становление и расцвет Золотой Орды. Источники по истории Улуса Джучи (1266-1359 гг.). – Казань,
2011.
І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
24
1301 жылдың көктемінде жасаған жорығы нәтижесіз аяқталды. Бұдан
соң ол дипломатиялық келіссөздерге көшіп
Хулагуидтердің астана сы Те-
бризге елшілер жіберіп, кезінде Шыңғыс хан Жошыға және оның ұр пақ-
тарына қалдырған түстік Капказдан, Газан ханның бас тартуын талап етеді.
Тоқта мәмлүктік Мысырмен
әскери одақ құруға дәмеленеді, бірақ оның
билеушілерінің Хулагуидтермен соғысуға қаражаты да, қалауы да жоқ еді.
Достарыңызбен бөлісу: