болмайды, барған көрінеді, баруы тиіс,
т.б.) толық қамтылмағанмен,
ғалым күрделі етістік ұғымын кең мəнде қарастырған. Сонымен
қатар етістіктің аналитикалық формасын күрделі етістіктерден
ажыратудың мынадай басты қиындықтары мен айырмашылықтарын
атап көрсетеді: 1) сыртқы формаларында ешқандай дыбыстық я
92
басқа айырмашылықтың болмауы; 2) өзара түрлес, формалас келуі.
Ал басты айырмашылықтары: 1) ішкі мазмұнында, ондағы компо-
ненттердің арақатынасына байланысты; 2) қосымша грамматикалық
семантика жамауы.
Етістіктің аналитикалық формалары туралы С. Исаевтың пікірін
сараласақ, ғалым «етістіктің аналитикалық форманты деген термин
жалпы кең мағынада емес, етістіктің ерекше бір түрі, категориялық
сипаты бар түрі деген ұғымды бере алмайтын сияқты. Ол етістіктің
ерекше грамматикалық формалары сияқты шеңберде қалып қояды,
ал бұлардың (етістіктің аналитикалық форманттары деп аталатын
түрінің) категориялық сипаты, жүйелік қасиеті, өз ішінен бірнеше
жəне əртүрлі грамматикалық категорияларға бөліну мүмкіндігі
зерттеушілердің еңбектерінде анық көрсетілгенін» негізге ала оты-
рып, етістік құрамындағы мұндай тілдік единицаны күрделі етістік
деген атаумен атауды жөн көреді. Бірақ ғалым негізгі етістік пен
көмекші етістіктің тіркесі жəне етістіктің белгілі грамматикалық
категориясының көрсеткіші бола алатын тұлғаларды ғана күрделі
етістік қатарына жатқызады. Сондай-ақ негізгі етістіктің көсемше,
есімше, шақ, рай тұлғаларында болып, көмекші етістіктің етістіктің
таза грамматикалық категорияларының бірінде қолданылып, негізгі
етістікке əртүрлі грамматикалық мағына үстеуіне баса мəн береді.
Қазақ тіл білімінде күрделі етістік ұғымынан етістіктің
аналитикалық формасы ұғымын бөліп, арнайы зерттеу нысанына
алған – ғалым Н. Оралбай. Ғалым аталған мəселеге байланысты
өзіне дейін жəне сол кезеңде жазылған орыс, түркі жəне қазақ тіл
біліміндегі еңбектерге шолу жасап, ондағы ғылыми пікірлерді тал-
дай отырып, соның негізінде етістіктің аналитикалық формалары
мен аналитикалық формант мəселесі туралы бірқатар тұжырымдар
жасайды. Соның ішінде «қазақ тіл білімінде күрделі етістік, көмекші
етістік, етістіктің грамматикалық категорияларымен байланысты өте
үлкен жұмыс істелді, олардың сөздің аналитикалық формасын зерт-
теуге қосатын үлесі мол», «ол еңбектерде аналитикалық формаға
жататын тіл фактілері күрделі етістіктер тұрғысынан қаралғанымен,
тілдегі аналитикалық формалардың мағыналары, кейбіреулерінің
грамматикалық категорияларда атқаратын қызметі ашып берілген»
деген тұжырымдары етістіктің аналитикалық формаларының дербес
тілдік ұғым ретінде танылып, бұл ұғымның тілдің морфологиялық
жүйесінде қалыптасуына жол ашты. Зерттеуші «етістіктің грам-
матикалық категориясының аналитикалық формантын қабыл
дап,
93
сол грамматикалық категорияның мағынасын білдіретін сөздерді
аналитикалық формалы етістіктер» деп атап, аналитикалық
формалардың етістіктің грамматикалық категорияларының форма-
лары екендігін, олардың синтетикалық формалармен өзара шарт-
тас, тектес келіп, ұштасып жататындығын жəне сөйлеу үдерісінде
жасалатындығын көрсетеді. Мысалы:
оқығысы келеді, оқи алады
– модальдылық категориясының аналитикалық формасы;
оқып еді,
оқып отыр
– шақ категорияларының аналитикалық формасы.
Етістіктің аналитикалық формалары – мағынасы мен қызметі
жағынан ерекше құрылымды морфологиялық категория. Жоғары-
дағы пікірлерді сараласақ, олардың басым көпшілігінде етістіктің
аналитикалық формасы ұғымының күрделі етістік ұғымының ая-
сында қарастырылғаны айқын көрінеді. Ғалымдардың мұндай
ортақ тұжырым жасауының негізгі себебі: аталған ұғымдардың
ұқсастықтары. Бірақ сол ұқсастықтармен қатар олардың өзіндік
айырмашылықтары да бар. Етістіктің аналитикалық формаларының
күрделі етістіктермен құрылымдық жəне синтаксистік жағынан
ұқсастықтары: 1) етістіктің аналитикалық формасының да, күрделі
етістіктердің де сыңарлары етістіктерден құралып, екеуінің
де алдыңғы сыңары көбінесе етістіктің көсемше формасында
қолданылады; 2) етістіктің аналитикалық формаларының да, күрделі
етістіктердің де сөйлемде атқаратын қызметі бірдей (баяндауыш);
3) еке уі де сөйлемнің басқа мүшелерімен тұтас күйінде, бір бүтін
единица ретінде грамматикалық тұрғыдан байланысады.
Ал бұл ұғымдардың бір-бірінен айырым белгілері: 1) күрделі
етістіктер толық, тең мағыналы етістіктердің тіркесінен жасалса,
етістіктің аналитикалық формасы тең емес сыңарлардың (негізгі
етістік пен көмекші етістік) тіркесінен жасалады; 2) күрделі етістіктің
біртұтас лексикалық мағынасына оның екі сыңары бірдей қатысты
болса, етістіктің аналитикалық формасының лексикалық мағынасына
оның құрамындағы алдыңғы сыңар ғана қатысты болады; 3) күрделі
етістік біртұтас сөз ретінде бір бүтін лексикалық мағынаны білдірсе,
етістіктің аналитикалық формасы басқа бір сөздерге қатысты бо-
лып, лексикалық мағынадан басқа грамматикалық мағыналар мен
қатынастарды білдіру қызметінде жұмсалады; 4) күрделі етістік
бұрыннан тіркесіп, даяр тұрған единица ретінде сөз тіркесі немесе
сөйлем құрамына енеді; ал етістіктің аналитикалық формасы сөйлеу
үдерісінде даяр аналитикалық форманттар арқылы жасалады; 5) күр-
делі етістіктер ауыспалы сыңар – байланыстырушы элемент – тірек
94
сыңардан тұрса, етістіктің аналитикалық формасы негізгі етістік –
байланыстырушы элемент – көмекші етістіктен тұрады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |