Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



жүктеу 457,37 Kb.
Pdf просмотр
бет40/77
Дата11.06.2022
өлшемі457,37 Kb.
#38900
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   77
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

лексикалық, морфологиялық
жəне 
синтаксистік
болып бөлінеді. 
Лексикалық аналитикалық құрылым 
сөзжасамдық мағыналарды ажы-
ратып көрсетеді: 
кішкене көл
– 
көлшік

жұмысшы адам – жұмысшы. 
Синтаксистік аналитикалық құрылым сөйлемнің жеке мүшелерін 
ажыратады: 
суы мол (жер) – сулы, досы жоқ (адам) – доссыз,
т.б. 
Ал 
морфологиялық аналитикалық құрылымдар 
арқылы біртұтас сөз 
формалары жасалады: 
бара сал, бара бер, бара жатыр,
т.б.


89
Сөздің аналитикалық формасының құрамына енетін атауыш сөз 
өзінің грамматикалық қызметі жағынан түбір морфемаға, көмекші 
сөз сөз түрлендіруші əртүрлі көмекші морфемаларға барабар қызмет 
атқаруымен ерекшеленеді. Мысалы: 
келе жатыр, айта сал, барса 
екен, 
т.б. құрылымдардағы кел, айт, бар етістіктері дербес лексикалық 
мағыналарын сақтаса, 
жатыр, сал, екен
етістіктері өздерінің лек си-
калық мағынасынан айрылып, негізгі етістікке қосымша грам-
матикалық мағына үстейтін форма ретінде қолданылған. Нəтиже-
сінде етістіктің аналитикалық формасы жасалған.
Бұл ұғым қазақ тіл білімінде түрліше сипатталады. Мəселен, 
К. Аханов «Аналитикалық форма сөздің синтетикалық форма-
ларымен қатарласа, жарыса жүріп, белгілі бір грамматикалық 
категорияның категориялық формаларының қатарына енеді» десе, 
Н. Оралбай «Түркі тілдері үшін аналитикалық форма деген терминді 
дұрыс деп табамыз. Бұл тілдердің жалғамалылық қасиеті сөздің 
аналитикалық формасына да қатысты. Бұл тілдерде де дербес сөздің 
соңынан жалғанған қосымша мен көмекші сөздің көрші қолданылуы 
ол екеуінің морфологиялық бір единицаға айналуын жеңілдетеді» 
деген тұжырым айтады. 
Сөздің аналитикалық формасы аналитикалық форманттар арқы-
лы жасалады. Бұл ұғым сөздің дыбыстық құрамынан тыс тұратын 
болғандықтан, оны қосымшалардан ажырату үшін аналитикалық 
формант деп атайды. Мысалы, 
барса екен, айтса екен, жазып ал, 
айта бер, айтып қойды,
т.б. 
-са екен, -ып ал, -а бер, -ып қойды
– 
негізгі сөзбен тіркесіп, аналитикалық форма жасаушы тұтас бір 
единица немесе форманттар. Қазақ тілінде аналитикалық формант 
етістікке түбір сөзден кейін тіркесіп, оған грамматикалық мағына 
үстейді. Аналитикалық формант арқылы жасалған аналитикалық 
формалы сөздер белгілі бір грамматикалық категорияның формасы 
ретінде танылады. 
Сонымен, аналитикалық форма – сөз формасының белгілі бір 
түрі болса, аналитикалық формант – сол форманың жасалуына 
негіз болатын күрделі морфологиялық құрылым. Сөздің аналитика-
лық формасы мынадай белгілері арқылы айқындалады: 1) белгілі 
бір грамматикалық категория жүйесіне, парадигмасына енуі; 
2) лек 
сикалық мағынамен қатар грамматикалық мағына білдіруі;
3) аналитикалық форманттар арқылы жасалуы. Сөздің аналитикалық 
формасын жасауда аналитикалық форманттар синтетикалық 
формаларға қарама-қарсы қойылады. Ол қарама-қарсылық, егер


90
синтетикалық формалы сөздерде грамматикалық мағына қосымша-
лар арқылы берілсе, аналитикалық формалы сөздерде көмекші 
морфема мен көмекші сөздің тіркесімі арқылы, яғни аналитикалық 
форманттар арқылы беріледі. Тіл антиномияларының бір-біріне 
қарама-қарсы бола тұра, бірін-бірі жоққа шығармауы, керісінше, 
бірін-бірі толықтыруы тілдегі аналитизм жəне синтетизм 
құбылыстарының арақатынасынан да айқын көрінеді. 
Етістіктердің аналитикалық формаларын түркі тілдерінде алғаш 
рет А. Юлдашев өзінің «Түркі тілдеріндегі етістіктің аналитикалық 
формасы» еңбегінде қарастырып, аналитикалық формалардың 
жалпы теориялық мəселелері мен грамматикалық категорияларға 
қатысын саралап, етістіктің елуден астам аналитикалық формантта-
рын бөліп көрсетеді. Бұл еңбек түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ 
тіл біліміне жаңа бағыт əкеліп, сөздің аналитикалық формасының 
жалғамалы тілдерде де зерттелуіне жол ашты. 
Қазақ тіл білімінде бұл мəселе алғаш Қ. Жұбановтың 1936 жылы 
жарияланған «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах» 
деген мақаласында қарастырылады. Ғалым «құрылысында синте-
тизм белгілері сақталған жалғамалы тіл бола тұра, қазақ тілінің де 
етістіктердің категорияларын шатастыратын морфологиялық даму 
кезеңінен өтіп жатқандығына» назар аударып, қазақ тіліндегі 

жүктеу 457,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау