Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



жүктеу 457,37 Kb.
Pdf просмотр
бет45/77
Дата11.06.2022
өлшемі457,37 Kb.
#38900
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

жаңа айтты, əдейі 
келді, бері жүр
дегендердегі үстеулер етістіктер арқылы бейнеленіп 
тұрған қимылдың əртүрлі белгісін, атап айтқанда, мезгілін, 
мақсатын, мекенін, яғни қимылдың белгісінің белгісін білдірсе, 
аса 
қымбат, кілең семіз 
дегендердегі 
тым, аса, кілең
сөздері заттың 
сындық белгісінің белгісін білдіреді. Соңғы тіркестердегі аса, тым 
сөздері үстеулер қатарында қарастырылған. Ғалым А. Ысқақов 
«заттың сынын, қимылдың өзін немесе түрлі мөлшерін, көлемін я аса 
күшейтіп, я аса солғындатып» көрсететін мұндай сөздерді күшейту 
(я ұлғайту) үстеулері десе, Н. Оралбай «сындық белгі мағынасының 
өте жоғары екенін білдіретін» мұндай тілдік бірліктерді (
өте, тым, 
ең
) күшейткіш көмекшілер деп атайды. 
Қимылдың не сынның белгісін білдіру сипатына қарай үстеулерді 
пысықтауыш үстеулер жəне анықтауыш үстеулер деп бөлу де 
кездеседі. Пысықтауыш үстеулерге етістікке байланысты қимылдың, 
іс-əрекет, амалдың белгісін білдіретін (
амалсыздан, жорта, əдейі, 
т.б.) үстеулер, анықтауыш үстеулерге əртүрлі заттық сынның белгісін 
білдіретін (
тым, аса, кілең
) үстеулер жатқызылады. Үстеулерді 
бұлайша топтастыруда олардың мағыналары мен қызметі негізге 
алынады. Қазіргі тіл жүйесінде үстеулер, негізінен, қимыл мен сын-


99
ның жалпылама белгісін білдіретіндіктен, заттық мағынада қол-
данылмайды. Зат пен қимылдың белгісін білдіретін жəне зат тан ған 
түрде қолданыла алатын заттық сындар мен қимылдық белгілерден 
үстеулер осы сипатымен ерекшеленеді. Үстеулердің кей жағдайда 
белгілі бір контексте өз қасиетінен алшақтап қолданылуы олардың 
негізгі басты белгісі болып танылмайды. Сонымен, үстеулердің 
лексика-семантикалық сипаты заттың қимылы мен заттың сынының 
əр алуан белгісін, яғни белгінің белгісін білдіруімен, сондай-ақ 
мағыналық абстракциялану нəтижесінде нақтылықтан қол үзуімен, 
нəтижесінде басқа сөз таптарымен омонимдес сипатта болуымен 
анықталады. Сондықтан үстеулер заттың қимылы мен сындық 
белгісін осы аталған сөз таптары арқылы берілетін белгілердің 
белгісі түрінде ғана білдіруімен ерекшеленеді. Үстеу сөздер құ-
рамындағы əртүрлі сөздердің жалпы категориялық мағынаға ие бо-
луы нəтижесінде дербес сөз табы ретінде қалыптасқан. Үстеу өзінің 
семантикалық сипаты, сөзжасамы, грамматикалық қызметі жағынан 
да басқа сөз таптарынан ерекшеленеді. 
Ғалым А. Байтұрсынов «сын есім, сан есім, есімдік, етістік 
сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді үстеу» деп 
атаса, Қ. Жұбанов мағынасы істің мезгілін не мекенін көрсететін; 
морфологиялық белгісі - 
-қы/-кі, -ғы/-гі 
үстеуін (жұрнағын) ертетін: 
кешегі, бұрынғы;
синтаксистік белгісі – анықталушысына жалғаусыз 
жетектеле тұрып, орны еркін болатын сөздерді мезгіл-мекен есімі 
деп анықтап, «үстеу» сөзінің орнына «мезгіл-мекен есімі» деген 
атауды ұсынады. 
Үстеулердің мағыналық сипаты олардың негізгі морфологиялық 
ерекшеліктері жəне сөз түрлендіретін релятивтік тұлғаларының 
болмауымен байланысты анықталады. Сөз түрлендіретін арнайы 
жұрнақтарының болмауы үстеулердің басқа сөз таптарынан белгілі 
бір грамматикалық формалар арқылы туынды сөздер ретінде 
ауысып келуімен де түсіндіріледі. Мысалы, 
қайта, жағалай, 
ретімен, жөнімен, амалсыздан, тікелей,
т.б. Туынды үстеулер 
құрамындағы мұндай грамматикалық формалар өзінің бастапқы 
қалпындағы түрлену, басқа қосымшаларды қабылдау қасиетінен 
айрылып, нəтижесінде форма жағынан өзгермейтін, тұлғалық 
өзгеріске түспейтін сөздер қатарына ауысады. Осыған орай үстеулер 
қатарындағы сөздерді морфологиялық ерекшеліктеріне қарай зат 
есімдерден (

жүктеу 457,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау