Алматы - Алматы- аялы,
- Аясы саялы.
- Ақ пейіл адамға
- Құшағын жаяды,
- Ол - әсем
- Баршаға
- Белгілі бағасы
- Жастықтың қаласы,
- Достықтың қаласы.
- Сабақтың лексикалық тақырыбы: Алматы қаласы.
- Грамматикалық тақырыбы: Зат есім. Септіктер.
- Сабақтың мақсаты:
- 1.Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды байланыстыра өту,зат есім және септіктер туралы мағлұматтарды еске түсіру
Бөлімдер - Оқулық пен теория
- Практикалық
- Тапқырлық
“Оқулық пен теория ” - Сөздік жұмысы
- алаң – площадь қойылым - постановка
- қонақүй- гостиница сүйікті - любимый
- азық-түлік – продукты жасау - делать
- ескерткіш – памятник сату - продавать
- саябақ – парк мұражай - музей
- сауда-торговля
- өнім – продукция
- сөз тіркестерін құрып,зат есімдерді табыңдар.
Зат есім - Зат есім дегеніміз не?
- Қандай сұрақтарға жауап береді?
- Зат есім құрылымы жағынан қандай болады?
- Зат есімнің мағыналық түрлері
- Зат есімнің түрленуі
- Зат есімнің септелуі
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып,мазмұнын айтып беріңдер.Атау септігінде тұрған зат есімдерді атаңдар - Алматы қаласы
- Алматы – Қазақстандағы сұлу, әсем қала. Алматыда Ұлттық Ғылым академиясы,университеттер, институттар,колледждер, гимназиялар, мектептер, балабақшалар,театрлар , кинотеатрлар бар.
- Қалада көп қабатты үйлер, мұражайлар , мәдениет сарайлары , әмбебап дүкендер көп. Қаланың көшелері түзу және кең. Көшелерде машиналар, автобустар,трамвайлар, троллейбустар жүріп жатыр.
-
Оқулықпен жұмыс - 59-бет , 1-тапсырма - диалогты толықтыру
- 60-бет, 3-ші тапсырма - 2 топқа бөлу
- Үлгі: кім? не?
- халық көше
- Халық , көше , адам , аудан , ескерткіш , өнім , тұрғын , азық-түлік , үй , даңғыл , қойылым , әріптестер
- Ережені оқы. Есіңе сақта!
Ереже - Заттың атын білдеретін сөзді зат есім дейміз . Зат есім кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді
- Кім? кімдер? сұрақтары адамға, мамандық атауларына қойылады . Мысалы: ата, ана, Мұрат, оқушылар, дәрігер.
- Басқа сөздердің (жанды, жансыз) барлығына не? нелер? сұрақтары қойылады. Мысалы: сиыр, ит, торғай, кітап, Астана, қалалар
Практикалық бөлім - 1.Мына сөздерді септе: қала , көше ,мұражай (ауызша)
- 2.Сөз құрамына талда(жазбаша) : қалаларды, әншімін , көшесі
- 1-ші қатар -тәуелдеу (ауызша): қала
- 2-ші қатар –жіктеу(ауызша) : әнші
Терме диктант Сөздердің ішінен зат есімдерді теріп жазыңдар. - Қалам, ағаш, қызыл, жүгірді, әдемі, мұғалім, сызғыш, терезе, он бес, алыс, дәрігер, ата, компьютер, сіңлі , орындық , бор, аспазшы, ит, тоқылдақ.
- Сөздердің ішінен зат есімдерді теріп жазыңдар.
- Морфологиялық талдау :орындық ,аспазшы
“Тапқырлық“ бекеті - «Жаңа сөз» ойыны.
- Барысы: суреттерде берілген заттардың аттарын жазыңдар , сосын ол сөздердің кез-келген бір жерінен бір әріптен алып тастап отырып , жаңа сөздер шығарыңдар, тексеріңдер. Берілген сөздерден зат есімдер шығуы керек.
- Бақша,бас,қасық,ожау,ботқа,шешен,бет,май,
- тас,бөрік,қазы,саябақ,моншақ ,бала,қалам
«Қатебекке көмек» - Мақсаты: Қатебектің зат есімдерге қосқан қосымшалары дұрыс па ? Егер келіспесеңдер қатесін түзеп , дәлелдеңдер .
- Мұражайді ,көшеның , оқушымын , үйлердың
Кім жылдам ? - Берілген сөздердің ішінде қай сөз кім? кімдер? сұрақтарына жауап береді,
- қай сөз не? нелер? сұрақтарына жауап береді ?
- Керекті сөздер: дәрігер, әжелер, кәмпит, доп ,қаламдар, тас, оқушы, Айдос, Алматы, жапырақ
Қорытынды - Зат есім дегеніміз не?
- Қандай сұрақтарға жауап береді?
- Зат есімнің мағыналық түрлері
- Зат есімнің түрленуі
- Алматы туралы не білдік ?
- 60 беттегі 4-тапсырма (түсіндіріп өту)
- 2-тапсырманың мазмұнын айту
- Жаңа сөздерді жаттау
Достарыңызбен бөлісу: |