Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет56/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   116

164 
 
9.3. - сурет «Сақина» 
 
Жіберетін компьютер маркерді өзгертеді, берілгендерге электрондық 
адресті  салады  жəне  оларды  сақина  бойымен  жібереді.  Берілгендерде 
көрсетілген  қай  адрес  қабылданушының  адресімен  сəйкес  келгенше, 
берілгендер  əр  компьютер  арқылы  өтеді.  Бұдан  кейін,  қабылдаушы 
компьютер  жіберетін  компьютерге  берілгендерді  қабылдау  фактісін 
растайтын  хабарлама  жібереді.  Растауды  алғаннан  кейін,  жіберетін 
компьютер жаңа маркер құрады да, оны желіге қайтарады. 
Маркер  іс  жүзінд,е  жарықтың  жылдамдығына  сəйкес  қозғалады: 
диаметрі 200 м-ге жуық сақинада маркер жиілігі 10 000 айн/с-пен айнала 
алады. 
Аралас  топологиялар.  Қазіргі  кезде  «шиналар»,   «жұлдыз»  жəне 
«сақина»  принциптерімен  желілердің  жабдықтарын  біріктіретін 
топологиялар жиі қолданылады. 
«Жұлдыз»  -  «шина»  (star-bus)  –  бұл  «жұлдыз»  -  «шина» 
топологияларының   комбинациясы.   Көбінесе,   бұл   мынадай  болады: 
«жұлдыз» топологиясындағы бірнеше желілер магистральдық сызықтық 
«шина» көмегімен бірлеседі. 
Бұл  жағдайда,  бір  компьютердің  қатардан  шығуы  желіге  ешқандай 
əсер  етпейді жəне басқа компьютерлер  бұрынғыдай бір –  бірімен өзара 
əрекеттеседі. 
Концентратордың 
істен 
шығуы 
оған 
қосылған 
компьютерлер мен концентраторлардың тоқтауына əкеліп соғады. 
«Жұлдыз»  -  «сақина»  (star  —  ring)  «жұлдыз»  бен  «шинаға»  аздап 
ұқсайды.      Бұл      топологиялардың      əрқайсысында     компьютерлер 
«сақинаны»  немесе  «шианы»  қалыптастыратын  концентраторға 
қосылған.  Бұл  желінің  айырмашылығы  -  «жұлдыз»  да,  «шина»  да 
концентарторлар   магистарльды   сызықты   шинамен   байланысқан, ал 
«жұлдыз»  бен  «сақинада»  олар  басты  концентратордың  негізінде  
жұлдыз бейнесін құрады. 


165 
 
9.1.4. 
Коммуникацияның техникалық құралдары 
Кабельдер  (экрандалған  жəне  экрандалмаған  өрілген  жұп, 
коксиалды,  оптикалық  -  талшықтық  кабельдер),  коннекторлар  жəне 
терминаторлар, 
желілік 
адаптерлер, 
қайталаушылар, 
тармақтауыштар,  көпірлер,  маршрутизаторлар,  шлюздер,  модемдер 
коммуникацияның  техникалық  құралдары  болып  табылады.  Олар 
біркелкі  емес  жүйеде  əр  түрлі  хаттамалар  мен  топологияларды 
қолдануға мүмкіндік береді. 
Ақпаратпен  алмасуға  арналған  физикалық  орта  ретінде,  əдетте, 
коксиальды кабель жəне экрандалмаған өрілген жұп қолданылады. 
Желілік  адаптерді  коксиальды  кабельге  қосу  арнайы  көпқабатты 
орама  кабельдің  көмегімен  арнайы  құрылғы  –  трасивер  арқылы 
орындалады. Желінің сегменттерінің екі ұшына кабельдің толқынды 
қарсылығын  реттейтін,  терминаторлар  деп  аталатын  жабдықтар 
орнатылады. Терминатордың  біреуі  міндетті  түрде  жерге  қосылады. 
Өрілген жұп – бұл өзара бұралған оқшауланған екі сым. 
Қайталаушылар  -  берілгендерді  жіберу  ортасында  олардың 
таралу  қашықтықтарын  кеңейту  мақсатында,  сигналдарды  күшейту 
жолымен,  əлсіреуді  тежейтін  құрылғы.  Олар  сигналдарды  қайта 
түрлендіруге  мүмкіндік  береді,  мысалы,  бір  жіберу  ортасынан 
екіншіге  өткен  кезде,  коксиальды  жəне  оптикалық  –  талшықты 
кабельдерді қосу арқылы. 
Тармақтауыш  –  екі  кабель  сегментін  қосуға  арналған  пассивті 
құрылғы. 
Көпірлер  мен  маршрутизаторлар  желі  сегменттерін  қосуға 
арналған  құрылғылар.  Маршрутизаторлар  пакетті  жіберу  үшін, 
оңтайлы  жолды  таңдау  мақсатында,  өзара  топология,  желінің  күйі, 
каналдардың  жұмысқа  қабілеттілігі  жəне  түйіндерге  қолжетімділік 
туралы  ақпаратпен  бөліседі.  Абоненттік  жүйенің  адресі  бойынша 
пакетті 
қабылдайтын 
бағыт 
таңдаудың 
мұндай 
 
үрдісі 
маршрутизация деп аталады. 
Маршрутизаторлардың артықшылығының ішінен бағытты таңдау 
мүмкіндігін,  ұзын  хабарламаларды  бірнеше  қысқа  түрге  бөлу  жəне 
оларды  жіберу  үшін,  балама  жолдарды  қолдануын  атап  айтуға 
болады. 
Шлюздер  –  желілік  сегменттерді  жəне  компьютерлік  желілерді 
орталық  ЭЕМ-ға  қосу  құрылғылары.  Осы  жүйелердің  арасынан 
өтетін  берілгендердің  ағымын  жіберу  үшін,  əр  түрлі  архитектуралы 
екі  жүйені  біріктірген  жағдайда  шлюздерді  қолдану  қажеттілігі 
туындайды. 
9.1.5. 
Желіде жұмысты ұйымдастыру 
Желінің  жұмысы  бір  компьютерден  екінші  компьютерге 
берілгендерді жіберуден тұрады. Бұл үрдісте, бірнеше бөлек міндеттерді 
бөліп қарауға болады: 


166 
 
• 
берілгендерді тану; 
• 
берілгендерді басқару блоктарына бөлу; 
• 
берілгендердің  орындарын  жəне  қабылдаушыны  көрсету  үшін  əр 
блокқа ақпарат қосу; 
• 
синхронизациялау ақпаратын жəне қателерді тексеру үшін ақпарат 
қосу; 
• 
желіге  берілгендерді  жіберу  жəне  оларды  тиісті  адресатқа 
жөнелту. 
Барлық тапсырмаларды орындау кезінде, желілік операциялық жүйе 
хаттама  деп  аталатын  процедуралардың  қатаң  жиынтығына  бағынады. 
Хаттамалар əрбір желілік операцияны реттейді. Стандартты хаттамалар 
əр  түрлі  өндірушілердің  бағдарламалық  жəне  аппараттық  қамтамасыз 
етуін қалыпты түрде өзара əрекеттесуіне мүмкіндік береді. 
1978 жылы ISO (International Standards Organization)  ұйымы біркелкі 
емес 
құрылғылары 
бар 
желі 
архитектурасын 
сипаттайтын 
спецификациялар  жиынтығын  шығарды.  1984  жылы  ISO  ашық 
жүйелердің  өзара  əрекеттесуінің  өзінің  (OSI  —  Open  System 
Interconnection  reference  model)  эталондық  моделі  деп  аталған  жаңа 
нұсқасын  шығарды.  Бұл  нұсқа  халықаралық  стандарт  болып  саналады. 
Өндірушілер  желілік  өнімдерді  құрастыруда,  осы  спецификацияны 
қолданады,  сонымен  қатар,  желілер  құрғанда,  сол  спецификацияны 
басшылыққа алады. 
OSI  моделі  –  желілік  ортаны  сипаттаудың  кең  таралған  əдісі.  Көп 
деңгейлі  жүйе  түрінде  байланыс  сеансын  жүзеге  асыруда,  ол 
бағдарламалық  жəне  аппараттық  қамтамасыз  етудің  өзара  əрекеттесуін 
көрсетеді, сонымен қатар, əр түрлі мəселелерді шешуге көмектеседі. 
OSI  моделінде  желілік  функциялар  жеті  деңгей  арсында  бөлінген  
(9.4  -  сурет).  Әр  деңгейге  түрлі  желілік  операциялар,  жабдықтар  жəне 
хаттамалар сəйкес келеді. 
 
 
 
9.4 – сурет. OSI моделінің жеті деңгейі жəне хаттамалар типтері 
 
 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау