167
Әр деңгейде көрші деңгейлердің – жоғарыда орналасқан жəне
төменде орналасқан функцияларымен өзара əрекеттесетін белгілі бір
желілік функциялар орындалады. Мысалы, транспорттық деңгей тек
сеанстық жəне желілік деңгейлермен ғана өзара əрекеттесуге тиісті.
Төменгі деңгейлер (1- жəне 2-ші) берілгендерді жіберудің
физикалық ортасын жəне бірге орындалатын тапсырмаларды
анықтайды. Ең жоғарғы деңгейлер қосымшалардың байланыс
қызметтеріне
қолжетімділікті
жүзеге
асыратын
тəсілдерді
айқындайды. Деңгей неғұрлым жоғары болған сайын, ол соғұрлым
күрделі тапсырма орындайды.
Берілгендер желіге берілмес бұрын, пакеттерге бөлінеді. Пакет
(packet) — бұл желі ішіндегі құрылғыларының арасында біртұтас
ретінде берілетін ақпарат бірлігі. Пакет бағдарламалық камтамасыз
етудің барлық деңгейлерінен рет - ретімен өтеді. Әр деңгейде
пакетке берілгендерді желі бойынша сəтті жіберуге қажетті қандай
да бір форматталған немесе адрестік ақпарат қосылады.
Қабылдаушы жақта пакет кері ретпен барлық деңгейлерден өтеді.
Әр деңгейдегі бағдарламалық қамтамасыз ету пакеттің ақпаратын
оқиды, одан кейін, жіберуші жақтың осы деңгейдегі пакетке қосқан
ақпаратын жояды жəне пакетті келесі деңгейге жібереді. Пакет
қолданбалы деңгейге жеткенде, барлық адрестік ақпарат жойылады
жəне берілгендер өзінің бастапқы қалпына келеді.
Осылайша, желілік модельдің ең төменгі деңгейін есептемегенде,
ешқандай деңгей басқа компьютердің сəйкес деңгейіне ақпаратты
тікелей жібере алмайды Жіберуші – компьютердің ақпараты барлық
деңгейлерден өту керек. Содан кейін, ол желілік кабельмен
қабылдаушы – компьютеріне жіберіледі жəне қайтадан, жіберуші –
компьютеріне жіберілген деңгейге жеткенге дейін барлық қабаттар
арасынан өтеді. Мысалы, егер, желілік деңгей ақпаратты А
компьютерінен жіберсе, ол каналдық жəне физикалық деңгейлер
арқылы желілік кабельге түседі, одан соң ол арқылы В компьютеріне
жетіп, онда физикалық жəне каналдық деңгейлер арқылы көтеріледі
де желілік деңгейге жетеді.
Клиент – серверлік ортада А компьютерінің желілік деңгейінен В
компьютерінің желілік деңгейіне жіберілген ақпарат мысалына адрес
жəне пакетке қосылған қателерді бақылау ақпараты қызмет ете
алады.
Деңгейлер бір – бірінен шекаралармен - интерфейстермен
бөлінеді. Олар арқылы аралас деңгейлердің өзара əрекеттесуі жүзеге
асырылады. Интерфейс төменгі деңгей жоғары деңгейге ұсынатын
қызметтерді жəне оларға қолжетімділік тəсілін анықтайды.
Сондықтан, бір компьютердің əрбір деңгейіне басқа компьютердің
дəл сондай деңгейімен тікелей өзара əрекеттесетін «болып көрінеді».
168
9.1.6.
Желілік хаттамалар
Хаттамалар (protocols)- бұл ережелер мен процедуралардың
жиынтығы. Компьютерлік ортада хаттамалар – бұл бірнеше
компьютерлер желіге біріктірілген жағдайда бір – бірімен
«қатынасуға» мүмкіндік беретін ережелер мен техникалық үрдістер.
Жіберуші - компьютер хаттамаға сəйкес төмендегідей іс –
əрекеттерді орындайды:
• хаттама жұмыс істей алатын - пакеттер деп аталатын
берілгендерді шағын блоктарға бөледі;
• қабылдаушы – компьютер бұл берілгендердің тек өзіне
екендігін анықтап алуы үшін, пакеттерге адрестік ақпаратты қосады;
• желілік адаптердің тақшасы жəне əрі қарай желілік кабель
арқылы берілгендерді жіберуге дайындайды.
Хаттамаға сəйкес қабылдаушы – компьютер де сол əрекеттерді
орындайды, бірақ, керісінше ретпен:
• желілік кабельден берілгендердің пакеттерін қабылдайды;
• желілік адаптер тақшасы арқылы компьютерге пакеттерді
жібереді;
• жіберуші – компьютер қосқан барлық қызметтік ақпаратты
пакеттен өшіреді;
• берілгендерді бастапқы блогына олардың бірігуі үшін, буферге
пакеттерден берілгендерді көшіреді;
• берілгендердің бұл блогын қосымшаға, ол қолданатын
форматта жібереді;
Желі арқылы келген берілгендер жіберілгендермен сəйкес келуі
үшін, жіберуші – компьютерге де, қабылдаушы – компьютерге де əр
іс – əрекетін бірдей тəсілмен орындау қажет. Егер, мысалы, екі
хаттама берілгендерді пакеттерге əр түрлі бөлсе жəне пакеттердің
реттілігі, синхронизация, қателерді тексеру туралы ақпаратты қосса,
онда бұл хаттамалардың бірін қолданатын компьютер басқа хаттама
жұмыс істеп жатқан компьютермен сəтті байланыса алмайды.
Бір жергілікті желіден басқасына мүмкін болатын бағыттар
арқылы бір – бірден жіберілетін берілгендер – маршрутизацияланған
деп аталады. Желілер арасында бірнеше бағытпен берілгендерді
жіберуді қолдайтын хаттамалар маршрутизацияланатын (routable)
хаттамалар деп аталады. Маршрутизацияланатын хаттамалар
бірнеше жергілікті желілерді ауқымды желіге біріктіру үшін
қолданыла алады.
Желіде бір уақытта жұмыс істейтін бірнеше хаттамалар
берілгендермен келесі операцияларды қамтамасыз етеді: дайындау,
жіберу, қабылдау жəне одан кейінгі іс – əрекеттер. Түрлі
хаттамалардың
жұмысы
шиеленістерді
немесе
бітпеген
операцияларды болдырмайтындай үйлестірілуі керек. Бұған
деңгейлерге бөлудің көмегімен қол жеткізуге болады.
Хаттамалар стектері (protocol stack) – бұл хаттамалар
Достарыңызбен бөлісу: |