Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет54/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   116

158 
 

Т а р а у 
 
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР 
 
Компьютерлерді  желіге  қосу  мəселелері  ірі  фирмалардағы, 
өнеркəсіп  орындарындағы  жəне  оқу  орындарындағы  тек  тар 
шеңбердегі  мамандардың  ғана  алаңдаушылығын  туғызатын.  Бұл 
түсінікті,  себебі,  бұл  ұйымдардың  кез  келген  қызметкері 
əріптестерімен  өзара  қарым  –  қатынаста  жұмыс  жасайды.  Ендеше, 
құжаттарды,  бвғдарламаларды,  тіпті  құрылғыларды,  мысалы, 
принтерді  бірлесе  қолдану  қажеттілігі  туындайды.  Бір  принтердің 
бірнеше қолданушыға қызмет көрсетуі өте ыңғайлы. 
Желілер  болмаған  кезде,  барлық  қолданушылар  сол  құжатпен 
жұмыс  істеуі  үшін,  əрбір  құжатты  басып  шығару  керек  еді  немесе 
ақпаратты дискеталарға көшіру қажет болатын. Бір уақытта бірнеше 
қолданушымен құжаттарды өңдеу мүмкін болмайтын. 
Ең  қарапайым  желі  (network)  кабель  арқылы  немесе  сигнал 
жіберетін басқа құрал арқылы бір – бірімен байланысқан, ең кемі екі 
компьютерден 
тұрады.Бұл 
берілгендерді 
бірлесе 
қолдануға  
мүмкіндік  береді.  Барлық  желілер,  олардың    күрделілігіне 
қарамастан, дəл осы принципке негізделеді. 
Қазіргі  кезде,  бір  үйде  немесе  бір  подъезде  тұратын 
қолданушылар  тобы,  өздерінің  компьютерлерін  желілік  картамен 
жабдықтап,  жергілікті  желі  құру  туралы  шешім  қабылдау  жиі 
кездеседі. Бір – бірімен байланысудан басқа, мұндай желінің барлық 
қолданушылары  бір  ғана  модем  немесе  бөлінген  байланыс  каналы 
арқылы Интернетке қосыла алады. 
Интернет-  бұл  да  желі,  тек  ол  өте  үлкен  –  ауқымды  желі. 
Интернетке  қосылу  үшін,  желілік  карта  қажет  емес,  бірақ,  басқа 
құрылғы  –  модем  талап  етіледі  (сандық  сигналды  аналогтік  жəне 
қайтадан кері түрлендіретін құрылғы) 
Бүгінде, Интернетке WAP хаттамасы бойынша, ұялы телефонның 
көмегімен де қосылуға болады, бұл бірнеше жыл бұрын мүмкін емес 
сияқты болатын. WAP хаттамасы бойынша Интернет арқылы қарым 
– қатынас жасау уақыты қарапайым əңгімелесуден əлдеқайда қымбат 
тұрады  жəне  ұялы  телефонның  кішкентай  экраны  жұмыс  үшін 
ыңғайлы  болмайды.  Алайда,  е-mail  арқылы  маңызды  хабарлама  алу 
үшін, акциялардың ағымдық курсын немесе ауа райы болжамын білу 
үшін ұялы телефонның мүмкіндігі толығымен жеткілікті. 
Компьютерлік желілер – бұл берілгендерді жіберу каналдарымен 
өзара  байланысқан  компьютерлер  жиынтығы.  Берілгендердің 
таратылған     өңдеуін     ұйымдастыруға     арналған   бағдарламалық 


159 
 
қамтамасыз  ету  жəне  техникалық жабдықтау  бұл өзара  байланысын 
жүзеге  асыру  үшін  қажет.  Мұндай  жүйеде,  кез  келген  қосылған 
құрылғы  ақпаратты  жіберуге  немесе  қабыладауға  желіні  қолдана 
алады. 
Желіге  қосылған  компьютерлер  берілгендерді,  принтерлерді, 
факсимильды 
аппараттарды, 
модемдерді 
жəне 
басқа 
да 
құрылғыларды  бірлесіп  қолдана  алады.  Ресурстарды  бірлесіп 
қолданудың жаңа тəсілдері пайда болатындықтан, бұл тізім тұрақты 
түрде толықтырылып отырады. 
9.1. 
Компьютерлік желі туралы ұғым 
9.1.1. 
Компьютерлік желінің қажеттілігі 
Компьютерлік  желілердің  негізгі  қажеттілігі  –  ресурстарды  бірлесе 
отырып  қолдану  жəне  бір  фирма  ішіндегі,  сонымен  қатар,  одан  тыс 
жерлерде  де  интерактивті  байланысты  жүзеге  асыру.  Ресурстар  –  бұл 
берілгендер,  қосымшалар  жəне  сыртқы  дискжетек,  принтер,  тышқан, 
модем  жəне  джойстик  сияқты  қосымша  құрылғылар.  Компьютердің 
интерактивті  байланысы  туралы  ұғым  нақты  уақыт  режиміндегі 
хабарламалар алмасуды білдіреді. 
Өлшеміне қарай жергілікті, аймақтық жəне ауқымды желілер болып 
бөлінеді. 
Жергілікті  желілер  –  кейбір  шектелген  территория  аймағында 
(біренеше  метрден  бірнеше  километрге  дейінгі  аумақта)  əрекет  ететін 
желілер.  Сонымен  қатар,  бұл  желілерді  ЖЕЖ  (жергілікті  есептеу 
желілер)  LAN  (Local  Area  Network)  деп  атайды.  Әдетте,  олар  жеке 
өндіріс аймағын қамтиды жəне бір ғимараттың аумағынан шықпайды. 
Жергілікті 
желілер 
берілгендерді 
жіберудің 
жоғары 
жылдамдығымен  сипатталады.  Компьютерді  жергілікті  желіге    қосу 
үшін, əдетте, кеңейткіш тақшасы түрінде  орындалатын желілік адаптер 
қолданылады  (желілік  карта).  Мұндай  желілерде  физикалық  байланыс 
сымдары  ретінде  өрілген  жұп,  коксиалды  кабель  жəне  оптикалық  – 
талшықтық кабель қолданылады. 
Аймақтық  желілер  -  (MAN  —  Metropolitan  Area  Network)  –  10  км- 
ден  100  км-ге  дейінгі  аймақта  əрекет  ететін  желілер.  Олар  əр  түрлі 
қалалар мен облыстарды біріктіреді; сонымен қоса, əрбір аймақтық желі 
белгілі бір ауқымды желілердің бөлшегі болып табылады. 
Ауқымды  желілер  -  (WAN  —  World  Area  Network)  үлкен 
территориялардағы  абоненттердің  өте  үлкен  санының  байланысын 
қамтамасыз  етеді.  Олар  аймақтарды,  елдерді  жəне  континеттерді 
қамтитын  берілгендерді  жіберу  үшін  қолданылатын  оптикалық  – 
талшықты  магистральдар,  спутниктік  байланыс  жүйелері  жəне 
коммутаторланған  телефон  желілері.  Ауқымды  желілердің  абоненттері 
ондаған мың шақырым қашықтықтарда орналасулары мүмкін. 
Ауқымды   жəне   жергілікті   желілердің   желілер   ассоцияциясына 


160 
 
бірігуі интержеліні құрайды, оның айқын мысалы Интернет болып 
табылады. 
Интернеттің  үлкен  танымдылығы  Интранет    корпоративті 
желілерінің дамуына əсер етті. Кейде, бұл желілерді ауқымды ЖЕЖ деп 
атайды; олармен жұмыс Инетернеттің жұмысымен бірдей. 
 
9.1.2. 
Желі типтері 
Компьютерлік желілер екі типке бөлінеді: 
• 
біррангты  (peer-to-peer); 
• 
сервер негізінде (server based). 
Біррангты желіде барлық компьютерлер тең құқылы. Компьютерлер 
арасында иерархия да жəне арнайы бөлінген сервер де жоқ. 
Жергілікті  желіге  қосылған  компьютер  онда  орындалатын 
тапсырмаларға  байланысты  жұмыс  станциясы  (workstation)  немесе 
сервер (server) деп атайды. 
Жұмыс  станциясы  –  бұл  қолданушының  жеке  жұмыс  орны.  Жұмыс 
станцияларында  қарапайым  ОЖ,  мысалы,  Windows  орнатылады. 
Сонымен қоса, жұмыс станцияларында желілік ОЖ-дің клиенттік бөлігі 
орнатылады.  Файл  –  сервердің  ресурстары  барлық  қолданушылар 
арасында 
тең 
бөлінгенмен, 
жұмыс 
станциясының 
барлық 
ресурстарының  толық  құқылы  иесі  қолданушы  болып  табылады.  Іс 
жүзінде,  жұмыс  станциясы  ретінде,  кез  келген  конфигурациядағы 
компьютер қолданылуы мүмкін. Бірақ, нəтижесінде бəрі бұл компьютер 
орындайтын қосымшаларға байланысты болады. 
Біррангті желілердің əр жұмыс станциясы бір уақытта сервер де бола 
алады.  Іс  жүзінде,  əрбір  компьютер  əрі  клиент  ретінде,  əрі  сервер 
ретінде  қызмет  атқарады.  Шағын  жергілікті  желілерде  бір  рангты 
архитектура тиімді деп есептеледі (25 компьютер шамасында). 
Бір рангты желілерде: 
• 
компьютерлерді  желіге  біріктіру  үшін,  қарапайым  кабельдік  жүйе 
қолданылады; 
• 
қолданушының жұмыс үстелдеріне орналасқан; 
• 
қолданушылар  өздері  əкімшілік  қызметкер  рөлінде  болады  жəне 
ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді. 
Егер  10...  15  қолданушы  қосылған  болса,  онда  бір  рангты  желі 
жеткілікті өнімді болмауы мүмкін. Сондықтан, желілердің көбі бөлінген 
серверлерді қолданады. 
Сервер  деп  жалпы  қолжетімділіктің  желілік  ресурстарын  басқару 
үшін,  қызмет  ететін  аппараттық  жəне  бағдарламалық  құрылғылардың 
комбинациясын атайды. Ол бірлесіп қолдану үшін, ортақ ресурстар мен 
қызметтерді ұсынып, басқа станцияларға да қызмет етеді. 
Тек  сервер  ретінде  қызмет  атқаратын  белгіленген  сервер  болады 
(клиенттің немесе жұмыс станциясының қызметін есептемегенде). Олар 
желілік клиенттерден түскен сұраныстарды тез өңдеу жəне файлдар мен 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау