338
бағдарламалық жəне техникалық платформаларға өту мүмкіндігі. Егер
клиент – сервелік екі деңгейлі жүйеде басынан бастап мəліметтер
қорына қосылуы мүмкін қолданушылар санына шектеу қойылса (əдетте,
-5-тен 25-ке дейін), онда мұнда тек бір ғана - қосымшалар сервері
мəліметтер қорының серверіне қосылуы қажет. Ендеше, бұл жағдайда,
желінің өткізу қабілеттілігі жалғыз ғана шектеу болып қалады.
Бұл модельдің басқа артықшылығы төмендегідей: жүйе құнының
үлкен бөлігін оның серверлік бөлігінің құны құрайды. Мəліметтер
қорының өнімділігі жоғары серверін жəне қосымшалар серверін сатып
ала отырып, соншалықты жоғары талаптар қойылмайтын, жұмыс
станцияларынан едəуір үнемдей аласыз. Теориялық тұрғыдан алғанда,
бұл жүйе тек қана жергілікті желілер аясында ғана емес, сонымен қатар
Интернет желісінде де қызмет атқарады. Қолданушылар жер шарының
кез келген нүктесінде болуы мүмкін жəне қолжетімділік паролін біле
отырып, кəдімгі интернет шолудың көмегімен берілгендерге қолжеткізе
алады.
Автоматтандырылған жүйелердің біршама жиі қолданылатын
архитектуралар туралы түсінік болса, сіз біршама негізделген шешім
қабылдай аласыз – сіздің өнеркəсібіңіз үшін олардың қайсысын таңдау
керек (өнеркəсіп неғұрлым үлкен жəне технологиялық үрдістің
күрделілігі неғұрлым жоғары болса, таңдалатын жүйе соғұрлым күрделі
жəне икемді болуы тиіс)
Болашақта жергілікті бағдарламалық қамтамасыз ету тарихқа кетеді,
алайда, бүгінгі күні кейбір тапсырушылар тарапынан олар əлі де
сұранысқа ие, ендеше, оның өмірі əзірге жалғасып келеді. Әдетте, оны
есептің бəрі ешбір қиындықсыз дербес компьютерде бір бухгалтермен
жүргізілетін шағын өнеркəсіптер қолданады. Алайда, шағына
өнеркəсіптердің жетекшілері де жаңашылдықты қабылдап, бухгалтерлік
есептің қарапайым бағдарламасын ғана емес, өндірістік іс – əрекетті
жоспарлау жəне талдау жүргізуге мүмкіндік беретін, тактикалық жəне
стратегиялық шешімдер қабылдауды қолдайтын өнеркəсіптің басқару
жүйесіне ие болуды қалайды.
Белгіленген файл - сервер негізіндегі желілік архитектура да өзінің
ғұмырының соңына жетіп қалды. Өз кезінде мұндай жүйелерді енгізуге
үлкен қаражат жұмсалған жəне жүйкені шаршатқаны əлі ұмытылмаған
кейбір фирмалар соны ұстанады. Олар тағы мұндай қиыншылықтарды
басынан өткізуден қашады. Егер, фирма соншалық жаңа емес
компьютерлердің тобына ие болса, ал оны ауыстыру көп қаражатты
қажет етсе, онда фирма өзінің ескі əдеттері мен үйреншікті қалпын
өзгертпейді.
Орта статистикалық ресей өнеркəсібі үшін, қазіргі кезде
бағдарламалық қамтамасыз ету өндірушілерінің көбі басшылыққа
алатын клиент - сервердің екі деңгейлі архитектурасы бəрінен жақсы
келеді. Бұл ең игерілген жəне сенімді нұсқалардың бірі.
Үш деңгейлі архитектура жер – жерде кең таралған болатын уақыт
339
əлі келген жоқ. Әдетте, бөлімшелері бір – бірінен территориялық
жағынан соншалықты алыс орналасқандықтан, бұған тармақталған
ұйымдастыру құрылымдары бар бай өнеркəсіптер ғана қолжеткізе
алады. Мұндай жүйелерді құрастырумен жəне қолдаумен əдетте,
автоматтаудың штаттық бөлімдері айналысады, олардың дұрыс жəне
қауіпсіз қызмет етуіне бүкіл жауапкершіліктерді толық мойындарына
алады.
Ақпараттық
жүйелермен
жұмыс
барысында
туындайтын сұрақтар
Қолданушылардың ең жиі қойылатын сұрақтарына мамандардың
жауабын келтіреміз.
Сұрақ 1. ААЖ-рін құрастырушы фирманы қалай таңдауға болады?
Жауап. Қазіргі уақытта кең танымал қаржылық – экономикалық
басылымдардың беттері бухгалтерлік есепті, өндірісті – шаруашылық іс
əрекетті жəне т.б. автоматтандыруға қатысты таңқаларлық жарнамалық
ақпаратқа толы. Бұл ақпараттық ағымда адасып кету, қателесу қиын
емес. Сіздің таңдауыңыздың дұрыс болуына жəрдемдесетін негізгі
қағидаттарды атап өтейік.
1.
Фирманың жасы жəне нарықтағы сəтті жұмыс тəжірибесі. Бұл
факторлар өте маңызды рөл атқарады. Нарықта фирманың жұмысы
неғұрлым табысты болса, соғұрлым жақсы. Фирманың клиенттерінің
саны да, олардың өндіріс салалары бойынша таралуы да маңызды.
2.
Фирманың
беделі.
Ол
клиенттердің,
бəсекелестердің,
серіктестердің, тəуелсіз мамандардың пікірлері негізінде қалыптасады.
Бұл ақпаратты тиісті мерзімді басылымдардан табуға немесе іріктеп
сауалнама əдісімен алуға болады.
3.
Фирманың қаржылық жағдайы. Жуық арада жоқ боп кетпейтін,
қарызға батып кетпейтінжəне банкрот болмайтын фирмалармен келісім
– шартқа отыруға болады. Фирманың əл – ауқыты мен оның шығаратын
өнімдерінің сапасымен жəне ұсынылатын қызмет түрлерімен белгілі бір
тəуелділік болады.
4.
Заманауи технологияларды қолдану. Әдетте бұл туралы
жарнамалық материалдарда жазылады. Егер ресурстық мүмкіндік болса,
онда ескі технологияларды сатып алып, үнемдеудің қажеті жоқ.
Қашанда өзіне тиімді жағын табуға болады.
5.
Үшінші фирмалардың бағдарламаларымен интеграциясы.
Аталған қағида бағдарламалардың ашықтығын жəне құрастырушы
біліктілігінің жоғары деңгейін білдіреді.
6.
Өнімді сатылғаннан кейін қолдау. Егер əр тоқсан сайын есеп
бланктерін жаңартып отырудан басқа, фирма телефон желісі арқылы
кеңестер ұйымдастырып, семинарлар өткізсе жақсы жарнама болады.
7.
Қызметкерлер штаты. Оның сандық сипатымен қатар, сапалық
Достарыңызбен бөлісу: |