323
13.10. –сурет. Paint редакторы
Палитраның сол бөлігінде ағымдық түс
көрініп тұрады.
Ағымдық түс (жоғарғы квадрат) тышқанның сол жақ батырмасымен
түстердің палитрасынан таңдап алынады, ал фон түсі (төменгі квадрат)
тышқанның оң жақ батырмасымен таңдалады.
Суреттерді құру. Түзу сызықты салу үшін, құралдар жиынтығынан
құралын таңдау керек, одан соң, құралдар жиынтығының астынан
сызықтың енін таңдау жəне тышқанмен жұмыс аумағында сызықтың
суретін салу керек. Үнсіз келісім бойынша қолданылатын негізгі түс пен
фонның түсі палитраның сол жағынан шығарылады. Тышқанның сол
немесе оң жақ батымасын басып ұстап, сызықтың суретін салуға
болады.
Көлденең немесе тік сызықты немесе 45°-қа көлбеу сызық салу үшін,
сурет салу барысында [Shift] пернесін басып ұстаңыз.
324
Қисық сызық салу үшін,
құралын қолдану керек,құралдар
жиынтығымен сызықтың енін таңдау, тышқанмен сызықты салу, содан
соң көрсеткішті доғаның үстіне орнатып, тышқанның батырмасын баса
отырып, оның көрсеткішін жылжытып доғаның қисықтығын өзгерту
керек. Әр қисық сызық бір немесе екі доғадан тұру керек.
Эллипс немесе дөңгелекті салу үшін,
құралдары
қолданылады. Дөңгелек салу үшін, [Shift] пернесін басып ұстаңыз.
Бояуы бар фигура құру үшін, құралдар жиынтығынан
ұсынылған
толтыру типін таңдап алыңыз. Фигура түсін тышқанның сол жақ
батырмасының көмегімен таңдап алынады, ал бояудың түсін
тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен таңдайды.
Тік бұрышты немесе шаршының суретін салу үшін,
құралдарын
пайдаланады. Тік төртбұрышты құру үшін, тышқанның көрсеткішін
диагональ бойынша жылжытыңыз. Квадрат құру үшін, [Shift] пернесін
басып тұрып, көрсеткішті жылжытыңыз.
Тік төртбұрыштың шекарасының қалыңдығы сызықты құру
құралында таңдалған сызықтың қалыңдығымен дəл келеді. Шекара
қалыңдығын өзгерту үшін, құралдар жиынтығынан сызықты немесе
қисық сызықты таңдаңыз, содан соң, құралдар жиынтығының астынан
сызықтардың қалыңдығын таңдаңыз.
Көпбұрышты салу
құралымен жүргізіледі. Көрсеткіні
жылжытыңыз да, көпбұрыштың əр шыңына шертіңіз. Соңғы шыңына
екі рет басыңыз. Көпбұрыш тек 45 жəне 90° бұрыштардан тұру үшін,
тышқанның көрсеткісін жылжыту барысында, [Shift] пернесіп басып
ұстаңыз.
Суреттерде мәтін орнату. Мəтінді енгізу жəне форматтау үшін,
құралдар жиынтығынан
құралын қолдану керек. Жазбаның
рамкасын құру үшін, тышқанның көрсеткісін диагональ бойынша қажет
өлшемге дейін жылжыту керек. Форматтау панелінен атын, өлшемін
жəне шрифтің түрін таңдау қажет. Содан соң, жазба рамкасының ішіне
шертіп, мəтін енгізу қажет, ал қажет болған жағдайда, мəтінді
форматтау жүргізу керек. Мəтінді суретке тек қарапайым режимде
енгізуге болады. Мəтіндік жазбаларды түрлі түсті фонда жəне суреттің
фонымен енгізуге болады. Ол үшін, құралдар жиынтығынан
батырмаларын қолданады.
325
Жұмыс аумағын тазарту. Шағын аумақты тазалау үшін, құралдар
жиынтығынан Өшіргіш құралын
таңдап алу керек. Құралдар
жиынтығының астынан өшіргіштің қалыңдығы таңдалады жəне суреттің
бір бөлігі өшіріледі. Егер тазартылатын аумағын фонның ағымдық
түсінен өзгеше басқа түспен бояу керек болса, палитрада қажетті түске
тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз («түрлі түсті» өшіргіш).
Түспен жұмыс. Негізгі түсін жəне фон түсін орнату, тышқанның оң
жақ батырмасымен жүзеге асырылады.
Үнсіз келісім бойынша қолданылатын негізгі түс жəне фонның түсі
палитраның сол жағына шығарылады. Жоғарғы квадратта негізгі түс
көрсетіледі. Ал төменгі квадратта фонның түсі көрсетіледі.
Аумақты немесе обьектіні түспен бояу үшін, құралдар
жиынтығынан Бояу құю
құралын таңдап аламыз. Егер ағымдық
негізгі түсті немесе фонның түсін ауыстыру талап етілсе, онда
палитрадағы керекті түске тышқанның оң жақ немесе сол жақ
батырмасымен басыңыз, содан кейін, боялатын аумақты немесе
обьектіні тышқанның сол жақ немесе оң жақ батырмасымен шертіңіз.
Егер фигураның шекарасы үздіксіз болмаса, таңдалған түспен
суреттің басқа аумақтары боялатын болады. Алшақтықты табу үшін,
Көрініс мəзірінен Масштаб командасын таңдап, ал одан кейін Ірі
немесе Басқа команданы таңдаңыз.
Қылқаламның көмегімен сурет салу
құралымен жүргізіледі.
Құралдар жиынтығының астынан қылқаламның формасын таңдаңыз да,
жұмыс аумағында сурет салыңыз.
Бүріккіштің көмегімен сурет салу
құралымен жүргізіледі.
Суреттермен жұмыс. Сканерден немесе сандық камерадан суретті
алу үшін, Файл/Сканерден немесе камерадан командаларын орындау
керек. Суреттерді алу сұхбат терезесінен қажетті суретті таңдап жəне
Сурет алу батырмасын басу керек. Бұл процедураны орындау үшін,
камера немесе сканер компьютерге қосылған болу керек.
Paint редакторына компьютердің экранына шығарылған суретті
енгізуге болады. Ол үшін, [PrintScreen] пернесін жай ғана басу жəне
осылайша, экранның көшірмесін буферге орнату керек. Paint
редакторында бұл графикалық обьект редактрлеу терезесіне
Түзету/Қою командаларымен орнатылуы мүмкін. Енді, бұл суретті
графикалық форматтардың біреуінде алдағы уақытта қолдану үшін,
қайтадан редактрлеуге жəне сақтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |