Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет114/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116

336 
 
қолжетімді болады. 
Бұдан  басқа,  компьютерлер  бұндай  жүйеде  ортақ  мəліметтер 
қорымен  жұмыс  істейді,  ол  əрқашан  өзекті  болады,  компьютер 
қолданушыларына  желі  үлкен  көлемді  берілгендерді  өңдеудің 
ауырлығын  бөліп  тастауға  мүмкіндік  береді.  Егер,  бағдарламамен 
қарастырылған  болса,  жұмыстың  негізгі  бөлігін  біршама  өнімді 
компьютерлерге береді. 
Мұндай автоматтандыру жүйелерінің өзіндік кемшіліктері де бар: 
• 
рұқсат етілмеген қолжетімділігі үшін берілгендерге қолжетімділік; 
• 
қолданбалы бағдарламаларға берілгендерді ұсынуға жауапты жəне 
олардың тұтастығын қамтамасыз ететін, арнайы серверлік компоненттің 
болмауы; оның орнына, əрбір жұмыс станциясының онда жүктелетін əр 
бағдарламасында бұған қажетті барлық функциялардың жиынтығы бар; 
• 
жоғарыда  аталған  барлық  кемшіліктердің  нəтижесінде  бір 
компьютердің  жұмысындағы  кездейсоқ  ақаулық  (мысалы,  бағдарлама 
жұмыс  істеп  тұрған  уақытында,  оны  розеткадан  ажырату  немесе  тоқ 
кернеуінің  ауытқуы  кезінде),  барлық  жүйе  берілгендерінің  бұзылуына 
əкеліп соқтыруы мүмкін. 
Ендеше, 
егер, 
автоматтандырылған 
жүйе 
құрастырушылар 
тарапынан  сіз  «желілік  нұсқа»  деген  сөз  тіркесін  кездестірсеңіз,  онда 
сірə, сипатталған модель туралы айтылуы мүмкін екенін біліп қойыңыз. 
Бұл  жақын  арада  компьютерлер  паркін  біршама  жаңартуға 
мүмкіндігі  жоқ,  шағын  өндіріс  орындары  үшін,  əбден  қолайлы  тəсіл.  
Бұл үнемді болғанымен, бірақ, уақыт талабына сай емес, ескірген тəсіл. 
Клиент  –  серверлік  автоматтандырылған  жүйелер  көпміндетті 
операциялық  жүйелердің  (Windows  95,  Windows  NT  сияқты) 
таралуымен  жəне  олардың  негізінде  желінің  құрылуымен  пайда  бола 
бастады. Бұл жүйелерде файл – серверден басқа, берілгендермен жұмыс 
істеу 
функцияларын, 
қолданушылық 
жұмыс 
станцияларының 
сұраныстарын  орындайтын,  арнайы  мəліметтер  қорының  сервері  бар. 
Мұндай  жүйелерде  сұраныстың  екі  түрі  болады:  берілгендерді  шығару 
үшін  жəне  оларды  өзгерту  үшін.  Олар  арнайы  SQL  (Structured  Query 
Language  —  құрылымдық  сұраныстар  тілі)  тілінің  көмегімен 
безендіріледі. 
Сұраныстарды  өңдеу  толық  мəліметтер  қорының  серверімен 
орындалады  жəне  сұранысты  орындау  барысында,  жұмыс  станциясы 
қандай  да  бір  басқа  операцияларды  орындай  алады.  Бұл  механизм 
кейіннен  кең  түрде  дамып  «таратылған  есептеулер»  деген  атқа  ие 
болған. Сонымен қатар, сервер деңгейінде белгілі бір бизнес – логиканы 
енгізуге  болады,  ол  алдағы  уақытта  да  əрбір  бөлек  бағдарлама  үшін 
жеткілікті  болады.  Жəне  де  бұл  қайшылықты  жағдайларда  жүйенің 
жауап  беру  жылдамдығын  арттырады,  оларға  қажетсіз  жүйелік 
бағдарламалық  қамтамасыз  етуден  жұмыс  станцияларын  едəуір 
босатады  жəне  олардың  өнімділігіне  қойылатын  талап  деңгейін 
төмендетеді  (себеі,  мұндай  модельде  ақпаратты  енгізуге  жəне  экранда 


337 
 
көрсетуге бағдарламалық ресурстардың шамамен 80 %-ы жұмсалады). 
Бұл  жағдайда,  жүктеменің  қалған  бөлігі  (айтарлықтай  бөлігі) 
мəліметтер  қорының  серверіне  жүктеледі.  МҚ-ның  біршама  қуатты 
серверін  сатып  ала  отырып,  фирма  жұмыс  станцияларының 
жабдықталуынан  едəуір  үнемдей  алады.  Осылайша,  қазіргі  уақытта, 
клиент  –  серверлік  жүйенің  қалыпты  қызмет  етуі  үшін,  Pentium  IV 
процессорының  негізіндегі  сервер  жəне  Pentium  II  типті  жұмыс 
станциялары  жеткілікті.  Сервер  жедел  жадысының  минималды  көлемі, 
мысалы, Windows NT үшін, келесі үлгіде есептеледі: 32 Мбайт жəне əр 
жұмыс  станциясына  4  Мбайт  –  тан  қосу.  Егер  жүйенің  нақты 
параметрлері  біздің  ұсынып  отырғанымыздан  жоғары  болатын  болса, 
онда өнімділік ұлғаяды. 
Мұндай  жүйелердің  тағы  бір  артықшылығы  берілгендерді  
қорғаудың  орнатылған  механизмі  болып  табылады.  Осылайша,  егер 
берілгендер  жауапсыз  адамдардың  қолдарына  түссе,  оларды  тез  арада 
оқи алуы екіталай болады. 
Қазіргі кезеңде аталған технология біршама өзекті жəне кең таралған 
деуге болады. Ол тұрақты түрде жетілідіріліп  отырады, мұндай типтегі 
біршама  өнімді  жүйелерін  құруға  мүмкіндік    беретін    құрастырудың 
жаңа құралдарын пайда болып отырады. Біз қарастырып отырған нұсқа, 
өзіне сервер деңгейін жəне клиент деңгейін қосатын, клиент - сервердің 
екі деңгейлі жүйесі болып табылады. 
Соңғы  уақытта  клиент  –  сервердің  үш  деңгейлі  жүйесі 
танымалдылыққа ие бола бастады. Есептеу жүктемесінің жəне бизнес – 
логиканың  бір  бөлігінің  мəліметтер  қоры    серверіне    ауыстыруы 
есебінен,  жұмыс  станцияларының  жүктемелерін  едəуір  азайтуға 
мүмкіндік  беретін  екі  деңгейлі  клиент  –  сервер  жүйесіне  сіздің 
назарларыңызды  аудардық.  Үш  деңгейлі  жүйеде  аралық  қабат  деп 
аталатын қосымшалар сервері пайда болады, ол жұмыс станцияларынан 
жүктеменің  үлкен  бөлігін  өзіне  алады.  Іс  жүзінде  барлық  бизнес    – 
логика сонда жүзеге асырылады. 
Жүйенің  функционаладық  міндеттеріне  сəйкесетін,  сақталған 
модульдер  клиенттік  жұмыс  станцияларына  жүктеледі,  олар  адам  мен 
жүйенің  өзара  əрекеттесуін  қамтамасыз  етеді.  Жүйенің  жұмыс  істеу 
үрдісі  кейбір  жағдайда,  төмендегідей  болады.  Адам,  өзіне  түсінікті 
тəсілмен  (кейбір  жүйелерде  табиғи  тілдің  көмегімен),  компьютерге  өзі 
орындағысы  келетін  операциялардың  мазмұнын  енгізеді.  Компьютер 
мазмұнын қосымшалар серверіне жібереді, осыдай кейін ол мəліметтер 
қорының  серверіне  түсінікті  SQL  тіліне  түрлендіреді  жəне  сұранысты 
жібереді.  Жауапты  алғаннан  соң  (қажетті  ақпаратты),  қосымшалар 
сервері оны қолданушыға қайтарады. 
Мұндай  жүйелердің  үлкен  артықшылығы  олардың  масштабталуы 
болып  табылады.  Масштабтау  деп  қолданбалы  бағдарламалардың 
өзгеруінсіз  жүйенің  қуаттылығын  ұлғайту  мүмкінділігі  түсіндіріледі, 
яғни    көптеген    жаңа    жұмыс    станцияларының        қосылуы,    жаңа 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау