Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет113/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116

334 
 
дамытады, əкімшілік қызметкерлер жүйе  қызметінің режимін орнатады 
жəне  апаттық  жағдайларды  болдырмауды  ұйымдастырады,  ал 
операторлар берілгендерді резервтік көшіруді орындау сияқты жүйемен 
өзара  əрекеттесуді  жүзеге  асырады.  Қызметкерлер  сонымен    қатар, 
қазіргі  кездегі  өзекті  ақпараттық  қауіпсіздікті  жəне  ақпаратты  қорғау 
жүйесін де қамтамасыз етеді. 
 
14.3. 
Кәсіби автоматтандырылған жүйелердің түрлері 
 
Автоматтандырудың  жергілікті  жүйелері.  Бірінші  компьютерлік 
автоматтандырылған  құралдар  төлем  түбіртектерін  басып  шығаруға, 
негізгі  қорларды  немесе  материалдарды  есепке  алуға  жəне  жалақыны 
есептеуге  қолданылған.  Мұндай  бағдарламалардың  əрқайсысы  дербес 
қызмет  атқарған  жəне  əдетте,  бөлек  компьютерге  орнатылатын.  Бұл 
компьютерде оның өзінің жеке мəліметтер қоры, жұмыс каталогы жəне 
кейбір көмекші файлдары болатын. 
Бір  компьютерге мұндай бағдарламалардың бірнешеуі  орнатылатын 
жағдайлар     да     болатын     (мысалы,     Материалдық     – бухгалтерде 
«Материалдардың 
есебі» 
жəне 
«Негізгі 
қорлардың 
есебі» 
бағдарламалары болды). Тіпті, бұл жағдайда бағдарламалар бір - біріне 
«сирек назар аударатын», əрқайсысы өз бетінше жұмыс істейтін. Шағын 
өнеркəсіптерде  есепті  тек  жалғыз  компьютерде  бір  ғана  бухгалтер 
жүргізетін,  ол  компьютерге  бірден  барлық  қажетті  бағдарламалар 
орнатылатын.  Сонымен  қатар,  кейбір  баланстар  қалыптастыру  мен 
қорытынды  есептерді  шығару  үшін,  əр  түрлі  бағдарламалардан 
берілгендерді бір жерге жинақтаған бағдарламалар да болды. 
Егер, бірнеше компьютер болса, онда ақпарат дискеталар көмегімен 
жиналатын  жəне  сəйкес  бағдарлама  орнатылған  компьютердің  бірінде 
өңделетін.  Бұл  тəсіл,  əрине,  соншалықты  ыңғайлы  болған  жоқ,  бірақ 
тығырықтан шығатын басқа жол болмады. Компьютерлердің əрқайсысы 
дербес  жұмыс  істеді,  иерархиялық  жүйе  туралы  сөз  болған  да    емес. 
Тіпті берілгендерді біріктіру жүргізілетін компьютердің өзі, басқалардан 
ешбір өзгешелігі болған жоқ. 
Мұндай  компьютерлік  технологияның  жаңалығының  арқасында 
мұндай  бағдарламалардың  аздығы  ақиқат  ретінде  қабылданған,  бірақ 
бағдарламалардың  жетіспеушілігі  сезілетін  болды,  сол  себепті 
төмендегідей мəселелер туындады: 
• 
жалпы анықтамалық қорды жүргізудің күрделілігі; 
• 
орталықтандырылмаған  
берілгендерді сақтау; 
• 
өнеркəсіптің  қаржылық  жағдайын  шұғыл    түрде    бағалаудың 
мүмкін болмауы (көпқолданушылық жүйе жағдайында) 
• жалпы алғанда жүйенің төмен өнімділігі. 
Бөлек  алынған  жүйенің  əрқайсысы  үшін,  бұл  тізімді  əрі  қарай 
жалғастыра   беруге   болатын   еді.   Алайда,   біз   тек   біршама  жалпы 


335 
 
кемшіліктерін  санамалап  өтумен  шектелеміз.  Кейбір  өнеркəсіп 
орындары  əлі  күнге  дейін,  басқа  ештеңені  қажет  етпей,  осындай 
бағдарламаларды  жəне  технологияларды  қолданады.  Іс  –  əрекеттерінің 
ерекшелігіне 
байланысты 
бухгалтерия 
қызметкерлеріне 
дұрыс 
консерватизм  тəн,  соның  ішінде,  бұл  бағдарламалық  қамтамасыз  етуге 
де  қатысты,  сондықтан,  олар  əдетте  үйреншікті  жұмыс  бағдарламасын 
өзгертуге  асықпайды  жəне  жаңа  бағдарламаны  енгізу  қажеттілігі 
туындағанда, 
əрқашан 
ескі 
бағдарламаның 
артықшылығын, 
қарапайымдылығын еске алып отырады. 
Желілік  автоматтандырылған  жүйелер.  Жергілікті  ААЖ-нің 
орнына желілік ақпараттық автоматтандырылған жүйелер келді: файл – 
серверлік жəне клиент – серверлік. 
Файл  –  серверлік  автоматтандырылған  жүйелер,  əдетте,  Novell 
Netware,  Netware  Lite,  Microsoft  Windows  Network,  Unix  жəне    т.б. 
сиқяты белгіленген файл – сервер желілерінің негізінде құрылды. Файл 
– сервер – бұл үлкен көлемді қатқыл дискісі бар жəне өнімділігі жоғары 
процессоры  бар  арнайы  белгіленген  компьютер.  Ол  барлық 
қолданушыларға  жалпы  берілгендерді  сақтаудан  басқа,  барлық  желі 
жұмысының  координаторының  функциясын  атқарады.  Мұндай  жүйе 
қалай құрастырылған? 
Қолданушылардың 
пікірі 
бойынша, 
жергілікті 
нұсқадан 
айырмашылығы,  берілгендер  сервердің  дискісінде  сақталатындықтан, 
дискеталардың  көмегімен  берілгендерді  бір  көмпьютерден  екінші 
компьютерге  тасымалдаудың  қажеті  жоқ,  сондықтан  олар  жұмыс 
станцияларына  бір  мезгілде  қолжетімді  бола  алады.  Кез  келген  екі 
компьютер  əрдайым  бір  сандарды  (бағдарламаның  дұрыс  жұмыс 
істеуіне байланысты) жəне анықтамалардың бірдей мазмұнын көрсетеді, 
бұл жергілікті бағдарламалық қамтамасыз етуде үнемі болған емес. 
Компьютерлерге жəне бағдарламалық құралдарға қызмет ететін 
адамның пікірінше (желілік əкімшілік қызметкері), берілгендерді 
архивтеу ыңғайлылау, яғни, жоғалу мүмкін болатын жағдайларда, 
олардың резервтік көшірмесін құру, себебі олар да бір жерде сақталады. 
Құрастырушы тарапынан, жүйе біршама күрделене түсті, сондықтан, 
əр түрлі қолданушылармен енгізілетін ақпарат, өзінің мазмұны жағынан 
бір  –  бірімен  қарама  –  қарсы  болмауын  ойластыру  керек.  Мысалы,  екі 
қолданушы  өздері  де  білместен,  шаруашылық  операцияларының  
кітабын  немесе  негізгі  қорлардың  карточкасының  қандай  да  бір 
жазбасын  бір  мезгілде  редактрлеп,  бірақ,  оған  əр  түрлі  ақпаратты 
енгізсе, жүйе олардың қайсынікі дұрыс екенін қалай түсінеді? Ешқалай. 
Сондықтан, бұдан шығу жолы былай болды: егер, қолданушының біреуі 
кестенің  қандай  да  бір  жазбасын  редактрлей  бастаса,  оған  блоктау 
қойылады,  оның  арқасында  басқа  қолданушыларға  өзінің  өзгерістерін 
енгізуге мүмкіндік берілмейді. 
Жазбаны  редактрлеу  аяқталғанда,  блоктау  алынып  тасталады  да, 
басқа  жүйе  қолданушыларына     жазбаны  қайтадан  редактрлеу   үшін, 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау