339
əлі келген жоқ. Әдетте, бөлімшелері бір – бірінен территориялық
жағынан соншалықты алыс орналасқандықтан, бұған тармақталған
ұйымдастыру құрылымдары бар бай өнеркəсіптер ғана қолжеткізе
алады. Мұндай жүйелерді құрастырумен жəне қолдаумен əдетте,
автоматтаудың штаттық бөлімдері айналысады, олардың дұрыс жəне
қауіпсіз қызмет етуіне бүкіл жауапкершіліктерді толық мойындарына
алады.
Ақпараттық
жүйелермен
жұмыс
барысында
туындайтын сұрақтар
Қолданушылардың ең жиі қойылатын сұрақтарына мамандардың
жауабын келтіреміз.
Сұрақ 1. ААЖ-рін құрастырушы фирманы қалай таңдауға болады?
Жауап. Қазіргі уақытта кең танымал қаржылық – экономикалық
басылымдардың беттері бухгалтерлік есепті, өндірісті – шаруашылық іс
əрекетті жəне т.б. автоматтандыруға қатысты таңқаларлық жарнамалық
ақпаратқа толы. Бұл ақпараттық ағымда адасып кету, қателесу қиын
емес. Сіздің таңдауыңыздың дұрыс болуына жəрдемдесетін негізгі
қағидаттарды атап өтейік.
1.
Фирманың жасы жəне нарықтағы сəтті жұмыс тəжірибесі. Бұл
факторлар өте маңызды рөл атқарады. Нарықта фирманың жұмысы
неғұрлым табысты болса, соғұрлым жақсы. Фирманың клиенттерінің
саны да, олардың өндіріс салалары бойынша таралуы да маңызды.
2.
Фирманың
беделі.
Ол
клиенттердің,
бəсекелестердің,
серіктестердің, тəуелсіз мамандардың пікірлері негізінде қалыптасады.
Бұл ақпаратты тиісті мерзімді басылымдардан табуға немесе іріктеп
сауалнама əдісімен алуға болады.
3.
Фирманың қаржылық жағдайы. Жуық арада жоқ боп кетпейтін,
қарызға батып кетпейтінжəне банкрот болмайтын фирмалармен келісім
– шартқа отыруға болады. Фирманың əл – ауқыты мен оның шығаратын
өнімдерінің сапасымен жəне ұсынылатын қызмет түрлерімен белгілі бір
тəуелділік болады.
4.
Заманауи технологияларды қолдану. Әдетте бұл туралы
жарнамалық материалдарда жазылады. Егер ресурстық мүмкіндік болса,
онда ескі технологияларды сатып алып, үнемдеудің қажеті жоқ.
Қашанда өзіне тиімді жағын табуға болады.
5.
Үшінші фирмалардың бағдарламаларымен интеграциясы.
Аталған қағида бағдарламалардың ашықтығын жəне құрастырушы
біліктілігінің жоғары деңгейін білдіреді.
6.
Өнімді сатылғаннан кейін қолдау. Егер əр тоқсан сайын есеп
бланктерін жаңартып отырудан басқа, фирма телефон желісі арқылы
кеңестер ұйымдастырып, семинарлар өткізсе жақсы жарнама болады.
7.
Қызметкерлер штаты.
Оның сандық сипатымен қатар, сапалық