331
ААЖ масштабы келесі типтерге бөлінеді: жалғыз, топтық жəне
корпоративті.
Жалғыз ақпараттық жүйелер немесе автоматтандырылған жұмыс
орындары (АЖО) əдетте, жеке дербес компьютерде жүзеге асырылады.
Мұндай жүйе бір қолданушының жұмысына есептелген жəне
қызметкердің іс – əрекетінің ортақ тақырыбымен жəне ақпаратпен
біріктірілген бірнеше қосымшалардан тұрады.
Топтық ақпараттық жүйелер ақпаратты ұжымдық қолдануға
бағытталған, əдетте, жергілікті есептеу желілері негізінде құрылады.
Мұндай жүйелерді құрастыру барысында ортақ берілгендерді тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін мəліметтер қорының серверлері
қолданылады (SQL-серверлері).
Корпоративті ақпараттық жүйелер топтық жүйелердің дамуы
(өнеркəсіп
масштабының
жүйелері)
болып
табылады
жəне
территориялық таратылған түйіндерді немесе желілерді қолдай алады.
Мұндай жүйелерге бірнеше серверден тұратын күрделі архитектура тəн.
Топтық жəне корпоративті ақпараттық жүйелер үшін, қызмет ету
сенімділігіне жəне берілгендердің сақталуына қойылатын талаптар
едəуір күшейтіледі.
Осыдан келіп, қызмет көрсететін қызметкерлердің
арасында бір немесе бірнеше əкімшілік қызметкердің міндетті түрде
болуын талап етеді.
Келтірілген жіктеу тəсілдері жіктелудің барлық мүмкіндіктерін
жоймайды, себебі, белгілі жіктеудің негізі ретінде ақпараттық
жүйелердің сақтау ортасы жəне ақпараттық ресурстар көлемі,
архитектурасы жəне АЖ-ге қолжеткізу тəсілдері, бағдарламалық –
апппараттық платформа сияқты, əлі де бірқатар ерекшеліктерін алуға
болады.АТ-дың жəне ААЖ-дің алуан түрлілігі тұрақты өсіп келеді.
14.2.
Ақпараттық жүйелердің құрылымы
Әдетте кез келген автоматтандырылған жүйенің құрамына келесі
жүйе асты қамтамасыз ету кіреді: ақпараттық, техникалық,
математикалық жəне бағдарламалық, лингвистикалық, əдістемелік,
ұйымдастырушылық жəне əрине, қызметкерлер.
Ақпараттық қамтамасыз ету. Ақпараттық қамтамасыз ету – бұл
көлемі, орналасуы, ақпаратты ұйымдастыру формалары бойынша,
сонымен қатар мəліметтер қорын ұйымдастыру əдістемелері
(құжаттандырудың
біріктірілген жүйелерін, жіктеудің бірыңғай
жүйелерін жəне ақпаратты кодтаудың) бойынша жобалық шешімдердің
жиынтығы.
Сақтауға жəне өңдеуге жататын ақпарат, əдетте,
берілгендердің
моделі деп аталатын типтік құрылымдарына сəйкес топталады.
Берілгендердің
моделімен
сəйкес
қалыптастырылған
ақпарат
мәліметтер қоры деп аталады.
Мəліметтер қоры өз құрылымының
сипаттамасын қоса,
өзінде