332
сақталатын ақпараттың толық сипаттамасына ие болады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі – бұл мəліметтер қорымен
жұмыс істеуге арналған жалпы тағайындалудың бағдарламалық
құралдары. Корпоративті ААЖ-рін құруға арналған ең танымал
жүйелері Oracle,
MS SQL Server, Borland Interbase болып табылады.
Ақпараттық қамтамасыз ету аясында файл түріндегі ішкі машиналық
берілгендер жəне сыртқы машиналық берілгендер (қорытынды кестелер,
нарядтар, актілер) болады, бұларды кез келген адам техникалық
құралдарсыз – ақ қабылдайды. Сонымен қатар, кіріс жəне шығыс
құжаттары болып ажыратылады.
Техникалық қамтамасыз ету. Техникалық қамтамасыз ету – ААЖ-
нің жұмысына арналған техникалық құралдардың кешені, сонымен
қатар, осы құралдардың құжаттары мен технологиялық үрдістер. Ол кез
келген компьютерлік жүйе сияқты -компьютерлерден, сыртқы
құрылғыларынан, телекоммуникация құралдарынан тұрады.
Өздерінің мүмкіндіктері тұрғысынан қазіргі техникалық құралдар
алуан түрлі, бірақ жалпы алғанда оларды үш топқа бөлуге болады:
жинақтаудың жəне тіркеудің, жинақтаудың, өңдеудің, жіберудіңғ
ақпаратты шығарудың техникалық құралдары (ақпаратты тіркеуіштері);
есептеу желісінде біріге алатын компьютерлік техника құралдары;
ұйымдастыру техникасының құралдары.
ААЖ-сін
математикалық,
бағдарламалық
және
лингвистикалық қамтамасыз ету. Математикалық қамтамасыз ету
– бұл математикалық əдістердің, модельдердің, ақпаратты өңдеу
алгоритмдерінің жиынтығы. Оларға басқару үрдістерін модельдеу
құралдары,
басқарудың
типтік
міндеттері,
математикалық
бағдарламалау əдістері, математикалық статистика жəне т.б. жатады.
Бағдарламалық қамтамасыз ету – бұл ақпараттық жүйенің
мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға арналған бағдарламалардың
жиынтығы. Бағдарламалық қамтамасыз ету құрамына жүйелік жəне
арнайы бағдарламалық өнімдер кіреді, сонымен қатар, қолданбалы
бағдарламалық қамтамасыз ету енеді.
Жүйелік, бағдарламалық құралдар компьютерлік жүйелердің
өздерінің іс – əрекеттерін қамтамасыз етуге арналған. Жүйелік
бағдарламалық қамтамасыз ету құрамына операциялық жүйе,
қолданушының əр түрлі операциялық қабықшалары, жүйелік əкімшілік
қызметкерінің қызметтік бағдарламалары, желілік бағдарламалық
қамтамасыз ету жəне т.б. жатады.
ААЖ-нің операциялық жүйесі басқа бағдарламалық элементтерге
едəуір мөлшерде талаптарты анықтайды, сондықтан, қолданылатын
операциялық жүйелермен қоса, аппараттық құралдардың жиынтығын
ААЖ-нің аппараттық – бағдарламалық платформасы деп те атайды.
Арнайы бағдарламалық қаматамасыз ету – бұл нақты ақпараттық
жүйені құру барысында құрастырылған бағдарламалардың жиынтығы.
Ол құрастырылған модельдерді жүзеге
асыратын қолданбалы