Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет111/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116

330 
 
құрылымы жəне т.б. қолданылады. 
ААЖ-дің қолдану саласы бойынша, əдетте, келесі топтарға бөлінеді: 
транзакцияларды өңдеу жүйелері, шешім қабылдауды қолдау жүйелері, 
ақпараттық  –  анықтамалық  жүйелер  жəне  кеңселік  –  ақпараттық 
жүйелер. 
Транзакцияларды  өңдеу  жүйелері  кез  келген  уақытта  ақпараттық 
жүйеде тақырыптық саланы дұрыс көрсетуді қолдауға арналған. Оларға 
біршама  қарапайым,  өңделуге  жататын  жұмыстардың  тұрақты  ағымы 
тəн, мысалы, көптеген қолданушылардан, тапсырыстардан, төлемдерден 
түсетін сұраныстар. 
Шешімдерді 
қабылдауды 
қолдау 
жүйелері 
берілгендерді 
статистикалық  өңдеуді  талап  ететін,  үрдістерді  модельдеу  жəне  оқиға 
дамуына  болжам  жасайтын  біршама  күрделі  сұраныстарды  орындауға 
бағытталған.  Бұл  жүйелер  жасанды  интеллект  əдістеріне    жиі 
негізделеді. 
Ақпараттық  –  анықтамалық  жүйелер  –  мəтіндік    жəне 
гипермəтіндік  құжаттар  мен  мультимедияларға  негізделеді.  Мұндай 
ақпараттық  жүйелер  анықтамалық  –  құқықтық  (АҚЖ)  жүйелерде  жəне 
Интернет желісінде кең дамуға ие болды. 
Кеңселік  ақпараттық  жүйелер  қағаз  түріндегі  құжаттарды 
электрондық  түрге  ауыстыруға,  іс  жүргізуді  жəне  құжат  айналымын 
басқаруды автоматтандыруға арналған. 
Қолдану  саласы  бойынша  келтірілген  жіктелу  біршама  шартты, 
себебі,  ірі  АЖ-лер  жоғарыда  аталған  барлық  класс  түрлерінің  
белгілеріне жиі ие болады. 
Функционалдық  қызметі  бойынша  ААЖ-лер  əкімшілік,  өндірістік, 
оқу, 
медициналық, 
əскери, 
метеорологиялық, 
экологиялық,  
криминалдық жəне т.б. түрлерге бөлінеді. 
ААЖ-дің  тағайындалуы  жəне  құру  құрылымы  сəйкес  жүйелердің 
болуымен сипатталады. ААЖ-ның бұл түрі тарихи тұрғыдан өндірістегі 
алғашқылардың бірі болып табылады. 
Өнеркəсіпті  басқару  саласында  əдетте,  бухгалтерлік  есептің 
ақпараттық  жүйесін,  құжат  айналымын,  қоймалар  ресурстарын 
басқаруды,  жабдықтаулар  мен  сатып  алуды,  маркетингті  басқаруды, 
жедел басқаруды жəне т.б. бөліп көрсетеді. 
Ақпараттық  ресурстар  түрі  бойынша  əдетте,  документографикалық 
жəне фактографикалық ААЖ-лері болып бөлінеді. 
Документографикалық  жүйелердің  негізгі  ақпараты  табиғи 
тілдердегі  немесе  тасымалдауыштардағы  құжаттар  (бейнефильмдер, 
аудиожазбалар)  болып  табылады.  Мұндай  жүйелердің  негізгі  міндеті 
кейбір  шарттарды  қанағаттандыратын  обьектіні  іздеу  болып  табылады 
жəне  олар  ақпараттық  –  іздеу  жүйелерімен  көп  ортақ  қасиетке  ие 
болады. Фактографикалық жүйелерде ақпарат берілгендердің моделінің 
біреуінің құрылымдық түрінде сақталады, сондықтан, мұндай жүйелерді 
мәліметтер қоры бар жүйелер деп атайды. 


331 
 
ААЖ  масштабы  келесі  типтерге  бөлінеді:  жалғыз,  топтық  жəне 
корпоративті. 
Жалғыз  ақпараттық  жүйелер  немесе  автоматтандырылған  жұмыс 
орындары (АЖО) əдетте, жеке дербес компьютерде  жүзеге асырылады. 
Мұндай  жүйе  бір  қолданушының  жұмысына  есептелген  жəне 
қызметкердің  іс  –  əрекетінің  ортақ  тақырыбымен  жəне  ақпаратпен 
біріктірілген бірнеше қосымшалардан тұрады. 
Топтық  ақпараттық  жүйелер  ақпаратты  ұжымдық  қолдануға 
бағытталған,  əдетте,  жергілікті  есептеу  желілері  негізінде  құрылады. 
Мұндай  жүйелерді  құрастыру  барысында  ортақ  берілгендерді  тиімді 
пайдалануға  мүмкіндік  беретін  мəліметтер  қорының  серверлері 
қолданылады (SQL-серверлері). 
Корпоративті ақпараттық жүйелер топтық жүйелердің дамуы 
(өнеркəсіп 
масштабының 
жүйелері) 
болып 
табылады 
жəне 
территориялық таратылған түйіндерді немесе желілерді қолдай  алады. 
Мұндай жүйелерге бірнеше серверден тұратын күрделі архитектура тəн. 
Топтық жəне корпоративті ақпараттық жүйелер үшін,  қызмет  ету 
сенімділігіне жəне берілгендердің сақталуына  қойылатын  талаптар 
едəуір күшейтіледі. Осыдан келіп, қызмет  көрсететін  қызметкерлердің 
арасында  бір  немесе  бірнеше  əкімшілік  қызметкердің  міндетті  түрде 
болуын талап етеді. 
Келтірілген  жіктеу  тəсілдері  жіктелудің  барлық  мүмкіндіктерін 
жоймайды,  себебі,  белгілі  жіктеудің  негізі  ретінде  ақпараттық 
жүйелердің  сақтау  ортасы  жəне  ақпараттық  ресурстар  көлемі, 
архитектурасы  жəне  АЖ-ге  қолжеткізу  тəсілдері,  бағдарламалық  – 
апппараттық  платформа  сияқты,  əлі  де  бірқатар  ерекшеліктерін  алуға 
болады.АТ-дың жəне ААЖ-дің алуан түрлілігі тұрақты өсіп келеді. 
 
14.2. 
Ақпараттық жүйелердің құрылымы 
 
Әдетте  кез  келген  автоматтандырылған  жүйенің  құрамына  келесі 
жүйе  асты  қамтамасыз  ету  кіреді:  ақпараттық,  техникалық, 
математикалық  жəне  бағдарламалық,  лингвистикалық,  əдістемелік, 
ұйымдастырушылық жəне əрине, қызметкерлер. 
Ақпараттық қамтамасыз ету. Ақпараттық қамтамасыз ету – бұл 
көлемі,  орналасуы,  ақпаратты  ұйымдастыру  формалары  бойынша, 
сонымен  қатар  мəліметтер  қорын  ұйымдастыру  əдістемелері 
(құжаттандырудың 
біріктірілген  жүйелерін,  жіктеудің  бірыңғай 
жүйелерін жəне ақпаратты кодтаудың) бойынша жобалық шешімдердің 
жиынтығы. 
Сақтауға  жəне  өңдеуге  жататын  ақпарат,  əдетте,  берілгендердің 
моделі  деп  аталатын  типтік  құрылымдарына  сəйкес  топталады. 
Берілгендердің 
моделімен 
сəйкес 
қалыптастырылған 
ақпарат 
мәліметтер қоры деп аталады. 
Мəліметтер   қоры   өз   құрылымының   сипаттамасын   қоса,  өзінде 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау