284
12.5. –сурет. «Борей» мəліметтер қорының «Клиенттер» кестесі
Осылайша, кез келген кесте жазбалардың жиынтығы болып
табылады. МҚБЖ-де кесте құрудың өзгермейтін ережесі - кестенің
өзінің мазмұнын қатаң анықтау болып табылады. Оның ұяшықтарында
тек нақты жəне өзгермейтін ақпарат қана сақтала алады.
Бұл бір түрлі көрінгенмен, Microsoft Access –тің де, МҚБЖ-нің
базалық кестелерінің ұяшықтарында есептелетін мəндер болуы мүмкін
емес. Әрине, бұл шектеуді айналып өтудің қандай да бір мүмкіндіктері
болмаса, берілгендермен операциялар жүргізу ешбір мүмкін болмас еді.
Бұл үшін, МҚБЖ-де сұраныстар бар.
Сұраныстар – бұл да сол кестелер, тек олар қолмен
толтырылмайды, алдын ала берілген формулалар жəне басқа да
тəуелділіктердің көмегімен толтырылады. Ендеше, кестеде орындауға
болмайтынды - қосуды, азайтуды, бөлуді жəне басқа да математикалық
жəне логикалық операцияларды сұраныста орындауға болады.
Сонымен қатар, сұраныстар кестелерде орналасқан ақпаратты таңдау
жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай сұраныспен кездескенде, МҚБЖ өз
бетінше нақты берілгендер сақталатын сəйкес кестелерді қарап шығады
да, олардан сұраныс талабына сəйкесетін барлық жолдарды таңдап
алады. Бірақ, кестелердің өздерімен ештеңе болмайды, сұраныс
кестесіне бұл жазбалардың тек көшірмелері ғана беріледі.
Сұраныстар, сұраныс құрылымында оның кейбір массивінен
ақпаратты таңдау функцияларының үйлесімділігі жəне бұл ақпаратты
формулалар көмегімен өзгертудің мүмкіндігі арқасында, МҚБЖ-нің
негізгі жұмыс құралы болып табылады.
Сұраныстар бір уақытта таңдаумен қатар, кез келген есептеулерді
жүргізе алады. Сонымен қатар, сұраныстар формальды түрде кесте
түрінде жəне болашақта басқа сұраныстар үшін, берілгендердің көзі
ретінде ұсынылуы мүмкін. Бұл «сұраныстан сұраныс» деп аталды.
Сұраныстар мен кестелер олардың арасындағы бірегей жəне қатаң
белгіленген байланыстар арқасында, келісе жұмыс істейді (12.6- сурет).
Теориялық түрде мұндай жалпы кестені құруға болады. Оның аясында
мəліметтер қорында сақталғандардың барлық аспектілерін ұсынуға
болады, дегенмен, іс жүзінде мұндай кесте өте үлкен болатындығын
жəне қайталатын мəліметтермен толтырылатынын көрсетті. Оның өте
үлкен көлеміне байланысты онымен жұмыс істеу қиын, ал артық
берілгендер оның жалпы көлемін қатты үлкейтеді,
осындан келіп,