292
Берілгендер
типтері
Мазмұны
Бұл типтің максималды мəні
OLE
обьектісінің
өрісі
OLE хаттамасын қолданатын
басқа бағдарламаларда
құрылған OLE обьектілері
(Microsoft Word құжаттары,
Microsoft Excel электрондық
кестері, суреттер , дыбыс
жазбалары немесе екілік
форматтағы басқа
берілгендер).
1 Гбайт-қа дейін (дискінің
көлемімен шектеледі)
Гиперсілтеме Әріптер мен цифрлардан
тұратын жəне гиперсілтеме
адресін ұсынатын жол.
Гиперсілтеме 64 000 – ға дейін
белгіден тұрады.
Ауыстыру
шебері
Басқа кестеден мəнді
немесе тізімі бар өрісін
қолдана отырып мəндер
тізімін таңдап алуға
мүмкіндік беретін өрісті
құрады. Бұл параметрді
таңдау кезінде берілгендер
типтері тізімінде бұл өрісті
автоматты түрде анықтауға
арналған шебер жүктеледі.
Ауыстыруда қолданылатын кілтті
өрістің өлшеміндей (əдетте, 4 байт)
Мысалы, егер, көрсетілген есеп – шотқа ақшалай типінен басқа,
қандай да бір басқа берілгендер типі берілген болса, есеп - шот
бойынша қалдыққа пайыздарды есептеу функциясын қолдануға
болмайды. Немесе, мысалы, MEMO типімен ұсынылған берілгендерге
сұрыптау операциясын қолдануға болмайды.
Сипаттау бағаны тек көмекші сипатқа ғана ие болады. Онда
терілетіндердің бəрі сіздің өзіңізге керек.
Кез келген кестенің кілтті өрісі болу керек деген Microsoft Access –
тің міндетті ережесі бар. Кестедегі барлық жазбаларды (яғни, жолды)
бірегей сипаттайтын өріс немесе өрістердің бірлесуі – кілтті өріс болуы
тиіс. Әдетте, кілтті өріс түрінде жолдардың нөмірлері қолданылады.
Сондықтан, кез келген кестенің бірінші өрісі болып көбінесе Санауыш
типіндегі өріс беріледі, оның мазмұны жаңа жол құру барысында
автоматты түрде бір бірлікке көбейеді. Өріс кілтті болу үшін,
Конструктор режимінде оны белгілеп алу керек (яғни, бұл өрістің
барлық жолын белгілеп алу) жəне құралдар панеліндегі кілттің суретіне
тышқанмен басу керек. аталған өрістің сол жағында кішкентай кілт
пайда болады, бұл өрістің кілтті екендігінің символы болып табылады.
Microsoft Access кестелері басқа тəсілдермен де құрыла алады, бұл
тəсілдер еңбектену тұрғысынан біршама ыңғайлы болуы мүмкін.
МҚБЖ-да кестелер құрудың басқа тəсілдерін тағайындауда,
293
12.11-сурет. Кестелерді шебер көмегімен құру
Конструктор режиміндегі кестенің өзінің ерекшеліктерін зерттеп
білмей, түсіну мүмкін емес.
Кестелерді шебер көмегімен құру ыңғайлы. Кестелерді кестелер
шебері көмегімен құру типтік кестені («Қызметкерлер», «Тауарлар»
жəне т.б.) жəне типтік кестенің қажетті өрістерінен немесе бірнеше
типтік кестелерден таңдап алу жолымен жүзеге асырылады (12.11 -
сурет). Таңдалған өріс аттарын редактрлеуге болады. Кесте атын
енгізгеннен кейін, кесте арасында байланыс орнатуға мүмкіндік беретін
кілтті өріс таңдалады.
Кез келген мəліметтер қоры кестелерден тұрады, олар өздерінің
арасында
белгіленген
тəуелділікпен
байланысқан.
Мұндай
байланыстардың арқасында, мəліметтер қорының көлемі едəуір
кішірейтіледі, əсіресе ақпарат қайталанатын жағдайда. Кесте
арасындағы байланысты құру үшін, Берілгендер сызбасы режиміне
ауысу керек, онда МҚБЖ-нің кез келген элементтері арасында барлық
байланыстар анықталады. Microsoft Access-те бұл екі тəсілмен
жасалады: Сервис/Берілгендер сызбасы командасын қолданумен немесе
МҚБЖ-ның жұмыс терезесіндегі құралдар панеліндегі Берілгендер
сызбасы
батырмасына шерту арқылы орындауға болады. Екі
жағдайда да берілгендердің сызбасын құру шебері жүктеледі, оған сіз
нақты қандай өрістер арасында байланыс орнатуға ниетті екеніңізді
көрсету керек.
12.4.2.
Сұраныстар
Кез келген МҚБЖ-нің маңызды бөліктерінің бірі сұраныстар болып
табылады. Сұраныстар берілгендерді қарап шығу, өзгерту жəне талдау
үшін қолданылады. Оларды, сонымен қатар, формалар мен есептер үшін
294
жазбалар көздері ретінде қолдануға болады. Әрекеттерінің принциптері
бойынша Microsoft Access – тің барлық сұраныстары бірнеше типтерге
бөлінеді.
Сұраныстар типтері. Кейбір ақпараттарды бір немесе бірнеше өзара
байланысқан кестелерден таңдап алу сұраныстары біршама жиі
қолданылады. Мұндай сұраныс жұмысының нəтижесі белгіленген, алдын
ала берілген шарттарды қанағаттандыратын нақты берілгендердің
жиынтығы болады. Алынған берілгендер кəдімгі кесте түрінде ұсынылады,
оның негізінде экранда қабылдауға ыңғайлы түрде нəтиже ұсынатын,
қолданушылық формасын құруға мүмкіндік береді.
Кəдімгі кестеден айырмашылығы, сұраныста таңдау шарттарынан басқа
қосымша өрістер беруге болады, оларда басқа өрістердің мазмұнына
сүйенетін формулаларды көрсетуге болады. Бұл жағдайда, уақытша
кестедегі таңдап алынған берілгендермен бірге формулалар арқылы
есептелген нəтижелер де пайда болады. Осылайша, сұраныстар механизмі
кестедегі автоматты түрде есептеуді жүргізу мүмкіндіктері жоқтығын
толықтырады. Сұраныс тек нақты қолданушыға нақты осы уақытта қажетті
берілгендерді ғана есептеуге мүмкіндік береді.
Таңдап алу сұраныстарын жазбаларды топтау жəне сомаларды, орташа
мəндерді есептеу үшін, жазбаларды санау жəне қорытынды мəндердің
басқа типтерін табу үшін қолдануға болады.
Парметрлерімен сұраныс – орындау барысында, өзінің жеке сұхбат
терезесінде көрсетілетін берілгендерді енгізуге шақыру сұранысы, мысалы,
өріске қою талап етілетін жазбалар немесе мəндерді қайтаруға арналған
шарттар. Берілгендердің бірнеше бірліктерін енгізуге шақыруды
шығаратын сұраныс құрастыруға болады, мысалы, екі күннің датасы. Содан
соң, Microsoft Access осы даталар арасындағы уақыт интервалына келіп
түскен барлық жазбаларды қайтара алады.
Сонымен қатар, параметрлерімен сұраныстарды формалардың,
есептердің жəне берілгендерге қолжеткізу беттері үшін, негізі ретінде
қолдану ыңғайлы. Мысалы, параметрлерімен сұраныс негізінде табыстар
туралы айлық есеп құруға болады. Аталған есепті басып шығару кезінде
Microsoft Access экранға қай айдың табыстары есепте көрсетілуге тиісті
шақыруды шығарады. Айды енгізгеннен кейін Microsoft Access тиісті есепті
басып шығаруды орындайды.
Қиылысқан сұраныстар құрылымда берілгендерді есептеу жəне ұсыну
үшін қолданылады да, олардың талдауларын жеңілдетеді. Қиылысқан
сұраныс соманы, мəндердің орташа санын есептейді жəне басқа да
статистикалық есептеулерді орындайды, бұдан кейін нəтижелер кестелер
түрінде берілгендердің екі жиынтығы бойынша топталады. Оның біреуі
бағандардың атауын, ал екіншісі жолдардың атауын анықтайды.
Өзгертуге арналған сұраныс деп бір операция арқылы бірнеше
жазбаларды өзгертетін немесе орнын ауыстыратын сұранысты айтады.
Өзгертуге сұраныстың төрт типі бар: жазбаларды жоюға, жаңартуға, қосуға
жəне кестелерді құруға.
Достарыңызбен бөлісу: |