307
Санауыш болып табылады, ал ереже келесіні білдіреді: басқа
кестелермен байланыс құру үшін, жаңа кестенің ең болмаса, бір кілті
болу керек.
Сұрақ 3. Microsoft Access – тен берілгендерді экспорттауға бола ма?
Жауап. Microsoft Access-те экспорттық – импорттық операциялар екі
үлкен аймаққа бөлінген, олардың біреуі берілгендерді ағымдық немесе
сыртқы мəліметтер қорында Microsoft Access форматында сақтау, ал
басқасы MS Office – тің басқа қосымшаларына тез арада конвертация
жасауға мүмкіндік береді. Бұл қалай жасалады?
Мəліметтер қорының кез келген элементін ағымдық немесе сыртқы
мəліметтер қорына қарапайым сақтауы екі қадамда жүргізіледі. Бірінші
қадаммен - сіз нақты обьектіні белгілейсіз (ашу міндетті емес). Екінші
қадаммен - сіз Файл/Экпорт командасымен экспорт жүргізесіз. Обьект
экспорты ашылған терезесінде экпорт үшін файлдың аты мен типін
көрсету керек.
Экранның төменгі жағында «Файл аты» жəне «Файл типі»
жолдарында қолданушы экспорт жүргізуге керек болатын формат
береді. Экспортты МҚБЖ-сі бірнеше нұсқаларының dBASE, Paradox,
Excel-дың бірнеше нұсқаларының форматтарына, Word-қа, мəтіндік
форматтардың көптеген түрлеріне, rtf форматына жəне əрине ODBC
форматына жасауға болады. Сонымен қатар, HTML, XML, Интернет
форматтарында сақтау да мүмкін, бұл элементтерді Дүниежүзілік
Өрмекке тез жариялауға мүмкіндік береді. Сіз екі мүмкіндікті аласыз.
Бірінші мүмкіндік егер, форматтан басқа ештеңе өзгертпесе, онда
белгілеген элемент сəйкес типтің жаңа мəліметтер қоры ретінде
сақталатын болады. Екінші мүмкіндік белгіленген элементті басқаға –
аталған типтердің біреуінің бұрыннан бар қорына ауыстыруға болады.
Microsoft Access - тен Office – тың басқа қосымшаларына ақпаратты
жіберу шамамен осылай жүргізіледі. Нақты обьектіні белгілегеннен
кейін, Сервис мəзіріне жолығып, Office-пен байланыстар ашылатын
мəзірін ашу керек. Онда үш нұсқа қарастырылған: Microsoft Word - пен
бірігу, Microsoft Word-да жариялау жəне Microsoft Excel – де талдау.
Бақылау сұрақтары
1. Мəліметтер қорына жəне мəліметтер қорын басқару жүйесіне
анықтама беріңіз.
2. Нағыз реляциялық мəліметтер қоры сəйкес болуы тиісті негізгі
ережелер қандай?
3. Берілгендер реляциялық қорда қандай түрде сақталады?
4. MS Access МҚБЖ-нің негізгі обьектілерін атаңыз.
5. MS Access – те МҚ обьектілерін құру тəсілдерін атаңыз.
6. MS Access мəліметтер қорында кестені қалай құру керек?
308
7. МҚ-ның кестелерінің арасындағы байланысты қалай құрады?
8. MS Access МҚ-да сұраныстар құрудың ерекшелігі неде?
9. MS Access мəліметтер қорында есептеу қалай жүргізіледі?
10. Мəліметтер қорындағы формалар неге арналған?
11. Есептердің формалардан айырмашылығы неде?
12. MS Access-тен берілгендерді экспорттау қалай жүзеге асырылады?
309
13-
-
т а р а у
ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЛАР
Графикалық суреттерді оңдеуге деген сұраныс графикалық
обьектілерді құруға жəне өзгертуге арналған инструменталды –
бағдарламалық құралдар ұсынатын графикалық редакторлар құру
қажеттілігін
туғызды.
графикалық
редакторлар
ғылыми,
илллюстративті жəне коммерциялық графика жүйесі болып бөлінеді.
13.1.
Графикалық материалдарды дайындау жүйелері
Ғылыми графика жүйелері математикалық, химиялық жəне басқа
да формулалар бар ғылыми есептерді безендіруге арналған. Мұндай
жұмыстарды арнайы бағдарламалармен ғана емес, мəтіндік
процессордың енгізіліген модульдерімен – мысалы, MS Equation –
мен орындауға болады.
Иллюстративті графика жүйелері презентацияда көрсетуге
арналған графикалық материалдарды құруға жəне оларды мəтіндік
құжаттарда
қолдануға
мүмкіндік
береді.
Бұл
жүйелер
иллюстрацияларды дайындаудың графикалық редакторлары (Corel
Draw, MS Photo Draw жəне т.б.), презентация құру бағдарламалары
(MS Power Point, Corel Presentation жəне т.б.) жəне кеңселік
қосымшалардың функциялары бола алады
Коммерциялық графика жүйелері екі немесе үш деңгейлі
графика түрінде электрондық кестелерде немесе мəліметтер қорында
сақталынатын экономикалық жəне қаржылық ақпаратты көрсетуді
қамтамасыз етеді. Аталған жүйелер жеке бағдарламалар ретінде
немесе кеңселік бағдарламалар функциясы ретінде, бəрінен бұрын
MS Excel-дің, жүзеге асырылады.
Растрлық және векторлық графика. Графикалық ақпараттың
тағайындалуына байланысты жəне суреттің сапасына қойылатын əр
түрлі талаптарға байланысты бұл ақпаратты сақтауға жəне өңдеуге
əр түрлі екі тəсіл қолданылуы мүмкін.
Бірінші тәсіл пиксельді немесе растрлық графика деп аталады
жəне суреттің əрбір бөлек нүктесінің əрқайсысын сипаттаудан
тұрады, ал суреттің толығымен əр түсті осындай пиксельдердің
жиынтығынан құралады. Растрлық сурет көптеген нүктелерден
(пиксельдерден) тұрады, ал əр түрлі түсті нүкте компьютерде
бірнеше битпен ұсынылады (8-ден 16 битке дейін). Растрлық суретті
үлкейту барысында ол бұлыңғырлана түседі.
310
Растрлық түрдегі сурет принтерге сандық фотокамерамен немесе
сканерлеу арқылы фотоға түсіру нəтижесіндегідей жіберіледі.
Көптеген графикалық редакторлардың жұмысы осы тəсілге
негізделеді. Растрлық типтің редакторы, мысалы, күшті кəсіби
графикалық редактор Adobe Photoshop немесе Windows - тың
стандартты қосымшалар жиынтығына кіретін Paint редакторы
болады.
Adobe Photoshop – растрлық суреттерді өңдеудің ең күшті
құралы, ал 6.0 нұсқасынан батсап, векторлық суреттерді өңдеудің
мүмкіндіктері біршама кеңейтілген.
Екінші тәсіл суретті стандартты графикалық элементтердің үлкен
мөлшерінің жиынтығы ретінде – кесінді, доға, шеңбер, тікбұрыш
жəне т.б. сияқтыларды бейнелеуге негізделген. Сурет қарапайым
геометриялық фигураларға бөлінеді жəне əр элемент компьютер
жадысында математикалық формулалар түрінде сақталады. Бұл тəсіл
векторлық графика деп аталады. Векторлық редакторда суретті
үлкейткенде, ол сапасын жоғалпайды. Себебі, компьютер белгілі бір
математикалық
операцияларды
жүргізе
отырып,
қажетті
параметрлерін есептеп шығарады.
Бұл тəсіл суретті компьютерлік алгоритмдік сипаттауына
негізделген жəне обьектілердің орнын, олардың өзара орналасуын
дəл сипаттауға мүмкіндік береді. AutoCAD и ArchiCAD сияқты
сызулармен жəне техникалық құжаттармен жұмыс істеуге
бағытталған графикалық редакторлар, графикалық ақпараттың
векторлық көрінісімен жұмыс істейді.
CorelDraw жəне Adobe Illustrator сияқты негізгі кəсіби
графикалық редакторлар векторлық графикамен суреттерді
дайындауға арналған, полиграфия жəне анимацияға қолданылады.
CorelDraw бағдарламасы басқа TIFF, EPS, GIF жəне JPEG
форматтарына құжаттарды экспорттауды жүргізе жəне Web үшін
құжаттарды дайындай отырып, қосымшалармен жəне Интернетпен
өзара əрекеттеседі,
Барлық векторлық редакторлардың бірнеше кең таралған
растрлық форматтарда өзінің суреттерін сақтау құралдары бар,
себебі, векторлық графикалық суреттерден растрлық суреттер
соншлықты жеңіл болып шығады. Ал кері операция мүмкін
болғанымен, бірақ, біршама күрделі жəне көп еңбектенуді талап
етеді. Әсіресе, бұл түрлі түсті суреттерде күрделі. Мұндай операция
суретті векторлау деп аталады.
Графикалық файлдардың форматтары. Растрлық графикалық
суреттердің стандартты форматтары болып TIFF, EPS, GIF жəне
JPEG саналады. Векторлық суреттер үшін, EPS (post-script тілінде
суретті сипаттау файлы) жəне AI (Adobe Illustrator редактор
форматы) форматы қолданылады. Берілгендердің графикалық
форматтарының кең таралған типтерінің сипаттамасын
Достарыңызбен бөлісу: |