5
КІРІСПЕ
ХХ ғасырдың ортасында ірі көлемдегі ақпараттарды қайта өңдеу,
тарату қажеттілігі жəне күрделі жүйелерді басқару (ең əуелі, əскери-
стратегиялық бағыттағы) кибернетика мен ақпарат теориясының
қарқынды дамуына ықпал етті.
Норберт Винер мен Клода Шеннонның зерттеулері есептеу
техникасының қарқынды дамуының негізін салған. Олар ғылыми-
техникалық революцияның басында тұрды деуге де болады.
Ақпаратты жинау, қайта өңдеу, сақтау, бөлу жəне бейнелеуді
(көрсету) қамтамасыз ететін ақпаратпен жұмыс технологиясы
ақпараттық технологиялар (АТ) деп аталады.
Алғашқы
компьютерлер
жарты
ғасырға
жуық
бұрын
құрастырылды.
Ол
кездерде
олар
бүтін
бір
залдарға
орналастырылатын, бірақ олардың жылдамдық əрекетін қазіргі
дербес компьютерлердің жылдамдық əрекетімен салыстыруға
болады.
Компьютерлерді кішірейтуге жəне көпшілікке қолжетімді қылуға
ұмтылудың арқасында, біз XXI ғасырға миллиондаған дербес
компьютерлерді қолданушыларға қарапайым түсінікті тілмен
жазылған түрлі-түсті компьютерлік журналдардың көптігімен кірдік.
Компьютерлер ақпараттар өңдеу процесінде тиесілі алдыңғы
қатарларға шықты, кең танымал болды жəне «жекелердің
ұстанымынан» миллиондардың өндірістік қаруына айналды. Олар
алдына қойылған міндеттерді сəтті шешеді жəне ғалымдардың да, ірі
корпорациялардың
топ-менеджерлерінің
де
талаптарын
қанағаттандырады.
Ақпараттық технологиялардың даму тарихын бірнеше кезеңдерге
бөлуге болады.
Бірінші кезең - XIX ғасырдың екінші жартысына дейін үстемдік
құрған ақпаратты қолмен жинақтау жəне қолмен қайта өңдеу
технологиясы. Ол кезеңдерде негізгі құралдар сия, қалам жəне
қарапайым есептеу құралдары болды, ал байланыс құралдарының
қызметін курьерлік жəне пошта байланысы атқарды.
Екінші кезең - электромеханикалық. 1831 жылы Джозеф Генри
(АҚШ) и Сальваторе Дель Негро (Италия) электромагниттік реле
ойлап тапты, ал 1887 жылы теміржол транспортында жол жүру
6
билеттерін компостирлеу (штамп, белгі қою) негізінде америкалық
өнертапқыш жəне өнеркəсіп қожайыны Герман Холлерит
перфокарттың көмегімен сандарды енгізетін электромеханикалық
табулятор ойлап тапты.
1930 жылға қарай АҚШ-та жəне басқа елдерде орнатылған
есептеуіш-аналитикалық кешендердің жалпы саны 6-8 мың данаға
жетуі мұндай құралдарды шығаруға арналған индустрияның дамуын
қажет етті. 1931 жылы АЕM фирмасы (АҚШ) көбейту
операцияларын орындауға бейімделген табуляторлар шығара
бастады, ал 1934 жылы алфавиттік-сандық табуляторлар шығаруды
қолға алды.
1930 жылдардың ортасында табуляторлар негізінде жергілікті
есептеуіш желінің алғашқы үлгісі құрастырылды. АҚШ-тың
Питсбург қаласының универмагында 250 терминалдан тұратын
телефон сымдары арқылы сатып алушылармен есеп айырысатын 20
табуляторды жəне 15 жазу машинкаларын байланыстыратын жүйе
іске қосылды. 1934-1936 жылдары неміс инженері Конрад Цузе
бағдарламалық басқаруымен жəне есте сақтау құрылғысында
ақпаратты сақтаумен əмбебап есептеу машинасын құруды қолға
алды. Ол тұңғыш бағдарламамен басқарылатын «Z-3» есептегіш
машинасын құрастырды.
ХХ
ғасырдың
40-60
жылдары
электрондық
жазу
машинкаларының, диктофондар мен көшірме машиналарының пайда
болуына байланысты электрондық технологияларды қолданудың
үшінші кезеңі басталды (Т.Эдисонның алғашқы электрондық лампа –
диодты ойлап табу кезінен бастап). Арада біраз уақыт өткенде, Ли де
Форест үшінші электродты орнатып, нəтижесінде үш электрондық
лампа-триод пайда болды. Триодтар негізінде ЭЕМ-дың негізгі
компоненттері болып табылатын электронды тез əрекет ететін реле
жəне триггерлер құрастыруға мүмкіндік туды.
Лампалы ЭЕМ-дың айқын кемшіліктері өте төмен үнемділігі,
(электронды шамдар көп энергия жұмсайтын, қатты жылу бөлетін
жəне көп орын алатын) жəне сенімсіздігі еді. Бірнеше мыңдаған
шамның біреуінің істен шығуы, ЭЕМ жұмысын толық тоқтатуына
əкеліп соғуы мүмкін еді.
1947 жылы У.Шоркли, Дж. Бардин и У. Бреттейннің мүлдем
жаңа электрондық құрылғы-транзистор ойлап табуымен төртінші
кезең басталды. Бұл жаңа құрылғының бойында электрондық
шамдардың көптеген кемшіліктері болмағандықтан, тұңғыш мини -
ЭЕМ-сын құрастыруға мүмкіндік берді. Жаңа типтік түйіндер мен
7
модульдер компьютерлердің өлшемдерін біршама кішірейтті.
Келесі шешуші қадам 1958 жылы интегралдық микросхема
құрастырылуымен
жасалды.
Интегралдық
микросхеманың
құрастырылуымен микроэлектрониканың бесінші кезеңі басталды.
Микросхема
барлық
қажетті
компоненттерді
жинақтады;
транзисторлар, резисторлар, конденсаторлар жəне оларды бір
кремний кристалында байланыстыратын өткізгіштер. Ақпараттық
технологиялардың одан əрі дамуы бірыңғай технологиялық сипат
алды – модуль компоненттерінің тұрақты түрде ұсақталуы,
сенімділіктің артуы, аудан жəне көлем бірлігінде түйіндер санының
көбеюі жəне т.б.
ХХ ғасыр үшін ғылымның, техниканың жəне жаңа
технологиялардың тым жедел дамуы тəн болды. Осылайша, XV
ғасырдың ортасында кітап басып шығару мен XIX ғасырдың
аяғында радиоқабылдағышты ойлап тапқанша шамамен 500 жыл
өтсе, радио мен теледидардың аралығы 50 жылдан да аз уақыт
болса, транзистор мен интегралды схеманы ойлап табудың арасы
небары 5 жыл.
Заманауи компьютерлердің ақпаратты өңдеу принциптері ешбір
өзгермесе де, алғашқы есептеуіш машиналардан айырмашылықтары
көп.
Ақпараттық технологиялар адамдарға өз қабілеттерін толық
ашуға жəне механикалық еңбектен шығармашылыққа қарай қадам
жасауға мүмкіндік береді. XXI ғасыр информатика, компьютерлік
технология, электрондық телекоммуникация
ғасыры болып
есептеледі, əдетте сандық ғасыр деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |