Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



жүктеу 4,15 Mb.
Pdf просмотр
бет19/50
Дата15.11.2018
өлшемі4,15 Mb.
#20297
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50

56 
 
орындаушыға  дейін  жəне  орындаушыдан  тапсырыс  берушіге  дейін 
сəйкестендіргеннен  кейін  орындалады.      Трассалау  үдерісінде 
əзірлеу  үдерісіне  ілесетін  элементтерді  –  құжаттар,  бағдарламалық 
кодтың  модульдері,  ерекшеліктер  жəне  т.б.  түріндегі  объектілерді   
дұрыс іске асыруын есепке алу ұсынылады.   
RUP  əдіснамасы  жоба  бойынша  жұмыстарды  жоспарлаудың  екі 
деңгейлі  схемасын  ұсынады.  Бұл  ретте  жобаның  жоспары  жəне 
итерация  жоспары  жасалады.    Жобаның  жоспары  сатыларға 
бөлінеді:  бастау,  нақтылау,  құрылымдау,  келесі  кезеңге  өту. 
Жобаның  күрделілігі  дəрежесіне  жəне  жүйе  əзірлеушілерінің 
біліктілігіне  байланысты  əр  сатыда  жекелеген  кезеңдер  —  ите-
рациялар белгіленеді.        
Талаптардың  қозғалысы  тұрғысынан  оларды  төрт  сыныпқа 
бөлуге болады. Оларды былай шартты белгілейміз: тапсырыс беруші 
— талап; талап — жүйе; жүйе  — талап;  талап — тапсырыс беруші. 
Талаптарды орындау үдерісін бақылау үшін талаптар матрицасы 
деп аталатын арнайы кестені пайдалану ұсынылады   (2.10 кесте). 
Ақпараттық жүйенің ӛмір циклінің модельдері. Жалпы түрде 
ISO  12207  стандарты  өмір  циклін  бағдарламалық  өнімді  əзірлеуді, 
пайдаланууды  жəне  сүйемелдеуді  қамтитын,  талаптарды  қоюдан 
бастап,  оны  пайдалануды  тоқтатуына    дейін  жүйенің  өмірін  
қамтитын,  үдерістерден,  жұмыстардан  жəне  міндеттерден  тұратын 
құрылым ретінде белгілейді.   
 
2.10-кесте 
Талаптар матрицасы 
Т
ал
ап
ты
ң 
шар
тт
ы 
бел
гіс
і 
К
оды
 
Функцио- 
налдық 
талап 
 
Талап 
оған 
қатысты  жүйенің 
элементі 
Бағдарламалық  код 
модулінің  шартты 
белгісі 
 
Код 
модулін 
тестілеу 
нұсқасының 
шартты белгісі 
T100  Тауарды  
код 
бойынша 
іздестіру 
Мəзір 
тармағы 
Тауарды іздестіру 
Код 
SKdTоvаr 
(Kоd As Long) 
Verifl _100 
T200  Тауарды 
атауы 
бойынша 
іздестіру 
Мəзір 
тармағы 
Тауарды іздестіру 
Атауы 
SNаimTоvаr  (N  AS 
String) 
Verif2_100 


57 
 
 
2.3-сурет. Өмір циклінің каскадтық моделі 
 
Бұл  ретте  нақты  модельдер  ұсынылмайды.    Бағдарламалық 
қамсыздандыруды  жəне  ақпараттық  жүйелерді  əзірлеу  үдерісінде 
өмір циклі моделінің үш нұсқасы пайдаланылады: каскадты моделі, 
кері байланыстары бар каскадты моделі жəне  шиыршықты моделі. 
Каскадты  модель  жүйені  құрудың  жəне  оны  пайдалануға 
енгізудің негізгі кезеңдерін белгілеуді көздейді  (2.3-сурет): 
• 
жүйеге қойылатын талаптарды талдау
• 
жүйені əзірлеу   — жобалау; 
• 
жүйені іске асыру; 
• 
енгізу— оны пайдалануға енгізу; 
• 
пайдалану үдерісінде жүйені сүйемелдеу. 
Каскадты технология — иерархиялық құрылым.Келесі кезеңдегі 
жұмыстар  басталар  алдында  бұдан  бұрынғы  кезең  аяқталуы  тиіс. 
Келесі  кезеңнің  əзірлеушілер  ұжымы  қажетті  құжаттаманың  толық 
жинақтамасын алуы тиіс. 
Каскадтық тəсілдеменің артықшылықтары - əр кезеңде жобалық 
құжаттаманың  толықтық  жəне  келісушілік    критерийлеріне  сай 
толық  жинағы  қалыптастырылады;  қисынды  ретпен  орындалатын 
жұмыс кезеңдері барлық жұмыстардың аяқталу мерзімін жəне тиісті 
шығындарды жоспарлауға мүмкіндік береді. 
Иерархиялық  каскадты  технология  жүйеге  қойылатын  талаптар 
толық көлемде тұжырымдалған жағдайда пайдаланылуы мүмкін.   
Ақпараттық  жүйені  əзірлеу  сəтінде  толық  анық  болмаған 
жағдайда  кері  байланыстары  бар  каскадты  модель  қолданылады   
(2.4-сур.).  Кері  байланыстың  болуы  жүйені  əзірлеген  кездегі 
итерациялар  туралы  айтуға  мүмкіндік  береді.  Белгілі  бір  кезеңге 
ауысқан кезде жүйеге қойылатын талаптарды нақтылау жəне əзірлеу 
үдерісіне өзгерістерді енгізу үшін  алдынғы кезеңдерге қайта оралу  
орындалады.   


58 
 
Өмір циклін қалыптастырудың каскадтық технологияларына бір 
ортақ  кемшілік  тəн  —    жобаларды  əзірлеудің  үлкен  мерзімдері, 
өйткені  жүйені  əзірлеу  үдерісіне  өзгерістерді  тек  белгілі  бір  кезең 
аяқталған соң ғана енігзуге  болады.   
2.4. сурет. Кері байланыстары бар каскадты өмір циклі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.5. сурет. Өмір циклінің шиыршықты моделі 
Шиыршықты  модель      жүйені  талдау  жəне  жобалау 
үдерістерінесүйенеді (2.5-сур.). Жүйенің немесе қосалқы жүйелердің  
бірнеше  жұмысқа  қабілетті  түпнұсқалары  құрылады,  шиыршықтың 
əр  кезеңінде  жүйенің  мақсаттары  мен  сипаттамалары  нақтыланады 
жəне  шиыршықтың  келесі  бұрамы  үшін  жұмыстар  жоспарланады.   
Бұл  өмір  циклінің  бастапқы  кезеңдеріне:  талдау  мен  жобалауға 
сүйенетін  өмір  циклінің  моделі.    Осы  кезеңдерде  техникалық 
шешімдердің  іске  асырылатындығы  түпнұсқаларды  құру  жолымен 
тексеріледі.   


59 
 
Шиыршықты  модельдің  негізгі  проблемасы  келесібұрамға  ауысу 
сəтін  анықтауда  тұрады.  Ауысу,  тіпті  барлық  жоспарланған  жұмыс 
аяқталмаса  да,    жоспарға  сəйкес  жүзеге  асырылады.  Жоспар 
алдынғы  жобалардан  жəне  əзірлеушілердің  жеке  тəжірибесінен 
алынған статистикалық деректер негізінде жасалады. 
Кезекті  бұрам  —  итеграция,  ол  жүйеге  қойылған  талаптарды 
жəне  оның  орындалуын  нақтылауға  мүмкіндік  береді,  алдыңғы 
итерацияға тəуелді емес.
 
 
2.4. 
Ақпараттық  жүйелерді  әзірлеген  кезде  
CASE-технологияларды пайдалану 
Қазіргі  ақпараттық  жүйелерді    талдау  мен    мен  синтездеу      — 
күрделі үдеріс. Жүйелердің əзірлеушілер жəне жүйелік талдаушылар 
қазіргі  ақпараттық  жүйелердің  ерекшеліктерімен  себептелген 
бірқатар проблемаларға тап болады.    
Мынадай ерекшеліктер белгіленеді: 
а)  ақпараттық жүйелер көптеген қосалқы жүйелерден тұрады; 
б)  əр  қосалқы  жүйе  басқа  қосалқы  жүйелермен  байланысқан, 
жəне де осы байланыстардың сипаты едəуір күрделі; 
в)  күрделі жүйелерді құру үдерісінде аналогтар мен түптұлғалар 
болмауы  мүмкін,  нəтижесінде  əзірлеушілер  ұжымы    жаңа  жобалық 
шешімдерді іздеуге мəжбүр болады; 
г)  жүйеде  жекелеген  қосалқы  жүйелердің  болуы  қосалқы 
жүйелер  арасындағы  өзара  іс-қимыл  қағидаларын  əзірлеу  арқылы 
оларды жүймен ықпалдастыру мəселелерін шешуді талап етеді. 
Ақпараттық  жүйелер  белгілі  бір  платформада  жұмыс  істейді.  
Платформа ретінде  операциялық жүйелер мен ЭЕМ типтері түсініледі. 
ЭЕМ  типі  оны  нақты  пəрмендер  жүйесі  процессор  құрамында 
пайдаланумен  белгіленеді.      Жүйені  əзірлеген  жəне  өрістеткен  кезде 
кейде  кросс-платформалық  қағидатын  есекпе  алу  қажет,  ол  құрылған 
жүйені 
оның 
бағдарламалық 
қамсыздандыруын 
қайта 
компиляциялаусыз  түрлі  платформаларда  пайдалануға  мүмкіндік 
береді. 
Жаңа жүйені құрған кезде əзірлеуші əдетте дайын жүйені жеткілікті 
қысқа мерзімде алуға тырысады.   
Күрделі жүйелерді əзірлеген кезде əдетте жүйені жекелеген қосалқы 
жүйелерге  бөлшектеу  орындалады,  олардың  əрқайсысын  жекелеген 
əзірлеушілер  ұжымы  əзірлейді.    Осындай  тəсілдеме  жекелеген 
əзірлеушілер  ұжымдары  арасындағы  əрекеттерді  үйлестіру  міндетін 
шешуді талап етеді. 
Жүйені  тапсырыс  берушіге  беру  жүйні  əзірлеумен    бірге 
құрылатын белгілі бір құжаттамамен сүйемелденеді. 
Жүйені  пайдалану  үдерісінде  орындаушы  тапсырыс  берушіге 
құрылған жүйені қолдаумен байланысты қызметтерді көрсетеді. Бұл 
ретте  жүйені  техникалық  қолдау,  персоналды  оқыту,  жүйені 
 
 


жүктеу 4,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау