60
жаңғырту, бөлшектеу сияқты міндеттер шешіледі. Осы кезеңдердің
əрқайсысы белгілі бір құжаттаманы шығаруды жəне жүйенің
бағдарламалық қамсыздандыруына өзгерістер енгізуді талап етеді.
Белгіленген проблемаларды шешуді автоматтандыру жəне
ақпараттық жүйелердің ерекшеліктерін есекпе алу үшін оларды
талдау жəне синтездеу үдерісінде бағдарламалық-технологиялық
құралдар кешені пайдаланылады. Осындай кешен CASE-құралдары
(Computer Aided Sоftwаrе Engineering) деп аталатын болды. бұдан
бұрын баяндалғанды ескере отырып, ақпараттық жүйелерді жəне
осындай жүйелерге арналған бақдарламалық қамсыздандыруды
құрудың белгілі бір технологиясы туралы айтуға болады.
Жұмыста [7] мынадай анықтама келтірілген: CASE- технология
жобалаудың əдістемесі, сондай-ақ жүйенің мəндік саласын көрнекі
түрде модельдеуге, осы модельді əзірлеудің жəне сүймелдеудің барлық
кезеңдерінде
талдауға
жəне
бағдарламалық
қамсыздандыруды
пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктеріне сəйкес əзірлеуге
мүмкіндік беретін аспаптық құралдар жинағы болып табылады.
CASE-құралдарды ойдағыдай енгізу үшін əзірлеуші-ұйымның
мынадай мүмкіндіктері болуы тиіс:
•
Бар мүмкіндіктердің тапшылығын түсіну жəне жаңа технологияны
қабылдау қабілеттігі;
•
Жаңа үдерістерді жəне əзірлеушілер мен пайдаланушылар
арасындағы өзара қатынастарды енгізуге дайындығы;
•
Енгізудің ең маңызды кезеңдеріне жəне үдерістеріне қатысты
анық басшылық ету жəне ұйымдастырушылық қабілеті.
CASE-жобалау технологиясы үш құрастырушыны пайдалануда
негізделеді: жобалаудың əдіснамасын, нотацияларды, аспаптық
құралдарды.
Әдіснама ақпараттық жүйелерді талдауды немесе синтездеуді
жүргізу қағидаларын белгілейді.
Нотация CASE-үдерісте пайдаланылатын құжаттар түрін оларды
ұсыну нысандарын белгілейді. Нотация негізінде жүйе құрылымының
элементтерін, үдерістерін жəне оның мəндік саласын көрсетудің
графикалық тілі жатыр. Осы тіл көмегімен мазмұнын диаграммалар
құратын құжаттар жасалады.
Аспаптық құралдар — белгілі бір əдіснаманы жəне нотацияны
іске асыратын бағдарламалық жəне аппараттық құралдар.
Жалпы CASE-құралдар құрамында мынадай қосалқы жүйелерді
белгілеуге болады: репозиторий (қойма), əкімшілік, жобаны
құжаттау; диаграммалардың графикалық редакторы жəне
олардытексеру қосалқы жүйесі; сервистік. CASE-құралдар негізін
репозиторий құрады. Ол жобалау жүйесінің деректер қоры болып
табылады, онда əдетте:
61
а) жобаның
түрлі
бөліктеріне
қолжетімдік
құқықтары
көрсетілген əзірлеушілер тізімі;
в) белгілі бір нотацияда құрылған диаграммалар;
г) деректердің сипаттамалары;
д) жүйенің деректері арасындағы байланыстардың сипаттамасы;
е) жүйенің бағдарламалық кодының модульдерісақталады.
Әкімшілік қосалқы жүйесін əзірлеушілер тарапынан жобаның
түрлі бөліктеріне қолжетімді құқықтарын басқару міндеттерін шешу,
бастапқы деректерді жəне жүйеге қойылатын талаптарды сипаттау
үшін құжаттаманы жасау, сондай-ақ жүйені құру үдерісін бақылау
үшін пайдаланады.
Жобаны құжаттау қосалқы жүйесі жобаның əкімшілеріне
жүйені құру үдерісі туралы жедел ақпаратты есептер түрінде алуға
мүмкіндік береді.
Диаграммалардың графикалық редакторы және оларды тексеру
қосалқы жүйесі жүйенің əзірлеушілеріне ЭЕМ көмегімен белгілі
бір нотацияда диаграммаларды құруға жəне оларды тексеруді
орындауға мүмкіндік береді.
Сервистік қосалқы жүйесі жүйенің репозиториіне қызмет
көрсетуге
арналған.
Ол
əзірлеушілерге
деректер
қорын
мұрағаттандыру, іркілістерден кейін оны қалпына келтіру сияқты
функцияларды ұсынады.
Қазіргі CASE-жүйелер алты негізгі белгілер бойынша
сыныпталады (2.11-кесте).
2.11-кесте
CASE-құралдар сыныптамасы
Топтастыру белгісі
Сипаттамасы
Жобалау əдіснамасы
Функционалдық-, құрылымдық- жəне
объектілік-бағдарланған, сондай -ақ құрама
(аралас)
Графикалық нотация
Бекітілген жəне еркін нотациямен жүйелер
Ықпалдастыру дəрежесі Жобалаудың
жекелеген
кезеңін
автоматтандыруға
мүмкіндік
беретін
жүйелер;
жобалаудың
бірнеше
кезеңін
қамтитын жүйелер; жобалық ицклдің барлық
кезеңдерін
автоматтандыруға
мүмкіндік
беретін жүйелер
62
2.11-кестенің соңы
Топтастыру белгісі
Сипаттамасы
Есептеуіш
құралдарының типі мен
архитектурасы
Ұжымдық
əзірлемені
қолдау дəрежесі
Операциялық
жүйенің
типі
Дербес жүйелер; жергілкті жəне жаһандық
желілерде пайдаланылатын жүйелер
Ұжымдық əзірлемені қолдамайды; жобаны
нақты уақытта əзірлеу жүйелері; жекелеген
кіші жобаларды біріктіруге мүмкіндік беретін
жүйелер
Белгілі бір операциялық жүйе типіне
бағдарланған жүйелер, кроссплатформалық
жүйелер
CASE-жобалау әдіснамалары. Жалпы əдіснамалар арасындаекі
негізгі əдіснаманы белгілеуге болады: DATARUN жəне RAD (Rapid
ApplicationDеvеlорmеnt) [5].
DATARUN әдіснамасы ISO 12207 ақпараттық жүйесінің өмір
циклінің стандартына негізделеді. Бұл əдіснама жүйенің өмір цмклін
бизнес-үдерістер мен белгілі үрдегі модельдер жиынтығы ретінде
қарастырады. Жобалау элементтері 2.12-кестеде келтірілген.
DATARUNəдіснамасының жұмыс элементтері 2.12-кесте
Элемент
Сипаттамасы
Business Prосеss
Бизнес-үдерістердің моделі. Ұйыммен
Mоdеl (BPM)
орындалатын функциялар, тапсырыс беруші-
ұйымның
құжат
айналымы
үдерісінде
пайдаланылатын шектеу-қағидалар тізбесі
Primarу Data
Бастапқы деректер құрылымы. Жүйенің мəндік
Struсturе (PDS)
саласында
белгілі
бір
объектілер
жинағын
белгілеуді көздейтін деректердің тұжырымдамалық
моделі
SystemProcess
Деректердің тұжырымдамалық моделі. Мəндік
Mоdеl (CDM)
саланың объектілері арасындағы байланыстарды
айқындау объектілердің атрибуттер тізбесін белгілеу
Sуstеm Prосеss
Жүйе үдерістерінің моделі. Ақпараттық ағымдарды
Mоdеl (SPM)
сыныптау, олардың ерекшеліктерін белгілеу
Information System
Ақпараттық жүйенің архитектурасы. Жүйенің
Агchitecture(ISA)
модульдері,
деректер
сипаттамасы
жəне,
олардыңтиптері, іске асырылған функциялары
Достарыңызбен бөлісу: |