Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



жүктеу 4,15 Mb.
Pdf просмотр
бет2/50
Дата15.11.2018
өлшемі4,15 Mb.
#20297
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50


тұрады жəне үлкен жүйенің бөлігі болып табылады. Осындай жүйе 
сол  үшін  құрылған  немесе  сатып  алынған  ұйым  болып  табылады. 
Жүйелік  тəсілдеме  автоматтандырылған  жүйелердің  бірнеше 
ерекшеліктерін белгілеуді көздейді. 
Ақпараттық  жүйе  —  бұл  оның  құрамына  адам  қатысатын 
жүйе. Адам ақпараттық жүйе құрамында жекелеген қосалқы жүйені 
құрады.    Жалпы  екі  осындай  қосалқы  жүйені  бөліп  шығаруға 
болады:    
1)
пайданалушылар —ақпараттық жүйелерді тұтынушылар;
2)
операторлар — осы жүйеге қызмет көрсететін жеке тұлғалар.
Ақпараттық  жүйе  жүйені  белгілі  бір  функцияларын  іске
асыратын  жекелеген  элементтерден  тұрады.  Элементтердің 
жиынтығы осы жүйенің құрылымын түзеді. Жекелеген элементтер 
жүйенің құрылымынан тыс жұмыс істей алмайды.   
Дербес  ЭЕМ  саласындағы  техникалық  ілгерілеу  ақпараттық 
жүйелерді  жобалаудың  автоматтандырылған  технологияларын 
кеңінен  енгізуге  мүмкіндік  берді.    Осындай  технологиялар 
жобалаудың  CASE-жүйелері  түрінде  іске  асырылады.    CASE-
жобалау технологиялары: 

жаңа ақпараттық жүйлерді əзірлеуге;

бұрын құрылған немесе сатып алынған жүйелерді зерттеуге;

жүйені  тапсырыс  берушіге  бергеннен  кейін  оған  техникалық
қолдау көрсету үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік береді.  
Ақпараттық жүйе құрамында оның негізгі элементі жүйенің пəн 
саласын  ЭЕМ  көмегімен  өңдеуге  жарайтын  модель  ретіндегі 
бейнесін білдіретін деректер ауқымы болып табылады. Ақпараттық 
жүйенің  мақсатына  байланысты  осындай  модель  белгілі  бір 
деректерді, құжаттарды, фактілерді жəне оларды өңдеу қағидаларын 
электрондық түрде ұсына алады.     
Қазіргі  уақытта  пəн  саласының  модельдерін  құрудың  түрлі 
технологиялары  əзірленген.  Модельді  құру  Деректерді  ЭЕМ 
көмегімен  белгілі  бір  əдіснама  бойынша  өндеу  технологиясымен 
тығыз байланысты.   
Жүйенің  функцияларын  бағдарламалаудың  жəне  пəн  саласын 
модельдеудің 
заманауи 
тəсілдемелерінің 
бірі 
объектілік 
технологияны  пайдалану  болып  табылады.  Осы  технологияны  іске 
асыру  үшін  С++,  Jаvа,  Objесt  Pаsсаl  сияқты  жоғары  деңгейдегі 
тілдер 
ұсынатын 
объектілік 
бағдарламалау 
құралдары 
қолданылады.  Объектілік    технология  негізіндегі  ақпараттық 
жүйелердің анализі мен синтезінің үдерісі UML əмбебап модельдеу 
тілі арқылы орындалады.   
Объектілік  технология  постреляциялық  типті  деректер  қорларын 



басқару жүйелерін (ДҚБЖ) құрған кезде кеңінен таралды.  
Объекттілік  парадигма  ақпараттық  жүйенің  пəн  саласында 
объектілерді белгілеу жəне олар арасында байланыстар орнату үшін  
пайдаланылатын IDEFX1 əдіснамасында да өз көрінісін тапты. 
Объектілік  əдіснамалармен  бірге  құрылымдық-функционалдық 
əдіснамалар  кеңінен  таралған.  Осы  əдіснамалар  ұйымның  бизнес-
үдерістерінің  анализі  мен  синтезін  орындауға  мүмкіндік  береді.  
Құрылымдық-функционалдық əдіснама   IDEF0 əдіснамасы түрінде 
пайдаланылады.  
Ақпараттық  жүйелерде  өтетін  үдерістер  құрылымының  анализі 
мен  синтезі    деректердің  ағымдарын  бағалау  əдіснамасы  жəне 
жұмыстар  ағымының  əдіснамасы  сияқты  түрлерінің  көмегімен 
жүргізіледі.    Жұмыстар  ағымының  анализі    IDEF3  əдіснамасы 
шеңберінде  жүзеге  асырылады.  Деректер  ағымының  анализі 
əдіснамасы  не  дербес,  не  жүйелік  əдіснамалар  құрамында 
пайдаланылады.  
Жүйелік  тəсілдеме  ұйымдарға  арналған  ақпараттық  жүйелерді 
əзірлеген  кезде  түрлі  факторларды  есепке  алуды  талап  етеді. 
Ұйымның 
пəн 
саласын 
модельдеу 
жəне 
құрылымдық 
байланыстарын  талдау  үшін    BAAN,  Ora^  сияқты  фирмалармен 
əзірлеушілерге 
ұсынылатын 
түрлі 
жүйелік 
əдіснамалар 
пайдаланылады. Жүйелік əдіснамаларға ұйымды модельдеуге жəне 
əзірленетін ақпараттық жүйенің функционалдық жəне құрылымдық 
ерекшеліктерін  белгілеуге  мүмкіндік  беретін  ARIS  əдіснамасы 
жатады.   
Жүйелік 
тəсілдеме, 
сондай-ақ 
ақпараттық 
жүйелерді 
пайдаланудың  экономикалық  тиімділігін  анықтаған  кезде  жəне 
жүйе  жұмысының  сапасын  бағалауға  мүмкіндік  беретін 
көрсеткіштерді есептеген кезде қолданылады.   



1 -   т а р а у  
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН 
АҚПАРАТТЫҚ 
ЖҮЙЕЛЕРДІ 
ӘЗІРЛЕГЕН 
КЕЗДЕГІ 
ЖҮЙЕЛІК 
ТӘСІЛДЕМЕ   
1.1. 
Жалпы ережелер 
Қоршаған  ортадан  оқшауланған  жəне  онымен  қандай  да  бір 
бүтіндік  ретінде  өзара  əрекеттесетін  қандай  да  бір  элементтер 
жиынтығы  жүйе  деп  аталады.  Жүйенің  маңызды  ерекшелігі  оның 
функциясын жекелеген элементтермен орындаудың мүмкін еместігі. 
Осы  ерекшелік  эмердженттілік  деп    аталатын  болды.Жүйе 
неғұрлым  күрделі  болса,  оны  құрайтын  элементтер  мен  оның 
арасындағы айырмашылық соғұрлым көп болады.   
Жүйе  қоршаған  ортамен  өзара  əрекеттеседі.  Бұл  ретте  жалпы 
мынадай алмасу нысандары белгіленеді: энергиямен алмасу, затпен 
алмасу, ақпаратпен алмасу. 
Жүйелер  екі  үлкен  санатқа  бөлінеді:  табиғи  жəне  жасанды. 
Жасанды  жүйелерді  адам  өз  қызметі  үдерісінде  жасайды.  Жасанды 
жүйелер  құрамына  жүйенің  үш  негізгі  санаты  кіреді:  техникалық, 
автоматтандырылған жəне ұйымдастырушылық. Адаммен құрылған 
жүйелер  белгілі  бір  мақсатты  қанағаттандыру  үшін  пайда  болады.  
Бұл ретте себеп-салдарлық тізбек туралы айтуға болады: қажеттілік 
— мақсат— жүйенің жұмысы—нəтиже. Осы реттілікте қажеттілік 
адамды  сыртқы  ортамен,  соның  ішінде  əлеуметтік  ортамен 
объектівиті  байланыстыратын  нəрсе,  оның  тіршілік  əрекеті  мен 
өмірін қамтамасыз етудің қандай да бір шарты ретінде белгіленеді. 
Өз  кезегінде  мақсат  —  тəжірибе  нəтижелері  бойынша 
бағаланған,  қолда  бар  нақты  мүмкіндіктер  жағдайында  бастапқы 
қажеттілікті  қанағаттандыра  алатын  келешек  нəтиженің  қандай  да 
бір моделі туралы жиынтық ұғым. 
Нəтижені алу үшін жүйенің белгілі бір жұмыс істеу əдісі қажет, 
яғни жүйені басқару қажеттілігі туындайды.  
Жүйені  басқару  жалпы  түрінде  үш  əдіспен  іске  асырылуы 
мүмкін:   
1)
басқаруды
шығыс 
сигналдарды 
ескере 
отырып, 
қалыптастыру; 
2)
басқаруды  шығыс  сигналдардың  өзгеруін  жəне  жүйенің
құрылымындағы өзгерістерді ескере отырып қалыптастыру; 


жүктеу 4,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау