53
іріктеп алады.
Пікірсайысты ұйымдастыруды «үйлестіруші» бақылайды.
JAD-кеңестер. IBM компаниясымен ұсынылған əдістеме.
Кеңесті өткізетін талдаушылар тобы құрамына мына адамдар кіреді:
тұлғааралық коммуникациялар саласындағы маман — ақпараттық
жүйенің мəндік саласында хабардар болуы тиіс, бірақ ақпараттық
жүйелерді əзірлеу проблемаларында –сонша жақсы емес,
кездесудің
стенографшысы
оның
нəтижелерін
деректердің
электронды
тасымалдағышында
тіркейді,
пайдаланушылар
талаптарды қалыптастырады, əзірлеу үдерісіне қатысады; жүйенің
əзірлеушілері проблемалық саланы жақсы түсіну үшін бейтарап
режимде жұмыс істейді.
Түптұлғалау. Бұл жүйенің жаңа моделін құру. Модель онда
орындаушы тапсырыс берушінің талаптарын қалай түсінгені
көрсетілетін «айна» болып табылады.
Жүйеге қойылатын талаптарды айқындау нəтижесі олардың
арнайы тізбесін – тізілімді қалыптастыру болып табылады.
Тізілімдегі талаптар «пайдалану нұсқалары» жəне «акторлар» тізбесі
болып табылады. пайдалану нұсқасын белгілеудің басқа нұсқасы —
прецедент. Прецедент — екі негізгі қасиеттерге ие жүйенің
функциясы: ол нақты пайдаланушыға пайдалы болуы тиіс жəне оны
пайдалану нақты нəтижені алуға мүмкіндік береді. Актор — бұл
функцияны орындаудың бастамашысы. Актор ретінде жүйенің
пайдаланушысы, қосалқы жүйе, басқа жүйе жəне т.б болуы мүмкін.
Тізілім глоссариймен — мəндік саланың терминдері мен
объектілері сөздігімен толықтырылады.
Талаптарды басқару — бұл жүйеге қойылатын талаптарды
айқындауға, ұйымдастыруға жəне құжаттауға жүйелік тəсілдеме,
сондай-ақ клиент пен əзірлеу тобы арасындағы жүйеге қойылатын
талаптарды өзгерту жайындағы келісімді орнату жəне қолдау. Осы
келісім, бастапқы талаптардың мəтіндері сияқты, құжаттық
рəсімдеуге жатады.
Талаптарды басқару жөніндегі əрекеттерге:
•
талаптардың негізгі нұсқасын анықтау (өнімнің нақты
нұсқасы үшін талаптардың мезеттік кесіндісі);
•
талаптарды ұсынылатын өзгерістерін қарап шығу жəне əр
өзгерістің ықтимал əсерін оны қабылдау алдында бағалау;
•
талаптардың мақұлданған өзгерістерін жобаға белгіленген
əдіспен енгізу;
•
жоба жоспарын талаптармен келісу;
•
талаптарды өзгертудің бағаланған əсеріне негізделген жаңа
мəн-жайларды талқылау;
•
жобалауға дейінгі жекелеген талаптарды, бастапқы кодты жəне
54
тестілеу нұсқаларын қадағалау;
•
талаптардың жəне оларды өзгерту жөніндегі əрекеттерді
мəртебесін барлық жоба бойы қадағалау жатады.
Жүйеге қойылатын талаптар негізінде талаптардың базалық
нұсқасы – əзірлеушілер оларды жүйенің белгілі бір нұсқасында іске
асыруға міндеттенген функционалдық жəне фнункционалдық емес
талаптар жинағы жатыр.
Талаптарды басқару үдерісі:
а) талаптардың түрлі құжаттарының нұсқаларын бақылау
жөніндегі құралдарға, амалдарға келісімдерге;
б) талаптардың базалық нұсқасын жасау қағидаларына;
в) пайдаланылатын талаптардың мəртебесіне жəне оларды
өзгертуге құқығы бар адамдар санаттарына;
г) жаңа талаптар жəне қолданыстағы талаптардың өзгерістері
олар арқылы ұсынылатын, өңделетін, талқыланатын жəне барлық
мүдделі тұлғаларға берілетін тəсілдеріне;
д) ұсынылған өзгеріс əсерін талдау əдістеріне;
е) жобаның жоспарлары жəне міндеттемелерінің талаптардың
өзгерістерімен байланысын қадағалауға негізделеді.
Талаптарды құжаттау үшін талаптардың атрибуттері ұғымы
пайдаланылады. Талаптардың мынадай атрибуттері белгіленеді:
•
талаптың құрылған күні;
•
оның ағымдағы нұсқасының нөмірі;
•
талаптың авторы;
•
талапты қанағаттандыру үшін жауапты адам;
•
талап үшін жауапты адам немесе мүдделі тұлғалар тізімі
(ұсынылған өзгерістер туралы шешім қабылдау үшін);
•
талаптың жай -күйі;
•
талаптың шығу тегі немесе көзі;
•
талаптың қисынды негіздемесі;
•
талап оған арналған қосалқы жүйе (немесе қосалқы жүйелер);
•
талап оған арналған өнім нұсқасының нөмірі;
•
пайдаланылатын тексеру əдісі немесе жарамдылығын тестілеу
критерийі;
•
іске асыру басымдығы;
•
талаптың тұрақтылығы.
Жүйеге қойылатын талаптардың орындалуын бақылау «орындау
мəртебесі» ұғымы арқылы жүргізіледі. Мəртебе талаптың жағдайын
көрсетеді (2.9-кесте).
Талаптарды басқару бойынша негізгі еңбек шығыны:
•
талаптарды жəне жаңа талаптарды өзгерту ұсынысы;
•
ұсынылған өзгерістерді бағалау, соның ішінде өзгерістердің
əсерін бағалау;
55
Талаптың жағдайы 2.9-кесте
Жағдайы
Сипаттамасы
«Ұсынылды»
Талап авторландырылған көзбен сұратылды
«Мақұлданды» Талап талданды, оның жобаға əсері есептелді, ол
жүйенің базалық нұсқасында орналастырылды . Жобаға
мүдделі тұлғалар осы талаппен келісті, ал жүйенің
əзірлеушілері оны іске асыруға міндеттенді
«Іске асырылды» Талапты іске асыратын жобалық шешім орындалды
«Тексерілді»
Талап бақыланатын үлгіде тексерілді. Талап аяқталды
деп есептеледі
«Алып тасталды» Бекітілген талап базалық нұсқадан алып тасталды.
Алып тастау себебі жəне осы шешімді қабылдаған
орындаушы көрсетіледі
«Қабылданбады» Талап ұсынылды, бірақ келешек нұсқалардың біреуінде
де іске асыруға жоспарланған жоқ . Алып тастау себебі
жəне осы шешімді қабылдаған орындаушы көрсетіледі
•
жұмысты өзгерту;
•
талаптар құжаттамасын немесе деректер қорын жаңарту;
•
талаптарды өзгерту туралы мүдделі топтарға жəне жекелеген
тұлғаларға хабарлау;
•
бақылау жəне талаптардың жағдайы туралы есеп беру;
•
талаптарды трассалау туралы ақпаратты жинау.
Талаптарды
қалыптастыру
үдерісін
басқарған
кезде
жоспарланбаған ӛзгерістерді есепке алу қажет, бұл жаңа
функционалдықты ұсыну жəне жобаға қойылатын талаптардың
базалық нұсқасын бекіткеннен кейін мəнді түрлендіру ретінде
түсіндіріледі. Осындай өзгерістерді есепке ал үшін арнайы орган –
өзгерістерді басқару жөніндегі кеңес құрылады.
Өзгертуге сұрау салу қабылдануы немесе қабылданбауы мүмкін.
Бірінші жағдайда оны жоба бойынша жұмыстар жоспарына енгізу,
екінші жағдайда – дəлелді бас тартуды тұжырымдау қажет.
талаптарды өзгерту жайында шешім қабылдаған кезде əдетте
өзгерістің тапсырыс беруші үшін маңыздылығы дəрежесіне жəне
жүйенің əзірлеушісі шегетін шығындарға сүйенеді.
Тапсырыс беруші оларды ұсынған сəттен бастап орындаушы
іске асырған сəтіне дейін талаптардың дамуын қадағалау үшін
талаптарды
трассалау
технологиясы
қолданылады.
Талаптардытрассалау оларды ек бағытта: тапсырыс берушіден
Достарыңызбен бөлісу: |