17
§ 4. ЖЕРДІҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ
ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Сен Жердің ішкі бөлігі қыртыстардан тұратынын төменгі сыныптар-
дан білесің. Енді сол қыртыстардың өзіне тән ерекшеліктерімен таны-
сасың.
Жер қыртысы – Жердің ең үстіңгі бетінде орналасқан қатты қа-
бығы. Қалыңдығы орташа 35-40 км. Материясының орташа тығыздығы
2,7 g/см³, Жер көлемінің 1%-ын, массасының 0,4%-ын құрайды. Ман-
тиядан Мохо шекарасы арқылы бөлініп тұрады. Жер қыртысы хи-
миялық элементтерден, минералдардан, тау жыныстарынан тұрады. Ең
көп тараған химиялық элементтер: оттегі, кремний және алюминий.
Сен 6-сыныптың оқулығынан Жер қыртысы материктер мен мұхит-
тардың жер қыртысына бөлінеді дегенді оқығансың. Ал енді оларға қо-
сымша түрде аралық және рифтоген жер қыртыстарына да бөлінетінін
біліп аласың. Саған белгілі болғанындай, материктік жер қырты-
сы 3 қабаттан, яғни шөгінді, граниттік және базальттық қабаттардан
құралған. Бұндай қабаттарды айыра білу шарт. Шөгінді қабат ең үстің-
гі бетте орналасқан, қалыңдығы 15-20 км-ге дейін, әктас, құм, балшық
және басқа заттардан тұрады. Граниттік және базальттық қабаттардың
әрқайсысының қалыңдығы 10-15 км-ді құрайды.
Мұхиттық жер қыртысы мұхит түбіне тура келеді. Қалыңдығы
5-10 км, шөгінді және базальттық қабаттардан құралған.
Аралық жер қыртысының орташа қалыңдығы 15-30 км, 3 бөліктен
тұрады: шеткі теңіз ойыстары, аралдар доғасы және терең шұңғыма-
лар. Теңіз ойыстары мен терең шұңғымалар астында граниттік қабат
жоқ, олар шөгінділер мен базальттық қабаттардан тұрады. Граниттік
қабат тек аралдар доғасында пайда болады. Олар Еуразия материгінің
шығыс жағалауларында, Солтүстік және Оңтүстік Американың шығыс
және батыс жағалауларында бар.
Рифтоген жер қыртысы орта мұхит жоталарына тура келеді. Қа-
лыңдығы 1,5-2 км, 2 қабаттан құралған. Шөгінді қабаттың қалыңдығы
1-2 км, ал рифті (маржанды) аңғарлардағы (жер жарықтарындағы) ба-
зальттық қабат жайлап үгіледі әрі оншалықты қалың емес.
Мантия – жер қыртысы мен ядро арасындағы қабық. Материясы-
ның тығыздығы 5,7 g/см³, Жер көлемінің 83%-ын, массасының 68%-ын
құрайды. Екі қабаттан тұратын бұл қабықтың жоғарғы мантиясы 900
18
км, ал төменгі мантиясы 2900 км тереңдікке дейін созылады. Темпера-
турасы 2000º С-ге, ал ядромен шекарасында 3800ºС-ге жетеді.
Ядро – Жердің ең терең, ішкі бөлігі. Материяларының тығыздығы 16 g/
см³-қа дейін барады. Жер көлемінің 16%-ын, массасының 31%-ын құрайды.
Ол да екі бөліктен тұрады да, сыртқы ядро 5100 км тереңдікке дейін, ал
ішкі ядро Жер орталығына дейін барады. Температурасы 4000º С-ден артық.
Литосфера – Жердің қатты тас қабығы, Жер қыртысы мен жоғарғы
мантияның бір бөлігін қамтиды және астеносфера қабаттарына де йін со-
зылып, қалыңдығы 150-200 км-ді құрайды. Литосфера біртұтас емес, те-
рең жер жарықтары мен ірі бөліктерге – литосфера плиталарына бөлінген.
Олар астеносфераның үстінде жылына 5-10 см жылдамдықпен горизонталь
бағытта жылжиды. Литосфера плиталарының саны 13, олардың аттары,
жылжу бағыттары және жылдамдығы туралы мәліметтерді 6-сыныптың ат-
ласындағы “Жер қыртысының құрылысы” картасынан біліп алуыңа болады.
Литосфера плиталары түйіскен жерлерде жанартаулардың атқылауы мен
жер сілкінулер жиі болады. Бұндай аймақтар сейсмикалық аймақтар деп
аталады. Жер бетінде екі маңызды сейсмикалық; аймақ бар: 1) Тынық
мұхит “отты” сақинасы; 2) Альпі-Гималай сейсмикалық аймағы. Тынық
мұхит “отты” сақинасы Тынық мұхиттың жағалаулары мен оған тұта-
сып жатқан аралдарды қамтиды. Альпі-Гималай сейсмикалық аймағы Ат-
лант мұхиты жағалауларынан басталып, Пиреней түбегі, Гималай таулары
арқылы өтіп, Тынық мұхит жағалауларына дейінгі аумақтарды қамтиды.
Өзбекстан Альпі-Гималай сейсмикалық аймағына орналасқан. Сол себепті
елімізде кей жылдарда күшті жер сілкінулер болып тұрады.
Жер сілкінісі – Жер қыртысының ішкі бөлігінде болатын үзілу, сыну,
жылжу секілді үдерістерге байланысты сілкінулер. Олар себептеріне қарай:
тектоникалық, жанартаулық және опырылу зілзалалары болып бөлінеді. Зіл-
заланың күші 10 яки 12 баллдық сейсмикалық шкала көмегімен анықталады.
Біздің елімізде 12 баллдық сейсмикалық шкала пайдаланылады (2-кесте).
Жанартаулар (вулкандар) – Жер астында болатын тектоникалық қозғалыс-
тар нәтижесінде туындаған жарықтар арқылы лава, ыстық газ, су булары және
басқа жыныстардың шығып тұруынан пайда болған конустәрізді, доғатәрізді,
күмбезтәрізді таулар мен төбелер. Вулканның аузы – кратер, түбі – магма
ошағы, мұржа тәрізді тіп-тіке орта бөлігі – вулкан каналы деп аталады. Жанар-
тау кратерінен атқылайтын лаваның температурасы 1500º С-ге дейін барады.
Жанартаулар шартты түрде сөнген және әрекеттегі вулкандар болып бөлінеді.
Бүгінгі таңда ғаламшарымызда 800-ден астам әрекеттегі жанартаулар бар.
19
2-кесте
12 баллдық сейсмикалық шкаланың қысқаша сипаттамасы
Балл
Зілзала
күші
Қысқаша сипаттамасы
1
Сезілмейді
Тек сейсмикалық аспаптар арқылы тіркеледі.
2
Өте әлсіз
Көпшілік сезе бермейді. Тыныш күйдегі адамдар ғана сезеді.
3
Əлсіз
Үй ішіндегі кейбір адамдар ғана сезеді.
4
Сезіледі
Үйдегі адамдардың дені сезеді. Заттар қозғалады.
5
Күшсіздеу
Үй мен мебель тербеледі. Ұйқыдағылар оянады.
6
Күшті
Барлығы сезеді. Адамдар сыртқа асығады, кейбір заттар орнынан жылжи-
ды, үй сылағы көшіп түседі.
7
Өте күшті
Ғимараттар зардап шегеді, қабырғалар жарылады. Шикі кірпіш пен пақса-
дан соғылған үйлер бұзылып, тауларда көшкін болады.
8
Қиратушы
Ғимараттар қатты зақымданады, тауларда көшкін болады.
9
Өте қатты
қиратушы
Кірпіш-бетон үйлер қирап, жерасты құбырлары үзіледі. Жартастар құлап,
төбелер жылжиды. Жер жарықтары 10 см болады.
10
Жексендеуші
Жер бетінде үлкен (ені 1 м-ге дейін) жарықтар пайда болады. Тоғандар мен
бөгендер бұзылып, теміржолдар бүгіледі. Жаңа көлдер пайда болады.
11
Қайғылы
Жер бетінде кең де терең жарықтар пайда болады. Жер вертикаль және
горизонталь бағытта сілкінеді. Тау құздары аударылады, көпір, тоған,
темііржол толық қирайды.
12
Өте қайғылы
Жер бетінің бейнесі, бедері өзгереді. Жер беті бүрмеленеді, биік шыңдар
құлайды, өзендердің арналары өзгереді.
Бұдан тыс Жердің ішкі күштерінің әсерімен гейзерлер мен ыстық
бұлақтар атқылауы, жер бетінің бір бөлігі жайлап шөгуі, ал басқа бөлі-
гінің көтерілуі де ықтимал. Гейзерлер мен ыстық бұлақтар негізінен жа-
нартаулы аймақтарда кездеседі. Оларды ғимараттарды жылытуға және
электр энергиясын алуға пайдаланады. Бұндай жұмыстар Исландия, Жа-
пония, Италия, Ресей және Жаңа Зеландия мемлекеттерінде жақсы қолға
алынған.
Жер қабықтары, жер қыртысы, мантия, ядро, литосфера, сейсмикалық аймақ, зіл-
зала, жанартау, сейсмикалық шкала.
Достарыңызбен бөлісу: |