Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет9/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53

24
Жердің  геологиялық  дамуының  токембрий  суперэоны  4  млрд  жылға 
созылған.  Бұл  кезең  Жер  тарихының  ғаламшар  пішінін  алған  күнінен 
бастап,  протерозой,  архей  және  хадес  эондарын  қамтиды,  ол  бұдан  541-
570  млн  жыл  бұрын  аяқталған.  Бұл  кезеңде  тектоникалық  қозғалыстар, 
магматизм  құбылыстары,  Жерді  метеориттер  “жаңбыры  тасборан”  етуі 
күшті  болған.  Атмосфера  негізінен  азот,  аммиак,  көмірқышқыл  газ,  су  бу-
лары,  метан,  сутегі,  инертті  газдар,  қышқылдар  сияқтылардан  құралған. 
Кейбір  ғалымдардың  пікірлеріне  қарағанда,  атмосфера  бастапқыда  отте-
гісіз  болған.  Жер  қыртысы  суыған  соң  (судың  қайнау  температурасынан 
төмен түскеннен кейін) Жер бетінің белгілі бір ойпаттау жерлерінде шағын 
су  қоймалары  (көлдер  мен  теңіздер)  пайда  болады.  Олар  бір-бірімен  тұта-
сып,  ірі  су  айдындарын  құраған  және  олар  мұхит  деп  аталған.  Кезеңнің 
соңында  тау  жыныстарының  үгілуі  мен  эрозияның  салдарынан  шөгінді 
жыныстардың  шоғырлануына  қолайлы  жағдай  туындаған.  Ғалымдар  ли-
тосфераның,  атмосфера  мен  гидросфераның  қалыптасуында  жанартаулар  
негізгі  міндетті  атқарған  деп  санайды.
Фанерозой    Жердің  геологиялық  дамуындағы  екінші  ірі  суперэон  бо-
лып  табылады.  Оның  осы  күнге  дейін  өмір  сүріп  келе  жатқанына  541 
млн  жыл  болды.  Ол  өзінен  бұрынғы  кезеңнен  тірі  ағзалар  қалдықтары-
ның  көптігімен  ерекшеленіп  тұрады.Бұл  кезең  бір  фанерозой  эоны  мен 
үш  эраны:  палеозой,  мезозой  және  кайнозой  эраларын  қамтиды.
Астрономиялық  кезең,  геологиялық  кезең,  биологиялық  кезең,  антропогендік  кезең, 
геохронология, геохронологиялық шкала, токембрий, фанерозой.
1.  Геохронология деген не?
2.  Геохронологиялық шкала қалай түзіледі?
3.  Жер дамуының қандай кезеңдерін білесің?
4.  Дәптеріңе геохронологиялық кестені сыз және кестедегі көтерілген таулар мен өл-
келерді картадан тап.
 
 
§ 6. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Қымбатты  оқушы,  Сен  төменгі  сыныптарда  географиялық  қабық,  оның 
шекаралары  мен  ерекшеліктері,  жалпы  заңдылықтары  туралы  біліп  алған-
сың.  Бұл  тақырыпта  сол  білімдеріңді  одан  әрі  тереңдетесің.
Жердің  ішкі  және  сыртқы  (ғарыш)  себепшарттары  мен  үдерістері  жер 
қыртысының  беткі  бөлігінде  түйісіп  және  өзара  әсерлесіп,  ғаламшарымыз-


25
дың  басқа  бірер  бөлігінде  кездеспейтін  өзіндік  жүйені  –  географиялық  қа-
бықты  қалыптастырған. 
Географиялық  қабықтың  маңызы  сол,  тек  осы  қабықта  ғана  су  үш  түр-
лі  күйде  кездеседі,  жануарлар  мен  өсімдіктер  жасайды,  топырақ  қабаты 
пайда  болады,  түрлі  тау  жыныстары  мен  бедер  пішіндері  қалыптасады, 
күн  энергиясы  шоғырланады  және  ерекшеліктерін  өзгертеді.  Ең  басты-
сы,  бұнда  өмір  бар,  адамзат  қоғамы  тек  осы  қабықта  пайда  болды,  өмір 
сүруін  жалғастырып,  дамып  келеді.
Географиялық  қабықтың  түзілісі  өте  күрделі.  Онда  3  құрамдық  түзіліс 
дəрежесі:  геокомпонентті,  геосфералы,  геожүйелі  дəрежелер  бар.
Геокомпонентті  ең  қарапайым  түзіліс  дәрежесі.    Геокомпоненттер 
жер  бетіндегі  бірдей  күйдегі  (қатты,  сұйық,  газтәрізді)  материялар  бо-
лып  табылады.  Бұлар  –  тау  жыныстары,  топырақ,  су,  ауа,  өсімдіктер 
мен  жануарлар.
Геосфералы  түзіліс  жалғыз  геокомпоненттен  құралған  геосфералардан 
тұрады. Геосфералар географиялық қабықтың вертикаль түзілісін белгілейді, 
олар  салыстырмалы  ауырлығы  бойынша  вертикаль  жүйеленіп  орналасқан: 
литосфера,  гидросфера,  атмосфера  және  биосфера.  Литосфера,  гидросфе-
ра  және  атмосфера  дерлік  бір  түрлі  заттардан  тұратын  тізбекті,  біртұтас 
қабықты  құрайды.  Ал  биосфера  тірі  ағзалар  тараған  қабық  болғандықтан, 
біртұтас  емес.  Ол  өзге  қабықтардың  құрамына  енеді  және  жоғарыда  ай-
тылған  қабықтардың  тұтасқан  жерінде  жұқа  қабатты  құрайды.
Геожүйелі  түзіліс  географиялық  қабықтың  горизонталь  түзілісін  бей-
нелейді.  Геожүйелер  барлық  компоненттерді  қамтып,  олардың  өзара  әсері 
мен  байланыстарынан  пайда  болған  күрделі  жүйелерге  жатады.  Бұл  тура-
лы  9-тақырыпта  толығырақ  мәлімет  беріледі.
Cен  географиялық  қабықтың  шекаралары  жөнінде  төменгі  сыныптар-
да  оқығансың.  Географиялық  қабықтың  өлшемдері,  төменгі  және  жоғарғы 
шекаралары  жөнінде  ғалымдардың  пікірлері  әр  түрлі.  Оның  шекарасы 
барлық  геокомпоненттердің  өзара  әсерінде  болатын  және  географиялық 
заңдылықтар  көрініс  табатын  беттен,  деңгейден  өткізіледі.  Бұл  шекара 
Жер  бетінің  түрлі  бөліктерінде  әр  түрлі  қалыңдыққа  ие  болады.
Географиялық  қабық  оны  құрайтын  қабықтардан  көптеген  ерекшелік-
тері  бойынша  дараланып  тұрады.  Олардың  негізгілері  төмендегілер:
1.  Географиялық  қабықтың  материялық  құрамы  мен  түзілісінің  алуан 
түрлілігі.  Географиялық  қабықта  материялар  үш  түрлі,  яғни  қатты,  сұ йық 
және  газтәрізді  күйінде  кездеседі.  Олардың  физикалық  және  химиялық 


26
ерекшеліктері  алуан  түрлі  және  айнымалы.  Заттардың  құрылысына  орай, 
олардың  органикалық,  бейорганикалық  және  аралас  түрлері  болады.
2.  Географиялық  қабықта  энергияның  алуан  түрлері  кездеседі.  Күн 
энергиясы  химиялық  үдерістерге,  жылу  энергиясы  мен  механикалық  энер-
гияға  айналады.
3.  Географиялық  қабықта  жылудың  өзгеруі  және  жиналуы.  Географи-
ялық  қабыққа  жылу  ғарыштан  және  Жердің  ішкі  бөлігінен  келеді.  Бұл 
жылудың  бір  бөлігі  органикалық  заттарда  және  олардың  қалдықтарында 
жиналады  (көмір,  газ,  мұнай,  торф  және  т.б.).
4.  Географиялық  қабықта  оны  құрайтын  компоненттер  мен  геосфера-
лардың  өзара  әсері  және  байланыстары  нәтижесінде  сапалық  тұрғыдан 
жаңа  өнімдер  –  геожүйелер  пайда  болған.
5.  Географиялық  қабықта  тіршіліктің  болуы.  Тірі  ағзалар,  соның  ішінде 
адам  үшін  тек  осы  жерде  ғана  қолайлы  орта  бар.
6.  Географиялық  қабық  өзіне  тән  заңдылықтар  негізінде  дамиды.
Географиялық  қабықтың  бірнеше  заңдылықтары  бар,  олардың  негіз-
гілері:  біртұтастық,  зоналылық,  азоналылық,  материялар  мен  энергия-
лардың  айналма  қозғалысы,  ырғақтылық.  Географиялық  қабықтағы  зона-
лылық  және  азоналылық  заңдылықтарымен  7-тақырыпта  танысасың.
Географиялық  қабықтың  біртұтастық  заңдылығы  маңызды  заң-
дылықтардың  бірі  болып  табылады,  ол  барлық  компоненттердің  бір-
бірімен  тығыз  байланыстылығынан  және  олардың  біреуінің  өзгеруі  бүкіл 
қабық  тұтастығының  бұзылуына  соқтыруынан  көрінеді.  Өйткені  геогра-
фиялық  қабық  –  табиғат  компоненттерінің  қарапайым  жиындысы  ғана 
емес,  сонымен  қатар  арнайы  ерекшеліктері  бар,  біртұтас  дамитын,  сапа-
лық  тұрғыдан  мүлде  жаңа  өнім  болып  саналады.
Географиялық  қабықтың  біртұтастығы  мен  компоненттерінің  өзара  бай-
ланыстылығын  төрттік  дәуірдің  мұз  басуы  мысалынан  айқын  көруге  бо-
лады.  Мұз  басу  дәуірінде  үлкен  көлемдегі  су  мұздықтарға  шоғырланады. 
Ал  бұл  Дүниежүзілік  мұхит  деңгейінің  төмендеуінен,  өз  кезегінде,  Жердің 
бүтін  табиғатынан  көрінеді:  қайраңның  құрғауы  орын  алады,  материктер 
мен  мұхиттардың  жағалау  шекаралары,  бейнесі  өзгереді,  аралдардың  тең 
жартысы  материктермен  тұтасып  кетеді,  кейбір  бұғаздар  (мысалы,  Беринг, 
Гибралтар)  құрлыққа  айналып,  материкке  тұтасады,  сөйтіп,  “континенттік 
көпірлер” пайда болады. Бұндай “көпірлер” арқылы түрлердің миграциясы 
орын  алып,  өсімдіктер  мен  жануарлар  жаңа  жерлерді  иелейді.  Жер  бетінің 
барлық  өзен  айдындарында  эрозия  базисінің  төмендеуі  салдарынан  тереңдеу 


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау