38
– табиғи географиялық провинциялар – табиғи географиялық округтер
– табиғи географиялық аудандар – ландшафттар – орындар – аңғарлар
– фациялар. Дегенмен геожүйелер, жоғарыда айтқанымыздай, бірінен соң
бірі емес, шағын геожүйелер бірігіп үлкендерін, ал олар өз кезегінде одан
да үлкендерін туындатып, “үлкендерінің ішіне кішіректері” орналасқан.
Географиялық зерттеулерде жоғарыда келтірілген геожүйелердің ара-
сынан ландшафттар және оның бөліктері болып саналатын орындар,
аңғарлар, фациялар қарастырылады.
Ландшафт – неміс сөзі (
ланд – жер,
шафт – өзара байланыстылықты
білдіретін суффикс), жалпы әдеби тілде атырап, айналаның көрінісі деген
мағынаны аңғартады. Географияда ол ғылыми термин ретінде геожүйе-
лердің бір таксономиялық сатысын атау және сипаттау үшін қолданыла-
ды. Ландшафт – геологиялық құрылысы бір, жер бедерінің түрі бір, ор-
тақ климатты, тек сол ландшафтқа ғана тән, өзара байланыстағы шағын
геожүйелер жиынтығынан құралатын, генетикалық тұрғыдан біртұтас ге-
ожүйе. Бір жағынан алғанда, ландшафт – зона, провинция, округ, аудан
секілді аймақтық геожүйелерді құрайтын ең қарапайым геожүйе, геогра-
фиялық қабықтың ең шағын бірлігі болып табылады. Екінші жағынан,
өзінен кіші аңғар, фация секілді бөліктер мен қарапайым геожүйелер
тобынан құралатын күрделі көп ярусты, динамикалық геожүйе деуге бо-
лады. Жалпы алғанда, ландшафт – айнала-төңіректегі ландшафттармен
зат және энергия алмасу арқылы әрқашан өзара ықпалдастықта болатын
ашық геожүйе.
Ландшафттар орындардан, орындар аңғарлардан, ал аңғарлар фациялар
жүйесінен құралады.
3-сурет. а) Қызылқұмдағы шөл ландшафты. ə)Шатқал тізбегіндегі тау ландшафты
40
шеліктері: микроклиматы, ылдануы, жылу тәртібі секілділердің өзгеруі-
не соқтырады. Тау жыныстары көбінесе өзгеріссіз қалады. Сол себепті
адамның фацияларға көрсететін ықпалы тоқтатылса, өзгерген фациялар
өзінің бұрынғы қалпына қайтуға әрекет жасайды.
Геожүйелердің табиғи жағдайлары бірдей екендігі оларды ғылыми және
практикалық тұрғыдан зерттеудің маңызды екенін көрсетеді. Өйткені олар-
дың өзгергіштігі, дамуы, ресурстардың орналасуы, өнімділігі мен басқа
да ерекшеліктерін зерттеу – оларды шаруашылықты дамыту мақсаттарына
пайдаланудың ең тиімді жолдарын ашады.
Геожүйе, геожүйелердің жіктелуі, ғаламшарлық, аймақтық және топологиялық ге-
ожүйелер, ландшафт, орын, аңғар, фация.
1. Геожүйелер деген не?
2. Геожүйелер қалай түзілген?
3. Ландшафттар қандай геожүйелерден құралады?
4.
Өзің жасайтын аумақта орын, аңғар және фация бойынша мысалдар келтір.
ІІІ тарау. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ
§ 10. ҚОҒАМ МЕН ТАБИҒАТ ОРТАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАР
Адам өз өмірі барысында сұранысына қажетті материалдық нәрселердің
барлығын табиғаттан алады. Ол табиғатпен өзара тығыз байланыс ор-
натқан. Ғылым мен техника дамыған сайын адамның еңбек құралдары да
жетіле береді. Соның нәтижесінде ол өзін қоршап тұрған табиғаттың ерек-
шеліктерін өзгертіп, өзіне тән “орта” жасайды. Сондықтан да қоғам мен
табиғаттың қарым-қатынасы туралы сөз қозғалғанда, табиғи орта, геогра-
фиялық орта, қоршаған орта, техногенді орта деген ұғымдар қолданылады.
Табиғат – бізді қоршаған болмыс, әлем. Табиғат – уақыт пен кеңістікте
шексіз, ол тоқтаусыз қозғалыста, дамуда және өзгерісте болады. Қоғам да
табиғаттың, материалдық әлемнің өзіне тән бір бөлегі болып табылады.
Табиғи орта – табиғи денелер мен заттардың, әлденені яки әлдекімді
қоршап тұратын, оның өмірлік қызметі өтетін табиғи жағдайдың немесе