Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

5
ка  мен  халықаралық  еңбек  бөлінісін  зерттейтін  әлемдік  шаруашылық  гео-
графиясы  және  әлемдегі  мемлекеттерді  жан-жақты  зерттейтін  мемлекеттану 
секілді  кең  ауқымды  ғылымдар  да  қарыштап  даму  үстінде.
Жоғарыдағыларды  қорыта  отырып,  география  –  бүгінгі  таңда  мақ-
сат-міндеттері  мен  зерттеу  нысандары  өзара  тығыз  байланысты  бірнеше 
ғылымнан  тұратын  ғылымдар  жүйесіне  айналды  деуге  болады.  Аталмыш 
ғылымдар  жүйесі  құрамында    табиғи  географиялық  және  әлеуметтік  (яғни 
қоғамды  зерттейтін)  географиялық  ғылым  топтары  ерекшеленіп  тұрады. 
Сондай-ақ  қоғам  мен  табиғаттың  өзара  байланысын  зерттеу  барысында 
бірқатар  жалпыгеографиялық  мазмұндары  ортақ  ғылым  түрлері  де  қалып-
тасты.  Мәселен,  табиғи  ресурстар  мен  табиғатты  пайдалану  географиясы, 
медициналық  география  (түрлі  аумақтарда  жасайтын  халықтардың  денсау-
лығы  мен  ауруға  шалдығуын,  оларға  әсер  ететін  табиғи  және  әлеуметтік 
себепшарттарды  зерттейді).  Географиялық  ғылымдар  жүйесінде  географи-
ялық  карталар  жасауды  және  олармен  жұмыс  істеуді  зерттейтін  картогра-
фия  ғылымының  иелейтін  орны  мен  маңызы  айрықша.
Географиялық  ғылымдар  тобына  жататын  барлық  ғылымдар  өзара 
байланысты  түрде,  жалпыға  ортақ  ғылыми  және  практикалық  мақсаттар 
жолында  дамып  келеді.  Сан  түрлі  географиялық  ғылымдардың  ынты-
мақтастығы  арқасында  Жер  жүзі  және  оның  дербес  аумақтары  жөнінде 
біртұтас  ұғым  қалыптасады,  мемлекеттер  мен  аумақтар  дамуының  ділгір-
ліктері  мен  болашақтары  анықталады,  табиғатты  қорғау  мен  оны  ұқыпты 
пайдалануға,  экономиканы  дамытуға,  халықтың  тұрмыстық  деңгейін  ке-
мелдендіруге  қызмет  ететін  пікірлер  мен  ұсыныстар  талданады.
Сен  географияны  үйренуге  кіріскен  кезіңде  бұл  пәннің  аты  ежелгі 
грек  тілінде  “Жердің  бейнесі”  деген  сөздік  мағынаны  аңғартатынын  біліп 
алғансың.  Дейтұрғанмен  қазіргі  заман  географтары  түрлі  орындардың  та-
биғатын,  халқы  мен  шаруашылығын  бейнелеп,  сипаттаумен  ғана  шектеліп 
қалмай,  сан  түрлі  табиғи  және  экономикалық  құбылыстардың  келіп  шығу 
және  аумақтық  таралу  заңдылықтарын  да  зерттейді,  табиғат  пен  қоғам 
ортасындағы  өзара  қарым-қатынас  пен  қайшылықтарды  жан-жақты  тал-
дайды,  кезек  күттірмейтін  көкейкесті  экологиялық,  әлеуметтік-экономи-
калық  және  саяси  проблемаларды  аумақтардың  өзіндік  жағдайлары  мен 
ерекшеліктерін  ескере  отырып  шешу  жолдарын  белгілейді.  Заманалық 
география    дәстүрлі  сипаттау  мағынасындағы  “Не?  Қай  жерде?  Қанша?” 
сұрақтарына  жауап  беретін  ғылымнан  “Не?  Қай  жерде?  Қанша?  Не  се-
бепті?  Қалай  пайдалану  керек?  Жақсарту  үшін  не  істеу  керек?”  деген 


6
сұрақтарға  жауап  табатын  кең  ауқымды  теориялық  және  практикалық 
маңызы  жоғары  ғылымдар  жүйесіне  айналды.
География  ғылымының  міндеттері  ғылым  мен  қоғамның  дамуына  сәй-
кес  өзгеріп  отырды.  Бүгінгі  таңда  заманалық  географияның  алдына  бірқа-
тар  міндеттер  қойылған,  олардың  ең  бастысы  –  табиғат  пен  қоғамның 
өзара  қарым-қатынастарын  үйлестіру  болып  табылады.
География  ғылымдарында  сан  түрлі  ғылыми-практикалық  мәселе-
лерді  зерттеу  үдерісінде  бірқатар  зерттеу  әдістері  мен  амалдары  пайда-
ланылады.  Олардың  арасынан  ең  маңыздылары  –  экспедиция,  бейнелеу, 
картография,  статистикалық,  салыстырмалы  географиялық  аудандастыру 
әдістері.  Сонымен  қатар  географиялық  зерттеулерде  заманалық  математи-
калық  және  компьютерлік  модельдендіру,  аэрокосмикалық,  геохимиялық 
және  геофизикалық  зерттеу  әдістерінің  маңыздылығы  да  күннен-күнге  ар-
тып,  олардың  қолданылу  аясы  ұлғайып  барады.
География, географиялық ғылымдар жүйесі, табиғи географиялық және әлеуметтік ге-
ографиялық ғылымдар, географиялық қабық, үдеріс, табиғат пен қоғамның өзара қа-
рым-қатынастары, зерттеу әдіс-амалдары.
1. Географияның зерттеу нысаны не?
2. География ғылымдары жүйесінде қандай ғылымдар бар?
3.  Бүгінгі  таңда  географияда  қандай  мәселелер  бойынша  және  қандай  зерттеу  әдіс-
терінің көмегімен ізденістер жүріп жатыр?
4. Тақырыптағы мәліметтерді пайдаланып, дәптеріңе география ғылымдары жүйесінің 
түзілісін бейнелейтін сызбаны сал.
§ 2. ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ДАМУЫ
География  –  ең  ежелгі  және  әрқашан  жас  ғылымдардың  бірі.  Геогра-
фиялық  ашуларға,  идеялар  мен  білімдердің  даму  ерекшеліктеріне  сүйеніп, 
бұл  пәннің  тарихын  төмендегідей  даму  сатыларына  бөлуге  болады.
Ежелгі  немесе  антикалық  дəуір  кезеңі.    Алғашқы  адамдардың  өзі  жа-
сап  тұрған  жерді  зерттеуі,  өмір  сүруге  қолайлы,  табиғи  ресурстарға  бай 
жерлерді  іздеп  табуға  және  оларды  сипаттауға  ұмтылыстары  нәтижесін-
де  алғашқы  географиялық  білімдер  бастау  алған.  Б.з.б.  2-мыңжылдықта 
финикиялықтар  Жерорта  теңізінен  Гибралтар  бұғазы  арқылы  жүзіп  өтіп, 
Африка  жағалауларын  бойлап  Үндістанға  дейін  барған.  Нақ  сол  кезден 
бастап  Азия  және  Еуропа  деген  атаулар  пайда  болған.


7
Бұл  кезеңде  гректер  мен  римдіктер  сол  кездерде  мәлім  болған  ау-
мақтарды  сипаттап  жазумен  қатар,  олардың  карталарын  да  жасады.  Гомер 
б.з.б.  ХІІ  ғасырда  Жерорта  теңізі  мен  оның  айналасын  бейнелейтін  дүние 
жүзі  картасын  жасады.  Пифагордың  шәкірттері  б.з.б.  VІ  ғасырда  Жердің 
шар  тәрізді  екендігін  айтты.  Б.з.б.  ІV  ғасырда  Аристотель  Жердің  шар 
тәрізділігін,  климат  белдеулерінің  бар  екенін  логикалық  тұрғыдан  дәлел-
деді.  Ол  әлемнің  орталығында  Жер  тұрады  деген  геоцентристік    теория-
ны  ұсынды.  Эратосфен  б.з.б.  ІІІ  ғасырда  бірінші  болып  Жердің  көлемін 
өлшеді  және  “Географика”  кітабын  жазып,  географияның  дербес  ғылым 
болып  қалыптасуына  негіз  қалады.  Біздің  заманымыздың  ІІ  ғасырында 
Птоломей  8  томдық  “География”  шығармасын  жазып,  карталарды  жасау 
кезінде  картографиялық  проекциялар  мен  дәреже  табуды  ашты,  алғашқы 
“Атласын”  жасады.  Нақ  сол  кезеңде  Страбон  да  17  томнан  тұратын  “Гео-
графия”  шығармасын  жазды.
Бұл  кезеңнің  негізгі  нəтижелері:    география  пәні  дүниеге  келді  және 
“география”  деген  атпен  кітаптар  жазылды,  дүние  жүзінің  карталары  жа-
салды,  географиялық  координаталар  мен  дәреже  торы  ашылды,  Жердің 
шар  тәрізділігі  логикалық  тұрғыдан  дәлелденіп,  өлшемдері  анықталды.
Орта  ғасырлар  кезеңі.  Бұл  кезеңде  география,  жалпы  алғанда  ғылым 
мен  білім,  негізінен  Шығыста,  атап  айтқанда,  Орта  Азияда,  Египет  пен 
Иранда  жақсы  дамыды.  Географияның  өлкетану,  картография,  геодезия  
бағыттары  қарқын  алды.  Мұхаммед  ибн  Мұса  әл-Хорезми  ІХ  ғасырда 
Жердің  шар  тәрізді  екендігін  дәлелдеп,  оның  көлемін  бұрынғылардан 
анағұрлым  анық  өлшеді.  Ол  “Сурат-ал-Арз”  атты  кітап  жазып,  Шығыс 
географиясының  негізін  қалады.
География  ғылымының  дамуына  Əбу  Райхан  Берунидің  қосқан  үлесі 
өлшеусіз.  Оның  географияға  қатысты  22  шығармасы  бар,  олардың  12-сі 
геодезияға,  4-і  картографияға,  3-і  климаттануға,  3-і  минералогияға  қатыс-
ты,  бұлар  бүгінгі  таңда  да  маңызды  болып  саналады.  Оның  қолымен 
жасалған  глобус  Жердің  шар  тәрізділігін  дәлелдеу  мен  түсіндіруде,  Сол-
түстік  жарты  шардың  табиғатын  зерттеуде  теңдесі  жоқ  дереккөз  болған. 
Беруни  ілімінің  грек  және  рим  ғалымдарынан  айырмасы  сол,  ол  әлемнің 
гелиоцентристік  түзілісі  теориясын  дамытуға  айрықша  үлес  қосты.
Абдураззақ  Самарқанди  Үндістанға  саяхат  жасап,  Иран,  Пакистан, 
Арабия  теңізі  туралы  бай  мағлұматтар  жинады.  Ахмад  Ферғани  астро-
номия,  климаттану,  гидрология  ғылымдарына  қатысты  шығармалар  жаз-
ды.  Ол  Нил  өзенінің  су  шығынын  өлшейтін  “нилометр”  аспабын  жасап, 


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау