12
§ 3. ЖЕР ЖҮЗІ ТАБИҒАТЫ ДАМУЫНЫҢ
ҒАРЫШТЫҚ СЕБЕПШАРТТАРЫ
Жер де өзге аспан денелері сияқты ғарыштың бір бөлігі болып табы-
лады. Ғарыш дегеніміз – Жерді қоршап тұрған материалдық болмыс.
Ға-
рыш – ұшы-қиырсыз әрі мәңгілік шексіз кеңістік. Ғарышта аспан денелері
түзілісі алуан түрлі жүйелерді құрайды. Солардың бірі – Күн жүйесі. Күн
өзінің айналасындағы ғаламшарлар, серіктер, астероидтар, кометалармен
бір жүйе құрап, біздің галактикамыз –
Құс жолының орталығы төңірегін-
де айналма қозғалыста болады. Құс жолы галактикасы жөніндегі мәлімет-
тер Саған астрономия оқулығынан белгілі.
Күн жүйесінен галактика орталығына дейінгі қашықтық 23-28 мың
жарық жылына тең. Күн галактиканың шеткі бөлігіне орналасқан. Бұл
жағдай Жер үшін өте қолайлы: ол Галактиканың тыныш бөлігіне орын
тепкен және жаралғалы бері ғарыштық апаттарға ұшырамай дамып ке-
леді. Күн жүйесі Галактика орталығы төңірегінде 200-220 км/сек жыл-
дамдықпен қозғалып, оны 180-220 млн жылда бір рет айналып шығады.
Жердегі 200 млн жыл –
тектоникалық циклдің жалғасы болып саналады.
Бұл Жер өмірінде тектоникалық құбылыстардың белгілі бір үздіксізді-
гімен сипатталатын маңызды кезең. Цикл басында Жер қыртысының шө-
гуі, қалың шөгінді жыныстардың шоғырлануы, суасты жанартауларының
атқылауы болады. Содан соң тектоникалық үдерістер күшейеді, таулар
пайда болады, материктердің сыртқы көрінісі, бейнесі өзгереді. Ал бұл өз
кезегінде Жер табиғатының өзгеруіне соқтырады.
Күн – Жерге ең жақын жұлдыз, диаметрі 1,39 млн км, қызуы өте
жоғары, жарық пен жылу таратып тұратын, газдардан құралған шар
тәрізді аспан денесі болып табылады. Онда Күн жүйесінің 99%-дан астам
массасы шоғырланған. Сондықтан да ол айналасындағы аспан денелерін
тарту күші есебінен ұстап тұрады және ғаламшарлардың дерлік бірқалып-
ты қозғалуын қамтамасыз етеді.
Күн жүйесі – Күн, 8 ғаламшар, 160-тан астам серік, 40 000-нан астам
астероид пен 1 млн-ға жуық кометадан тұрады. Осынау аспан денелерінің
ІІ тарау. ЖЕРДІҢ ТАБИҒАТЫ
13
барлығы да Жердің табиғатына әсерін тигізеді. Алайда ең күшті әсер
Күннен, сосын Айдан болады.
Күннен таралатын жылудың миллиардтан екі бөлігі Жерге жетіп ке-
леді. Бұл мөлшер Жерге тән жылу жағдайын қамтамасыз етеді. Күннен
келетін радиация – Жер бетіндегі жылудың негізгі қайнары, ол құрлықта,
Дүниежүзілік мұхитта, атмосфера мен тірі ағзаларда жүретін үдерістерді
туғызатын негізгі күш болып табылады.
Күннен Жерге жарық пен жылудан тыс электр зарядты әр түрлі
бөлшектер беріледі. Ғарыштың алыс түкпірінен Жер атмосферасының
жоғарғы қабаттарына көзге көрінбейтін және өте үлкен энергиялы ғарыш
нұрлары келіп тұрады. Бұл бөлшектер мен нұрлардың әсерімен Жерде-
гі көптеген құбылыстар, атап айтқанда, поляр жаңбыры, магнит дауылы,
ауа ның иондалуы, атмосферадағы кейбір газдардың молекула күйінен
атом күйіне өтуі сияқтылар туындайды.
Ай – Жердің табиғи серігі әрі оған ең жақын аспан денесі. Ол Жерден
384 млн км қашықтықта орналасқан. Радиусы 1738 км, орташа тығыз-
дығы 3,34 g/см³. Массасы Жер массасынан 81 есе шағын. Жерді эллипс
орбита бойымен 27,32 тәулікте бір айналып шығады. Ай – суық ас-
пан денесі, өзінен жылу мен сәуле шығармайды. Күннен келетін сәулені
шағылыстыр ғаны үшін бізге жарық болып көрінеді.
Күн мен Айдың тарту күштеріне байланысты Жердің пішіні кезеңді
түрде өзгеріп тұрады. Соның нәтижесінде Дүниежүзілік мұхитта, атмос-
фера мен Жер қыртысында ырғақты түрде қалқу құбылысы байқалады.
Дүниежүзілік мұхитта көтерілген қалқу
құбылысы Жердің өз білігін айналуына
кері бағытпен қозғалып, Жердің айналу
жылдамдығының азаюына белгілі мөл-
шерде себеп болады. Ай, Күн және басқа
аспан денелерінің тарту күшіне байланыс-
ты Жердің айналуы баяулайды, сол се-
бепті Жердің полюстік сығылуы төмендеп,
шарға жақындай түседі. Сондықтан литос-
фера плиталарының қозғалысы мен Жер
қыртысындағы жарықтар, тектоникалық
қозғалыстар өзгереді. Сондай-ақ Кориолис
күші азаяды да, ауа массаларында, желдер
мен мұхит суларының қозғалысында, кли-
1-сурет. Жердің
қабылданған
пішіндері