Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет28/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53

78
Демек,  дүние  жүзіндегі  мемлекеттерде  урбанизация  үдерісі  түрлі 
кезеңдер  бойынша  дамып  келеді.  Бұл,  әрине,  бірінші  кезекте  әлеу-
меттік-экономикалық  даму  деңгейімен  белгіленеді.  Еуропа,  Солтүстік 
Америка,  Латын  Америкасы,  Австралия  және  Океания  секілді  ірі  ай-
мақтардағы  мемлекеттерде  урбанизация  көрсеткіші  орта  есеппен  70 
пайыздан  асқан  (9-кесте).  Əсіресе  бұл  салада  Исландия,  Ұлыбритания, 
Бельгия,  Дания,  Нидерландия,  Австралия,  Жаңа  Зеландия,  Аргентина, 
Венесуэла  сынды  қалалану  үдерісі  90  пайыздан  жоғары  болған  мемле-
кеттер  көш  бастап  келеді.
Дүние  жүзі  халқының  60  пайызы  және  әлемдегі  қалалық  тұрғын-
дардың  тең  жартысы  өмір  сүретін  Азия  континентінде  урбанизацияның 
жалпы  деңгейі  аздап  төмендеу,  яғни  50  пайыздың  айналасында,  дегенмен 
өсу  тоқтаған  жоқ.  Африкада  урбанизация  көрсеткіші  40  пайыздан  сәл 
асады.  Дегенмен  екі  континентте  де  жоғары  деңгейде  урбанизацияланған 
мемлекеттер  бар.  Атап  айтсақ,  Азияда  бұл  салада  Жапония,  Оңтүстік 
Корея,  Израиль,  Парсы  шығанағындағы  араб  мемлекеттері,  Таиланд,  ал 
Африкада  Ливия,  Египет,  Марокко,  ОАР  секілді  елдер  ерекшеленіп  тұр. 
Сонымен  қатар  Бутан,  Бурунди,  Малави,  Уганда,  Чад,  Ауғанстан  және 
басқа  елдерде  урбанизация  дәрежесі  25  пайызға  да  жеткен  жоқ.  Əйтсе 
де  соңғы  жылдарда  қала  тұрғындарының  жалпы  саны  және  оның  дү-
ние  жүзі  халқының  санындағы  үлесі  Азия  және  Африка  елдерінде  бо-
лып  жатқан  урбанизация  үдерістері  есебінен  көбейіп  барады.  Бұндағы 
ең  салмақты  үлес  қалалары  жоғары  қарқынмен  өсіп  келе  жатқан  Қытай 
және  Үндістан  мемлекеттеріне  тиесілі.
Əлемдік  урбанизацияның  қазіргі  кезеңінде  халықаралық  сауда-эконо-
микалық  және  банк-қаржы  қатынастарының  дамуы,  трансұлттық  корпо-
рациялар  қызметі  шеңберінің  кеңеюі,  заманалық  көлік  және  байланыс 
тармақтарының  пайда  болуы  есебінен  кейбір  өте  ірі  қалалардың  ықпал-
дылық  дәрежесі  өз  мемлекетімен  ғана  шектеліп  қалмай,  басқа  мемлекет-
тер  мен  аймақтарды,  кейде  тіпті  дүние  жүзін  қамтып  алуда.  Бұндай  қа-
лалар  халқының  саны  бірнеше  миллион  адамнан  асады,  ірі  трансұлттық 
корпорациялар  мен  халықаралық  ұйымдардың  офистері,  әлемдегі  ең  ірі 
кемежайлар,  өнеркәсіп    кәсіпорындары,  банктер,  қаржы  қорлары  және 
биржалар  орналасқандығымен  өзге  қалалардан  ерекшеленіп  тұрады.  Бұл 
топтағы  қалаларды  жаһандық  қалалар  деген  атаумен  атайды.  Жаhандық 
қалалар  қатарына  ең  алдымен,  Нью-Йорк,  Лондон,  Токио,  Шанхай,  Гон-
конг,  Париж,  Дубай,  Сингапур  рәуіштес  сауда-қаржылық  және  көліктік 


79
қабілеттілігі  өте  үлкен  қалалар  жатады.  Жаһандық  қалалар  саны  барған 
сайын  көбейіп  келеді,  олардың  ықпалдылық  аясы  барлық  континенттер 
мен  олардың  ірі  бөліктерін  қамтып  алуға  ұмтылуда.
Урбанизация  үдерістері  әлеуметтік-экономикалық  прогрестің  бөлінбес 
бөлшегі  әрі  олардың  тікелей  өнімі  болғандықтан,  бірқатар  проблемалар-
ды  да  туындатып  отыр.  Бұл  проблемалардың  қамту  аумағы  үлкен,  олар 
экологиялық,  экономикалық,  әлеуметтік,  медициналық,  мәдени  және  ру-
хани-моральдық  жақтармен  сипатталады.  Анығырақ  айтқанда,  өндірістің 
қоршаған  ортаға  әсерінің  күшеюі,  сумен  қамтамасыз  етудегі  кемшілік-
тер,  көлік  тармақтарына  мөлшердегіден  тыс  салмақ  түсуі,  қалалық  тұр-
мыс  салтына  байланысты  аурулардың  таралуы,  қылмыстың  көбеюі  және 
басқа  проблемалар  ең  өзектілері  болып  саналады.  Қорыта  келгенде, 
жаһандық  урбанизацияның  заманалық  кезеңі  мөлшерлік  және  сапалық 
ерекшеліктерімен,  сонымен  қатар  әр  түрлі  көріністегі  көкейтесті  ділгір-
ліктерімен  сипатталады. 
 
Урбанизация,  қала,  қала  халқы,  урбанизация  кезеңдері,  “жалған”  урбанизация,  су-
бурбанизация,  рурбанизация,  жаһандық  қалалар,  урбанизация  проблемалары.
1.  Неліктен урбанизация үдерісі тек соңғы екі ғасыр барысында ғана жоғары қарқын-
мен дамып келеді?
2.  Урбанизацияның дамуы қандай кезеңдерді басып өтеді?
3.  Ірі қалалардың ұнамды және ұнамсыз жақтарын дәптеріңе кесте түрінде жазып 
шық.
§ 19. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИГРАЦИЯ ҮДЕРІСТЕРІ
МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Дүние  жүзі  мемлекеттеріндегі  халықтың  құрамы  мен  орналасуына  ми-
грация,  яғни  көші-қон  үлкен  әсерін  тигізеді.  Миграция  (лат.  мигратио  – 
көшу)  –  тұрғындардың  бір  аумақтан  екінші  аумаққа  тұрақты  немесе  уақыт-
ша  мерзімге  көшуі.  Бір  мекенжайдың  ішіндегі  көшу  миграцияға  жатпайды. 
Миграция  бірнеше  өлшемдер  бойынша  сипатталады.  Бұл  үдеріс  аумақтық 
өлшемі  тұрғысынан  сыртқы  және  ішкі  миграцияға  бөлінеді.  Сыртқы  ми-
грацияда  басқа  мемлекетке  қоныс  аудару  түсініледі.  Кейде  сыртқы  мигра-
циялар  материк  ішіндегі  және  материкаралық  миграцияларға  жіктеледі. 
Ішкі  миграция  бір  мемлекеттің  ішіндегі  бір  аумақтан  екінші  аумаққа  көшу 
болып  саналады.  Ол  өз  кезегінде  аудан  ішіндегі  және  ауданаралық  мигра-
цияларға  бөлінеді.


80
Мерзіміне  орай  миграциялар  тұрақты  және  уақытша  түрлерге  бөлінеді. 
Уақытша  миграциялар  маусымдық,  вахталы  және  тербелмелі  болады.  Мау-
сымдық  көші-қон  көбінесе  ауыл  шаруашылық  істеріне  байланысты  болса, 
вахталы  миграция  негізінен  табиғи  жағдайы  қолайсыз  аумақтардағы  пайда-
лы  қазба  кендерінде  немесе  құрылыс  нысандарында  еңбек  етуге  байланыс-
ты.  Ал  маятниктәрізді  тербелмелі  көші-қон  қала  мен  оның  айналасында 
күндік  және  апталық  тәртіппен  жүреді:  халық  қалаға  оның  айналасындағы 
ауыл-қыстақтар  мен  шағын  қалашықтардан  жұмыс  істеуге,  оқуға  және 
басқа  мақсаттармен  келеді,  ал  қалалықтар  шет  жақтарға  негізінен  тынығу, 
зиярат  жасау  немесе  бау-бақшамен  айналысу  үшін  жиі  қатынайды.
Халықтың  көші-қонын  экономикалық,  жанұялық,  этникалық,  діни,  саяси, 
экологиялық  (табиғи)  және  басқа  себепшарттар  туғызады.  Көші-қон  негізі-
нен  экономикалық  себептерге,  яғни  нақты  өмір  сүру  жағдайы  мен  жұмыс 
орындарын іздеуге байланысты. Жанұялық көші-қон әр түрлі жерлерде өмір 
сүретін  жанұя  мүшелерінің  өзара  бірігу  мақсатынан  туындайды.  Этникалық 
және  діни  көші-қон  дегенде  белгілі  бір  ұлт  немесе  дін  өкілдерінің  өзге 
мемлекетке  яки  аумаққа  көшуі  түсініледі.  Саяси  көші-қон  соғыстың  неме-
се  саяси  төңкерістердің  нәтижесінде  туындайды.  Экологиялық  мигранттар 
табиғи  ортаның  бұзылуына  байланысты  өмір  сүру  аумағын  ауыстыруға 
мәжбүр  болады.  Бұдан  тыс  халық  көші-қоны  ерікті  және  еріксіз,  ұйымдас-
тырылған  және  ұйымдастырылмаған  түрлерге  де  бөлінеді.
Бүгінгі  таңда  ең  үлкен  миграция  толқыны  дамып  келе  жатқан  мемлекет-
терден  дамыған  мемлекеттерге  қарай  бағытталған  (8-сурет).  Бұнда  ең  көп 
шетелдік  мигранттарды  АҚШ  қабылдайды.  Соңғы  жылдарда  бұл  мемлекет-
тегі  иммигранттар  саны  45  млн  адамнан  асқаны  тіркелген.  Батыс  Еуропа 
мемлекеттері  арасында  ең  көп  мигранттар  Германияға,  Ұлыбритания  мен 
Францияға  келген.  Қазір  бұл  мемлекеттердің  әрқайсысында  7-10  млн  им-
мигрант  өмір  сүруде.  Иммигранттардың  басым  көпшілігі  Батыс  Еуропаға 
Оңтүстік-батыс  және  Оңтүстік  Азия,  Солтүстік  Африка  және  Шығыс  Еу-
ропа  елдерінен  барып  жатыр.  Шетелдік  мигранттарды  Австралия,  Канада, 
Жаңа  Зеландия,  Израиль  және  ОАР  секілді  өзге  дамыған  мемлекеттер  де 
қабылдауда.  Сондықтан  барлық  дамыған  мемлекеттердегі  миграция  сальдо-
сы  (балансы)  оң  болып  саналады.
Басым  көпшілігі  теріс  миграция  балансына  ие  болған  дамып  келе  жатқан 
мемлекеттер  ортасында  да  ірі  миграциялық  ағымдар  пайда  болған.  Атап 
айтсақ,  үлкен  мөлшердегі  шетелдік  мигранттардың  назарын  Парсы  шыға-
нағындағы  араб  мемлекеттері,  әсіресе  Сауд  Арабиясы  мен  Біріккен  Араб 


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау