75
8-кесте
Əлемнің жəне ірі аймақтардың демографиялық көрсеткіштері
(2016 жыл)
№
Аумақтар
Туылу (әр
1000 адамға)
Өлім (әр
1000 адамға)
Халықтың табиғи
өсімі
Әр 1000
адамға
%
1
Дүние жүзі
20
8
12
1,2
2
Дамыған мемлекетттер
11
10
1
0,1
3
Даму үстіндегі мемлекеттер
22
7
15
1,5
4
Еуропа
11
11
0
0
5
Азия
18
7
11
1,1
6
Африка
36
10
26
2,6
7
Солтүстік Америка (АҚШ пен
Канада)
12
8
4
0,4
8
Латын Америкасы
17
6
11
1,1
9
Австралия мен Океания
17
7
10
1,0
Кейбір мемлекеттер демографиялық жағдайды өзгерту мақсатымен
материалдық, әкімшілік және насихат шараларын қарастырады. Мемле-
кет тарапынан белгіленіп, жүзеге асырылатын бұндай шаралар жүйесі
демографиялық саясат деп аталады. Демографиялық саясат негізінен екі
түрлі – мемлекет халқының табиғи өсуін азайтуға бағытталған немесе
оны көтеру мақсатын көздейтін саясат болады. Бірінші бағыттағы демо-
графиялық саясат тәжірибелері Қытай, Үндістан, Пакистан, Бангладеш,
Иран және басқа даму үстіндегі мемлекеттерде бар болса, екіншісі Еу-
ропа мемлекеттерінде жүзеге асырылып жатыр.
Халықтың саны, туылу, өлім, халықтың табиғи өсуі, демографиялық жарылыс, демо-
графиялық өту,
демографиялық жағдай, демографиялық саясат.
1. Демографиялық жарылыс ұғымы нені аңғартады және оның себебі неде?
2. Дамыған және дамып келе жатқан мемлекеттердегі демографиялық жағдай несімен
ерекшеленеді?
3. Түрлі мақсаттарға бағытталған демографиялық саясат туралы өз пікіріңді білдір.
77
ІІ.
Дамыған урбанизация кезеңі “миллионер” қалалардың жоғары
қарқынмен өсуімен және ірі қалалардың айналасында агломерациялардың
пайда болуымен сипатталады. Қалалықтардың саны жалпы халық үлесінің
50%-ынан асып кетеді, жаңа қалалар пайда болмайды, бар қалалар, әсіре-
се ірілері жедел дамиды, қалалық мекендер жүйесі қалыптасады. Урбани-
зацияның бұл кезеңі Шығыс Еуропа, ТМД, Латын Америкасы, Солтүстік
Африка, Оңтүстік-батыс Азия, Океания мемлекеттерінің көпшілігіне тән.
ІІІ.
Жетілген урбанизация кезеңі Еуропаның ең дамыған мемлекет-
терінде, АҚШ, Канада, Австралия, Жапония, Израиль сияқты елдерде
байқалып отыр. Бұл кезеңде тұрғындар ірі қалалардың орталықтарынан
бірте-бірте қала төңірегіне көше бастайды, алайда қалада жұмыс істеуді,
оқуды, түрлі қызметтермен айналысуды тоқтатпайды. Соның нәтижесінде
қала орталықтары негізінен кәсіпкерліктің, банк-қаржы секторының, басқа-
ру салаларының даму мекеніне айналады да, халық жасайтын массивтер
орталықтан алыстай береді. Бұндай әлеуметтік-географиялық үдеріс
субур-
банизация деп аталады. Көлік пен байланыстың заманалық технологияла-
ры дамыған сайын урбанизацияның бұл кезеңінде қала экономикасының
тармақтары мен қалалық тұрмыс салты ауылдық жерлерге де кең тарала-
ды, соның нәтижесінде қала мен ауылдағы өмір сүру жағдайы бір-біріне
жақындай түседі, яғни ауылдық жерлер ресми түрде өзінің ауыл қалыбын
сақтап тұрғанымен, түптеп келгенде, қаладан айырмасы қалмайды. Қала
мен ауыл арасындағы әлеуметтік-экономикалық айырма мен шекаралар-
дың жойылу үдерісі
рурбанизация деген терминмен жүргізіледі.
9-кесте
Дүние жүзіндегі жəне ірі аймақтардағы урбанизация дəрежесі (2016 ж.)
№
Аумақтар
Урбанизация,%
1
Дүние жүзі
54
2
Дамыған мемлекеттер
78
3
Дамып келе жатқан мемлекеттер
49
4
Еуропа
74
5
Азия
48
6
Африка
41
7
Солтүстік Америка (АҚШ пен Канада)
81
8
Латын Америкасы
80
9
Австралия
және Океания
70