101
де дараланып тұрады (Венгрия, Польша, Сербия, Болгария). Бірсыпыра
мемлекеттер үшін туризм саласы да маңызды табыс көзі болып сана-
лады. Экономиканың бұл тармағы әсіресе Болгария, Румыния, Чехия,
Словакия, Хорватия, Черногория, Словения және Венгрия мемлекеттері
үшін елеулі рөл атқарады.
Еуропа субаймақтары, Солтүстік Еуропа, Скандинавия мемлекеттері, Балтық
мемлекеттері, Батыс Еуропа, “ергежейлі” мемлекеттер, Оңтүстік Еуропа, Шығыс
Еуропа, Балкан мемлекеттері, өтпелі экономика мемлекеттері.
1. Еуропа мемлекеттері нешеу және қандай субаймақтарға бөлінеді?
2. Шығыс Еуропаның саяси картасында өткен ғасырдың соңында қандай өзгеріс-
тер болды? Қайсы мемлекеттер тәуелсіздікке ие болған соң, азамат соғыста-
рын бастан өткізді?
3. Дәптеріңе Еуропа субаймақтарындағы елдерді орналасуына қарай арал, түбек,
теңізбойы және құрлық ішкерісі топтарына бөліп жазып ал.
§ 24. ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ
Əлемдегі ірі саяси-географиялық аймақтардың бірі – Латын Америка-
сы Жердің Батыс жартышарына орналасқан. Ол Америка құрлығындағы
АҚШ, Канада елдерін және Гренландия аралынан тыс барлық мемлекет-
терді қамтиды. Халқының басым көпшілігі ежелгі латын тілі негізінде
пайда болған испан және португал тілдерінде сөйлесетін болғандықтан,
Латын Америкасы деп аталып кеткен.
Латын Америкасының саяси картасында бүгінде 33 тәуелсіз мемле-
кет және бірқатар отар елдер бар. Оның аумағы бірнеше шағын ай-
мақтарға да бөлінеді. Мысалы, Солтүстік Америка материгінің АҚШ-тан
оңтүстікке қарай орналасқан бөлігі мен Кариб теңізінің аралдарында ор-
наласқан мемлекеттер
Орта Америка (
Мезоамерика) аймағын құрайды.
Бұл аймақтағы мемлекеттер арасында аумағы, халқы және экономика-
лық деңгейі тұрғысынан Мексика ерекше көзге түседі. Орта Америка-
ның Мексикадан басқа мемлекеттері Кариб теңізінің акваториясы мен,
оның табиғи ресурстарымен және көлік жолдарымен тарихи байланыс-
ты болғандығы үшін
Кариб бассейні мемлекеттері деп те аталады. Ма-
терикте Мексикадан оңтүстік-шығысқа қарай орын тепкен 7 мемлекет
(Белиз, Гватемала, Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Пана-
ма)
Орталық Американы құрайды. Кариб теңізіндегі 13 арал-мемлекет
өз кезегінде
Вест-Индия деген жалпы атаумен біріккен. Ал Оңтүстік