85
геосаяси кезең басталды. Əлемде биополярлық (екі полюсті) жағдайдың
пайда болуы: бұрынғы Одақ пен оның жақтаушыларының континенттік,
АҚШ пен оны жақтаушылардың теңіздік құдіретті державаларға айналуы;
екі құдіретті блок ортасында салқын ядролық соғыс қаупінің туындауы бұл
кезеңдегі негізгі саяси үдеріс болды.
1991 жылы 8 желтоқсанда Беларусьтегі Беловеж Нуы қорығында КСРО
мемлекетінің ресми тарауына байланысты Беловеж келісіміне қол қойылуы
бүгінгі таңдағы ең соңғы геосаяси кезеңді бастап берді. Одақтың орнында
12 тәуелсіз мемлекеттің пайда болуы және олардың ТМД құрамына бірі-
гуі; бүкіл әлемде социалистік жүйенің күйреуі; Еуропаның бірқатар мем-
лекеттерінде (ГФР, Югославия, Чехословакия) орын алған саяси өзгерістер;
НАТО әскери блогы беделінің күшеюі сияқтылар бұл кезеңге тән негізгі са-
яси өзгерістер қатарына жатады. Жоғарыда айтылғанындай, бұл кезең әлі
аяқталған жоқ. Бұдан шығатын қорытынды сол, Беловеж кезеңіне тән бірқа-
тар саяси өзгерістер әлі де болуы ықтимал.
Геосаясат, геосаяси көзқарастар, өркениеттік көзқарас, әскери-стратегиялық көзқарас,
географиялық детерминизм, геосаяси категориялар, мекен үстінен бақылау, геосаяси
алаң,
геосаяси кезеңдер, Вестфал, Вена, Версаль, Потсдам және Беловеж кезеңдері.
1. Геосаясат пәні қайсы жақтарымен өзге географиялық пәндерден ерекшеленіп тұра-
ды?
2. Рудольф Челленнің “Геосаясат – болмыстағы мемлекеттерді географиялық ағза
ретінде зерттейтін ғылым” деген пікірін қалай түсіндіресің?
3. Тақырыптағы мәліметтерді пайдаланып, Беловеж кезеңінде әлемнің түрлі аймақта-
рында орын алған саяси өзгерістерді төмендегі кестеде бейнеле.
№
Аймақтар
Негізгі геосаяси болмыстар
§ 21. ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙ.
МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІ
Əлемнің саяси сахнасынан континенттік мемлекеттердің күш-құдіретін паш
етіп тұратын Бұрынғы Одақтың ыдырауы көптеген саяси өзгерістердің туында-
уына себеп болды. Ұзақ уақыт бойы екі полюсті, яғни биполярлы болған әлем-
де қысқа мерзімнің ішінде бірқатар геосаяси орталықтар қалыптасты.
Баршаға белгілі,
Еуропа әлемнің аймақтары ортасында ең көп түрлі саяси
үдерістер мен өзгерістерді бастан кешірген аймақ болып саналады. Потсдам