69
Біріккен Ұлттар Ұйымының 1972 жылы Стокгольмде өткен табиғи ортаны
қорғауға арналған конференциясы қарсаңында дүниеге келді. Осыған орай
ғылымда жаңа мониторинг (лат. монитор – еске салатын, ескертетін) ұғы-
мы пайда болды.
Мониторинг – табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, қоршаған ортаны
қорғау мақсатында белгілі бір аумақтың табиғи жағдайы күйін бақылау, қа-
дағалау және басқару жүйесі болып табылады.
Мониторингтің негізгі мақсаты – табиғи ортаның адам қызметі әсерінен
өзгеруін бақылау, алынған мәліметтер негізінде бағалау және тиісті басқару
шараларын қолдану екені баршаға аян.
Мониторинг негізінде атмосфера ауасы, су айдындары, жерасты сулары,
топырақ, өсімдік жамылғысы сияқтылардың сан түрлі шығындылармен, зи-
янды химиялық заттармен, радиобелсенді элементтермен ластануы қадаға-
ланады. Қадағалау жұмыстары адамның белгілі бір экологиялық жағдайда
жасауының бұзылуына бағытталады. Қоршаған ортаның өзгеру дәрежесі әлі
ластанбаған табиғи жағдай күйіне сәйкес алынады.
Академик И.П.Герасимов мониторинг ұйымдастырудың биоэкологиялық,
геоэкологиялық және биосфералық кезеңдерге бөлінетінін атап көрсетті.
Биоэкологиялық мониторинг кезеңінде қоршаған ортаның ластануы
оның адам денсаулығына тигізетін әсері тұрғысынан қадағаланады. Бұл кезең-
де адамдардың сырқаттарға шалдығуы, өлім, туылу, ұзақ жасау және басқа да
мәліметтер пайдаланылады. Бұл мәліметтер адамның қоршаған орта өзгерісіне
қарсы әсері болып саналады. Бұл кезеңдегі жұмыстар мониторинг бақылау бөлім-
шелері мен санитарлық-гигиеналық қызметтің мәліметтері негізінде жүргізіледі.
Биоэкологиялық мониторинг адамның денсаулығы үшін зиянды шығын-
ды-қоқыстар мен заттар бойынша бақылауды ұйымдастырады.
Геоэкологиялық мониторинг кезеңінде негізінен табиғи, табиғи антро-
погендік геожүйелер, рекреациялық аумақтар қадағаланып, бақылауға алы-
нады. Бұл кезең үшін табиғатты ластандыратын заттардың рұқсат етілген
мөлшері және геожүйелердің өзін-өзі тазалау қабілеті жөніндегі мәлімет-
тер маңызды болып саналады. Бақылаулар географиялық стационарларда,
арнау лы зоналарда немесе полигондарда жүргізіледі.
Геожүйелік мониторингті жүзеге асыру кезінде тиісті аумақта ауа, су,
топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі, адам денсаулығына кері әсер көр-
сететін себепшарттар және ластандыратын қайнаркөздер бойынша бақы-
лау ұйымдастырылады. Бұл салада геожүйелердің өзіне тән ерекшеліктері
ескерілуге тиіс.
70
Биосфера мониторингі кезеңінің негізгі міндеті қоршаған ортаны әлем
шеңберінде бақылаудан тұрады. Бұнда атмосфераның тозаңдануына, Дүни-
ежүзілік мұхиттың ластануына және басқа көрсеткіштерге көбірек назар ауда-
рылады. Бақылаудың негізгі мақсаты әлем шеңберінде болатын өзгерістердің
халық денсаулығы мен қызметіне әсерін бағалау болып табылады. Бақылаулар
биосфера полигондары жүйесінде жүргізіледі. Биосфера полигондары жүйесі-
не қорықтар мен тұрғындардың шаруашылық қызметі зоналары жатады.
Атмосфераны бақылауда басты назар тозаң мөлшерінің артып кетуіне,
“жылыжай эффектінің” пайда болуына, полярлық аймақтарда озон қабаты-
ның жұқаруына бағытталады.
Өзбекстанда қоршаған орта мониторингін жүзеге асыру. Біздің
елімізде ауыл және су шаруашылығы, тау-кен, химия, металлургия және
басқа өнеркәсіп тармақтарының соңғы 50–60 жыл барысында жедел
қарқынмен дамуы нәтижесінде қоршаған ортада күшті өзгерістер орын
алды, аймақтық және жергілікті экологиялық проблемалар пайда болды.
Сол себепті қоршаған ортаның жай-күйін тұрақты бақылау мен басқару-
дың бірыңғай мемлекеттік жүйесін жасау және жүзеге асыру қажеттілігі
туындады.
Қоршаған орта мониторингі еліміздегі бірқатар мекемелер мен ұйымдар
тарапынан жүзеге асырылады. Атмосфера ауасы мен су айдындарының лас-
тануын Өзбекстан Гидрометеорология Бас басқармасы, жерасты суларының
ластануы мен келеңсіз табиғи географиялық үдерістердің дамуын – Өзбекстан
Геология және минерал ресурстар мемлекеттік комитетіне қарасты “Узбек-
гидрогеология” кәсіпорны, топырақтың сортаңдануы мен сызат суларының
мөлшерін және коллектор суларының минералдану дәрежесін – Ауыл және
су шаруашылығы министрлігі, ормандар жағдайын – Орман шаруашылығы
комитеті, қоршаған ортаның адам денсаулығына әсеріне байланысты мәсе-
лелерді Денсаулық сақтау министрлігі қадағалап, бақылап тұрады. Аталмыш
ұйымдар мен мекемелердің мониторинг саласындағы қызметін Экология
және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитеті басқарады.
Жыл барысында мемлекет бойынша жүргізілген бақылау және қадағалау
мәліметтері жиналып, орташа айлық көрсеткіштер анықталады.
Географиялық-экологиялық сараптама негіздері. ХХ ғасырдың 60–70-
жылдарынан бері ірі шаруашылық кәсіпорындарының құрылысы және басқа
шаралар жобалары мамандардың жан-жақты байқауынан өткен соң, олардың
рұқсатымен ғана жүзеге асырыла бастады. Бұл үдеріс жалпы мағынада сарап-
тама ( экспертиза) деп аталады.
71
Ірі инженерлік құрылыстарды салу жобаларының мамандар бақылауынан
өткізілуі сараптама делінеді. “Эксперт” сөзі латыншада “ тəжірибелі”, “са-
рапшы” деген мағыналарды білдіреді. Эксперт – бірер салада сараптама
өткізетін сарапшы маман. Сараптамалар негізінен жобаланып жатқан ин-
женерлік құрылыстың қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша өткізіледі.
Сараптаулар географиялық және экологиялық сараптамаларға бөлінеді.
Географиялық сараптама – жобаланып жатқан инженерлік құрылыстың
қоршаған орта талаптарына сай келу-келместігін анықтау болып табылады.
Экологиялық сараптама – адам қызметінің қоршаған ортаның биологиялық
бөлігіне (өсімдіктер, жануарлар дүниесі және микроағзалар) әсерін бағалау.
Географиялық және экологиялық сараптамалар бір-біріне барлық
жағынан жақын әрі бірін-бірі талап ететіні ескеріліп, географиялық-эколо-
гиялық сараптама деп те аталады. Географиялық-экологиялық сараптама
сараптау барысында инженерлік құрылыстың қоршаған ортаға, адамның
денсаулығына қалай әсер ететінін де ескереді.
Сараптау істері түрлі дәрежелерде жүзеге асырылады. Мемлекеттік сарап-
тама, Министрліктің сараптамасы, Мемлекеттік ғылым және техника коми-
тетінің сараптамасы, ғылыми сараптама, қоғамдық сараптама және т.б. Қор-
шаған орта бойынша сараптаманы Экология және қоршаған ортаны қорғау
мемлекеттік комитеті белгілейді. Бұл ұйымда экологиялық-географиялық са-
раптама басқармасы бар.
Өзбекстанда географиялық-экологиялық сараптама өткізу. Біздің елімізде
өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап ірі құрылыстар мен нысандардың жоба-
ларын географиялық-экологиялық сараптамадан өткізу қолға алынды. Бүгінде ре-
спубликадағы жаңа өнеркәсіп кәсіпорындарын экологиялық талаптарға сай түрде
орналастыру, бар кәсіпорындар өндіріп жатқан өнімдер, қоршаған ортаға шыға-
рылған шығындылар мәселесі жан-жақты талданып, технологиялық үдерістерді
жетілдіруге, газ бен тозаңды ұстап қалатын және тазалайтын заманалық қонды-
рғылар орнатуға баса маңыз беріліп келеді. Елімізде салынып жатқан ірі және
орта кәсіпорындар экологиялық тәртіп-ережелер мен белгіленген мөлшерлер не-
гізінде құрылумен қатар, өндіру үдерісінде қоршаған ортаны зиянды шығынды-
ларымен ластамайтынына кепілдік берілген. Мысалы, Асака қаласындағы жеңіл
автомобиль зауыты, Қарауылбазардағы мұнайды қайта өңдеу зауыты және басқа
кәсіпорындар жан-жақты әрі терең экологиялық сараптамадан өткізілген.
Мониторинг, биоэкологиялық мониторинг, геоэкологиялық мониторинг, сараптама, са-
рапшы, географиялық сараптама, экологиялық сараптама.
Достарыңызбен бөлісу: |