87
КСРО-ның бөлшектенуі оның ең құдіретті мемлекеті болып саналған Ре-
сейдің алдына, бір жағынан, ішкі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
шешу, екінші жағынан, өзінің әлемдік аренадағы саяси беделін қайта тіктеу си-
яқты күрделі міндетті жүктеп қойды. Ресей өз проблемаларын шешуге қажетті
уақытты уысынан шығармау үшін, ең алдымен, ТМД аумағында бейбітшілік-
тің сақталуынан мүдделі. Сонымен қатар батыстың арбауына түсіп жатқан
ТМД елдерін өз ықпалы шеңберінде ұстап тұруға да әрекет жасап отыр.
Бұрынғы кеңестік жүйеден қалған әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері
бар Ресейдің ықпал жасау шеңберін тарылтуға бағытталған НАТО аумағының
шығысқа қарай кеңейе түсуі, халықаралық лаңкестік ұйымдар мен басқа да
топтардың Ресейдің геосаяси беделіне нұқсан келтіруге тырысуы көрінісінде-
гі сыртқы себепшарттар оның әлемдегі негізгі геосаяси орталықтардың біріне
айналуына тосқауыл болуда.
Əлемнің ең ежелгі мәдени орталықтарының бірі болған Қытайда 1910
жылы монархиялық жүйенің аударылуы Шығыс Азия аймағында үлкен өз-
герістердің орын алуына себеп болды. 1949 жылы ішкі саяси келіспеушілік-
терді КСРО көмегімен шешкен коммунистік партия бұл жерде социалистік
жүйе орнатуға қол жеткізді. Бүгінгі Қытайдың геосаясаты мемлекеттің дә-
йекті түрде экономикалық дамуына, социалистік жоспарлы экономикадан
нарықтық қатынастарға өтуге бағытталған. Қытайда мемлекеттің 1976-1989
жылдардағы басшысы Дэн Сяопинь жасаған концепция негізінде экономика
мен қоғамды ырықтандыру саласындағы реформалар сатылы түрде жүріп
жатыр. Қысқа мерзім ішінде-ақ экономикада ұнамды нәтижелерге қол жет-
кізілді. Бұны Қытайдың жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткіштері бойынша
дүние жүзінде бірінші орын алғаны дәлелдейді. 2016 жылғы мәліметтер-
ге қарағанда, әлемдік ЖІӨ-нің 17,8 %-ы осы мемлекеттің үлесіне тура ке-
леді. Экономикалық құдіретін күннен-күнге еселей түскен Қытайдың өзінің
әлемдегі геосаяси ықпалы шеңберін де кеңейтуге ұмтылуы заңды, әрине.
Ол бірінші кезекте жақын көршілерімен, анығырағы, көлемді табиғи, әлеу-
меттік және экономикалық ресурс мүмкіндіктері мол мемлекеттермен жан-
жақты байланыстарын нығайтып келеді.
Таяу Шығыс елдерінің геосаяси орны өте қолайлы екендігі белгілі. Үш
құрлықтың – Еуропа, Азия және Африка материктерінің қиылысқан тұсы-
на орналасқан бұл аймақ көптеген ірі мемлкеттердің геосаяси қызығуына
себеп болып отыр. Соңғы жылдарда бұл жерде табылған энергия ресурс-
тарының көлемді қоры бұл қызығуды одан сайын арттырып барады. Со-
нымен қатар бұл аумақ дүниенің ең тынышсыз, дүрбелеңге толы аймақта-
88
рының бірі болып қалды. Бұған бірінші кезекте діни себепшартты атап
көрсеткен орынды.
1947 жылы 29 қарашада БҰҰ ұсынған жоспарға сәйкес Палестина аумағын-
да еврей және араб мемлекеттерін құру көзделді. 1948 жылы 14 мамыр күні бұл
аумақта яхуди дініне табынатын Израиль мемлекетінің ұйымдастырылуы араб
мемлекеттерінің наразылығына себеп болды. Соның нәтижесінде 1948 жылы
15 мамырда араб мемлекеттерінің лигасы Палестина жеріне өз әскерлерін ен-
гізді. Соғыс қимылдары ұзаққа созылмаса да, осы күнге дейін өз шешімін тап-
паған “Палестина - Израиль” проблемаларының қалыптасуына әкелді.
Бұдан тыс соңғы жылдарда аймақ аумағының Сирияға тиісті жағына келіп
орныққан радикалдық ислам топтары ұйымдастырған мемлекет көрінісінің
пайда болуы, оған қарсы алдымен Сирия армиясы, сосын Ресейдің, АҚШ-
тың, бірқатар Еуропа мемлекеттері одағының біріккен әскерлерінің күресі
аймақтағы геосаяси жағдайдың күрт нашарлауына соқтырды. Соғыс қимыл-
дары жүріп жатқан аумақтарда бейбіт халық өз мекен-жайларын тастап кету-
ге мәжбүр болуда, жұмыс істеп тұрған экономикалық нысандар жермен-жек-
сен етілуде. Таяу Шығыс мемлекеттерінің проблемасы дүние жүзінің саяси
өмірінде әлі шешімін таппаған өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Мемлекеттердің интеграциялық бірлестіктері. Əлемдік экономикада
жаһандану үдерісінің туындауы экономикалық интеграциялардың қалыпта-
суына себеп болған. Экономикалық интеграция мемлекетаралық келісім сая-
саты негізінде екіжақты немесе көпжақты ұзақ мерзімді және тұрақты эконо-
микалық қарым-қатынастың дамуы болып саналады.
Еуропа Одағы аймақтық интеграциялық топтар арасында мүше мемле-
кеттерінің көптігі, олардың әлемдік экономикада иелейтін орнының маңыз-
дылығы тұрғысынан ерекшеленеді. Оның қалыптасуы 1951 жылы Еуропа
көмір және темір өндірушілер бірлестігінің ұйымдастырылуымен тығыз бай-
ланысты. Бұл бірлестікке Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия
және Люксембург мемлекеттері мүше болған. Бұл мемлекеттер 1957 жылы
Еуропа экономикалық ынтымақтастығы және атом энергиясы бойынша Еу-
ропа серіктестігін ұйымдастыру жөнінде келісім жасасқан. 1967 жылы жоға-
рыда аттары аталған үш ұйымның бірігуі Еуропа Одағының құрылуына негіз
болды. Бұл ұйымға 1973 жылы Ұлыбритания, Дания және Ирландия, 1981
жылы – Греция, 1986 жылы – Испания мен Португалия, 1995 жылы – Австрия,
Швеция және Финляндия, 2004 жылы – Польша, Чехия, Венгрия, Словакия,
Словения, Литва, Латвия, Эстония, Кипр және Мальта, 2007 жылы – Румыния
мен Болгария, 2013 жылы Хорватия мүше болды. 2016 жылы Ұлыбританияда
89
өткізілген референдумның нәтижелеріне орай бұл мемлекет Еуропа Одағы-
ның құрамынан шықты. Оның бұл ұйымнан толыққанды бөлініп шығуы 2017
жылдың жазында іске асты.
Ішкі шекаралары жоқ бірыңғай экономикалық мекен жасау, бұл аумақта
әлеуметтік және экономикалық байланыстарды күшейту, өндірістік шығын-
дарды теңестіру мақсатында айналымға бірыңғай валюта енгізу Еуропа
Одағының негізгі мақсаты болып табылады.
Тəуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) 1991 жылы 8 желтоқсанда негіз
қаланған. Өз қызметін сол жылдың 21 желтоқсанында бастаған Достастықтың
жарғысына орай оған мүше мемлекеттер адам құқықтары мен бостандықта-
рын қамтамасыз ету, мемлекеттердің сыртқы саясатын бақылау, экономикалық
ынтымақтастық, көлік және байланыс жүйесін дамыту, халық денсаулығын
қорғау, табиғатты қорғау, әлеуметтік және миграциялық саясат мәселелерін
шешу, ұйымдасқан қылмыскерлікке қарсы күрес мәселелерін бірігіп шешуге
тиіс. Бүгінгі таңда Ресей Федерациясы, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Қыр-
ғызстан, Тәжікстан, Молдова, Əзербайжан және Армения Республикалары
бұл ұйымның мүшелері болып саналады. Ал Түркіменстан ассоциацияланған
мемлекет статусын алған. Сонымен қатар Монғолия мен Ауғанстан ұйымның
бақылаушылары ретінде түрлі деңгейдегі жиналыстарға қатысады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) қалыптасуы 1996 жылғы
26 сәуірде Қытайдың Шанхай қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей,
ҚХР және Тәжікстан мемлекеттерінің әскери саладағы ынтымақтастық бо-
йынша келісімге қол қоюына байланысты.
Бастап қыда “Шанхай бестігі” деп аталған
бұл ұйым оған 2001 жылы Өзбекстан мүше
болған соң қазіргі ресми атпен аталатын
ұйымның құрылғаны туралы декларация-
ны жариялады. 2017 жылы Үндістан мен
Пакистан бұл ұйымның тең құқылы мүше-
леріне айналды. Бұлармен қатар ұйым жұ-
мысына 6 диалогтық ынтымақтас мемле-
кет, 4 бақылаушы және 4 үміткер мемлекет
те қатысады (9-сурет). Мүше мемлекеттер
ортасында өзара сенім, достық пен тату
көршілікті қамтамасыз ету, аймақта бейбіт-
шілікті сақтау, қауіпсіздік мәселелерін өза-
ра келісіп шешу, лаңкестік (терроризм) пен
9-сурет. ШЫҰ әлем картасында
Достарыңызбен бөлісу: |