технологиялығы
Ыстықтай штамптаумен дайындалған бұйымдар басқа да жолдармен алынған бұйымдармен салыстырғанда (мысалы, құю, пісірі және т.б.), бұйым құрастырылу технологиясы сақталмауынан
жиі қымбатқа түседі, сондықтан ыстықтай штамптаумен дайындалған бұйымдар құрастыру технологиясына аса назар аудару қажет.
Ӛндіріс топтамалығына байланысты бұйымдар дайындаудың түрлі жолдары қолданылады. Бұйымдардың жекелеген және аз топтарда жасалуы барысында әдетте соғу арқылы жасалады. Бұл әдіспен тек қарапайым конфигурацияда соғуға қол жеткізуге болады. Орта және ірі орташа ӛндірісте қалыптауды балғамен, сығымдаушыда және кӛлденең соғушы машинада жасауды қолданады.
Бұйымдарды құрастыру барысында тәсілдердің технологиялық ерекшеліктерін есепке алатындай және сәйкесінше қойылатын талаптарға жауап беретін қалпын ескеру қажет.
Соғу барысындағы негізгі талаптар. Соғу арқылы дайындалған бұйым кӛлбеу қиылысуында айтарлықтай айырмашылық болмайтын бір кесуден екінші кескішке оңай ауысатын цилиндрлік беткейлерімен немесе жазық беткейлі ең қарапайым симметриялы қалыпқа ие болуы қажет. Соғылып жасалатын бұйымның конфигурациясының күрделенуімен оның жасалуына кететін шығындар құны арта түседі. Кӛлденең қиық тұсы бойынша немесе ӛлшемдерінде біршама айырмашылықты конфигурациялары бар бұйымдарды біріктіру беткей санын азайту үшін біреуімен алмастырған дұрыс.
Бұйымдардың максималды сәйкестендірілуіне ұмтылу қажет. Симметриялы құрастырма бұйымдардың оң және сол жақ бірдей соғылмадан жасалуы қажет.
Балғамен соғу барысындағы негізгі талаптар. Ыстықтай қалыпқа келтірілетін бұйымдарды құрастыру барысында келесідей ережелерді ұстану қажет. Бұйымдарға соғылғаннан кейін қалыптан оңай шығарылатындай және соғу құрастырылымын бұзбайтындай мүмкіндікті қамтамасыз етілу қажет. Бұйымдардың бүйір жағы, яғни соғу бағытында тік бағытқа қатысты еңку жағдайында болуы қажет. Бұл соғылған құйманы қалыптан оңай шығаруға мүмкіндік береді. Тік қабырғалар кезекті механикалық ӛңдеуді талап етеді. Ішкі қабатының еңкулігі сыртқысына қарағанда жоғары болуы қажет. Қалыпқа құю және қалыптарда жасауды жеңілдету үшін симметриялы пішінді бұйым жасау немесе симметриялы шығыңқы бүйірлі бұйым жасауға басымдылық беріледі. Қабырғаларының еңістігі түрліше соғылатын бұйымдарды қалыпқа құю барысында жылжыту күші туындайды (бірдей еңістік жағдайында бұл кемшілік кездеспейді); бір беттен екіншісіне ауысу барысындағы барлық ауысулар дӛңгеленген түрде болуы шарт; үшкір бұрыштыларға жол берілмейді.
Кӛлбеу қиықтар ӛлшемі түрлі аумақта мүмкіндігінше бірдей болуы қажет; бұйымның қабырғасы жұқа болмауы қажет, дӛңесшелері жоғары болуы шарт.
сурет. Балғамен соғудан алынатын типтік соғындылар
Кӛлбеу қиықтар алаңы қалыпқа салынатын бұйымдар ұзындығынан 1:3 қатынастан аспайтындай ӛзгерісте болуы қажет.
Бұйымдарды типтік қалыптау 6.4. суретте келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |