Бҧйымдарды және қҧралдарды беру, орнату және бекітудің автоматтандырылуы
Бұйымдарды станоктарға беру және оларды ӛңдеу жасау үшін бекіту, сонымен қатар, құралды бекіту және оны ауыстыру үрдістерді цехтарда механикалық орындаудың маңызды құраушы бӛліктерін білдіреді. Бұл жұмыстардың автоматтандырылуы жұмысшылардың еңбектерін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге еңбек ӛнімділігін арттырады, себебі оларды дайындауға кететін уақыт шығындарын азайтады.
Құрастырлым типі және пайдалану мақсатына қарай аталған міндеттерді шешуге арналған барлық механизмдер 8.1. суретте кӛрсетілген сызбадағы топтарға сәйкес бӛлінуі мүмкін.
Бұйымды станокка беруге арналған механизмдер үш түрге бӛлінуі мүмкін. Бірінші түріне бӛлек бір станоктар жарақтандырылатын жеке кӛтергіш механизмдер кіреді. Бұл кӛтергіш механизмдер электрлі, пневматикалық немесе гидравликалық білік иеленулері мүмкін және айналмалы консольдық кӛтергіш, токарлық және басқа да станоктар ішкі табандары арасында орналастырылатын арнайы призмалы кӛтергіштер түрінде орындалады.
Бұйымдарды және жартылай шикізаттарды жылжыту қондырғыларына және оларды станокта орнатуға «механикалық қолда» жатады. Олар суықтай қалыптауға арналған металл ӛңдеуші станоктар мен сығымдарға арналған автоматты желі үшін де, бӛлек станоктар үшін де қолданылады.
Ірі топтамалы және жаппай ӛндірісте әрбір станок жұмыс жасау жағдайы тұрақты болғанда немесе сирек және заңды ӛзгеріске ұшыраған жағдайда басқа да типтегі механизмдер кеңінен қолданыста болады.
Кей станоктар құрастырылымы (револьверлі станоктар, токарлы-
револьверлі автоматтар, аралық егеуші автоматтар және т.б.) тік немесе орала жиналған шыбықтардан (сым арқандар орамы) бұйым жасауға мүмкіндік береді. Шыбықты бұйымдар берілісі шыбықтың
Сурет 8.1. Бұйымдарды және құралдарды беру, орнату және бекіту механизмдерінің топтастырылуы.
станоктың еден сүмбісі ӛзегінің арасынан кезеңді жылжуы арқылы жүзеге асырылады.
Жетектің консольдік шығыңқы бӛлігінен дайындалған бұйым ӛңдеу аяқтларда кесіледі және құлап түседі; бұдан кейін қысқыш қондырғы ашылып және жетек ӛз ӛзегі айналасында қажетті кӛлемге беріледі.
Бұл механизмдер ӛз құрастырылымы бойынша қарапайым. Берілетін жетектің қысылуы серіппелі цанга немесе сынамен жүзеге асырады, жылжы ұзындығын шектеу әдетте тіреулермен орындалады, ал берілетін механизмнің жылжу жетегі жұдырықты немесе піспекті қондырғылар кӛмегімен жүзеге асыралады.
Басқа құрастырылымдағы – даналық бұйымдарға арналған тиеу- түсіру қондырғыларының құрастырылымы алуан түрлі және күрделі. Бұндай қондырғылар түрлі станоктарда кеңінен қолданылады. Даналап дайындалатын бұйымдарға арналған тиеу-түсіру қондырғылары құрмына мамандандырылған қызметтер орындай алатын механизмдер кіруі мүмкін:
бұйым қорын сақтауға арналған жинақтаушылар және олардың беру алдында бағдарлануы;
бір-бірлеп немесе талап етілетін мӛлшерде жинақтаушыдан бұйымдарды беруге арналған даналап беру механизмі (ажыратқыш, сүзгіштер);
бір-бірлеп беру механизмінен станоктың қысқыш құрылғысына ауыстыруға немесе дайын бұйымды станоктан ағытып алып және оны науаға немесе қорапқа беруге тасымалдауға арналған автооператорлар немесе қуаттаушылар (тиеушілер, түсірушілер).
Достарыңызбен бөлісу: |