Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет48/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   107

146 
 
Дифференциалды  немесе  балансты  жіберу  тəсілі  мəліметтерді 
синфазалы  кедергіден  тиімді  қорғауды  қамтамасыз  етеді,  өйткені  ораулы 
жұптың  əрбір  өткізгіші  бойынша  тура  жəне  инверттелген  сигналы  өтеді. 
Ажыратымдылық  пен  жиілікке  байланысты  бір  немесе  екі  TMDS-каналы 
қолдетімді  болу  мүмкін.  TMDS-каналының  екеуі  де  синхронизацияның 
жалпы  сигналын  пайдаланады,  бұл  екі  каналмен  өткізу  жолағын  бірдей 
орнатуға мүмкіндік береді. Жүйе бір немесе екі TMDS-каналын пайдалану 
мүмкіндігін  береді  (монитор  мүмкіндігіне  байланысты).  Әрбір  TMDS- 
каналының  өткізгіштік  қабілеті  –  165  МГц,  екі  TMDS-каналының 
өткізгіштік қабілеті – 330 МГц. 
Стандарт 
қателерді 
түзетпейді, 
сондықтан 
монитормен 
байланыстыратын  кабель  ұзындығы  5  м  аспайды,  ал  мəліметтерді  жіберу 
ағынының  жылдамдығы  10-биттік  кодтау  кезінде  1,65  Гбит/с  немесе 
секундына 165 мегапикселге тең болады. 
DVI  интерфейсінің  жіберу  жағында,  цифрланған  RGB-сигналының 
сəйкесінше  өзгеруі  жəне  каналдардың  əрқайсысынан  бірізді  мəліметтер 
ағынының құрылуы жүретін TMDS-трансмиттер орналасқан. Қабылдайтын 
жағында, керісінше R, G, B каналдары бойынша сандық ағынның толықтай 
қалыпқа келуі, сонымен қатар синхронизация сигналы іске асырылады. 
Монитор параметрлерін жəне түрлерін идентификациялау  үшін DVI-де 
EDID  (Extended  Display  Identification  Data  —дисплей  типі  туралы 
мəліметтердің  кеңейтілген  құрылымы)  пайдаланылады.Операциялық  жүйе 
DDC  хаттамасының  көмегімен  интерфейсті  жəне  іске  асырылатын 
ажыратылымдылықты анықтайды. 
DDC интерфейсінің екі түрі болады: DDC1 — монитордан видеокартаға 
қарай, іске асырылатын видеорежимдердің параметрі жəне монитор туралы 
мəліметтер  жіберілетін  біржақты  жəне  DDC2 — мониторды  қашықтықтан 
басқару мүмкіндігі бар, мəліметтер алмасатын екіжақты канал. 
DVI  интерфейсі  мен  сандық  видеодан  басқа,  ықшамдалмаған  сандық 
дыбыстың  екі  каналын  PCM  48  кГц  форматында,  ал  5.1  каналын  Dolby 
Digital  немесе  DTS  форматында  жіберуге  мүмкіндік  беретін  HDMI  (High 
Definition  Multimedia  Interface  —  жоғарыдəлдікті  мультимедиялық 
интерфейс)  интерфейсі  үйлесімді  болып  келеді.  Видеокарталардың  HDMI 
жалғағышы  болуы  мүмкін  немесе  HDMI-кабелінің  DVI-ге  қосылуы 
жалғастырғыш тетік арқылы қамтамасыз етіледі. 
Орташа аз  қуатты видеокарталар пассивті түрдегі салқындатумен, яғни 
кəдімгі радиатормен жүргізіледі. Ең өнімді адаптерлер кулермен (салмағы 1 
кг  дейін)  жабдықталады,  ол  процессорды  жəне  видеожадты  салқындата 
отырып,  тақтаның  бүкіл  бетін  жауып  тұрады;  олардың  өлшемі  басты 
тақтадағы іргелес слотты қолжетімсіз ете отырып жабады. 


147 
 
Желдеткіштің  айналу  жиілігі  –  3500...6  000об./мин;  ол  3D  режимінде 
видекартаның  жұмыс  істеуі  кезінде  өте  шулы  болады.  Кейбір  кəсіби 
видеоадаптерлер сумен салқындатылатын жүйемен жабдықталған. 
Компьютердің  жұмыс  үстелін  кеңейту  үшін  кейде  түрлі  ашық 
қолданбалы  бағдарламалр  үшін  терезелер  орнатылатын  екі  монитор 
пайдаланылады. Мұндай тəсілмен қосу кезінде екі видеоадаптер (AGP жəне 
PCI слотындағы графикалық тақта) немесе, екі не болмаса бір монитормен 
жұмыс  істейтін  AGP  жəне  PCI  графикалық  тақтасының  біреуін  орнату 
талап етіледі. 
Видеожүйелердің дамуының негізгі бағыты – бұл бейненің регенерация 
жұмысының  толықтай  мониторға  өтуі;  видеоадаптер  бейнені  тек 
құрастырады,  ал  монитор  мен  компьютерді  қосатын  кабель  арқылы  тек 
бейненің өзгергені туралы ғана ақпарат беріледі. 
 
 
4.2.5.Жұмсақ магнитті дисктердің дисководы 
Дисководтар,  немесе  жұмсақ  магнитті  дисктердің  электрлік- 
механикалық  желілері  дисктің  өлшемі  бойына  ажыратылады:  5,25"  (бес 
дюмді жинақтағыш) жəне 3,5" (үш дюмді жинақтағыш). 
Қазіргі уақытта ДЭЕМ-да бір типтік өлшемдегі – 3,5 дюмді дисководтар 
пайдаланылады,  бірақ,  бұдан  да  жоғары  деңгейде  жетілдіріле  түскен 
жинақтағыштардың өндірілуіне байланысты, бұл дисковдқа деген сұраныс 
жыл өткен сайын төмендеуде. 
Жұмсақ  дисктерге  арналған  барлық  дисководтар,  типіне  қарамай, 
бірнеше  негізгі  бөліктен  тұрады:  бастиек  блогы,  дискті  айналдыру 
двигателі,  бастиекті  позициялау  двигателі,  басқару  сызбасы  жəне  беткі 
қабат панелі. 
Дисководтың  мəліметтерді  оқитын/жазатын  екі  əмбебап  бастиектері 
болады, олар дисктің беткі қабатының жоғарғы жəне төменгі бөліктерінде 
орналасады.  Олар  бастиек  блогымен  біріктірілген,  сондықтан  бір-бірінсіз 
басқа орынға ауыса алмайды (4.10 сурет). 
Бастиектер  темірдің  жұмсақ  құймасынан  жасалған  білігі  бар 
электромагнитті  катушка  болып  саналады.  Әрбір  бастиек  –  бұл  екі  түрлі 
бастиектің комбинациясы: өшіретін екі бастиек арасында оқу/жазу бастиегі 
орнатылады.  Мұндай  конструкция  жолдарды  салу  кезінде  бүйір  жақтағы 
бастиектермен  олардың  ішкі  шекараларын  өшіруге  мүмкіндік  береді,  бұл 
мəліметтерді  оқу/жазу  үшін  жіңішке  жұмыс  аумағын  жəне  іргелес 
цилиндрлер арасына саңылау сала отырып, жасалады. 


148 
 
 
 
 
4.10  сурет. Жұмсақ дисктің магнитті бастиекпен өзара әреке- 
тінің сызбасы 
— жұмсақ диск; — бастиек блогы; — бастиек қозғалысының бағыты; 
— бастиекті ауыстыру желісі; — дискті айналдыру желісінің шайбасы; 6  — 
дисктің айналу бағыты; — магнитті жол 
 
 
Бастиектер  оқу  жəне  жазу  кезінде  магнитті  қабатпен  байланысты 
қамтамасыз ету үшін жəне аздаған қысымдағы қажетті амплитуда сигналын 
алу үшін дисктің жоғарғы жағына жабыса түседі. 
Бастиек  блогы  қозғалысқа  бастиек  желісінің  механизмімен  келеді,  ол 
бастиек  блогын  тура  линия  бойынша  орналастырып,  дисктің  кез-келген 
жолында орнатуы мүмкін. 
Бастиек  желісі  қадамдық  двигательмен  басқыралыд,  ол  бастиектің 
блогын бір жолдан екінші жолға қадам бойынша орналастырады . 
Қадамдық двигатель — бұл кернеу импульсін беру кезінде роторы тек 
сатылы  түрде,  яғни  тек  белгіленген  бұрышқа  жəне  осы  қалыптың 
фиксациясыме  бұратын  электрлік  двигатель.  Бастиек  блогы  қадамдық 
двигательге  берілген  импульс  санына  сəйкес,  жолдың  қажетті  нөміріне 
ауысады.  Қадамдық  двигатель  бастиек  блогымен  болта  лента  арқылы 
байланысады,  лента  оның  ось  бойынша  оралып,  айналу  əрекетін  
ілгерілмелі  түрде  немесе  шағын  бұрамалы  жіберу  процесінің  көмегімен 
өзгертеді. 
Қадамдық двигатель бастиекті дисктің жоғары бетіне радиус бойынша – 
шетінен бастап ортасына қарай дискретті интервалмен жəне сəйкес келетін 
ақпараттық  жолмен  орналастырады.  Бастиекті  шеткі  жолдар  бойынша 
орналастыру,  өзінің  уақытына  жеткен  кезінде  двигательді  тоқтататын 
тіреуішпен шектелген. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау