324
Кілттік жүйе —криптографиялық кілттерді тудыру, үйлестіру, сақтау,
ауыстыру, жою жəне қалпына келтірутəртібін анықтайтын ережелердің
жиынтығы.
Кодтау —деректерді табыстау немесе сақтауға ыңғайлы түрге
түрлендіру процесі.
MFMкодтау(modifiedfrequencymodulation—
модификацияланғанжиіліктік модуляция) — деректерді икемді магниттік
дискке жазу үшін деректерді түрлендіру əдісі, ақпараттың кезекті битін
кодтауда алдыңғы биттің коды туралы деректер қолданылады.
RLL кодтау (run-lengthlimited—ұзақтығын шектеу) — қатты дискке жазу
əдісі, магниттік бетте өріс бағыттары өзгерулерінің қашықтығын (жазба
өрісінің ұзындығы) шектеуді білдіреді.
Пәрмен — бағдарламаға сəйкес процессормен орындалатын нұсқаулық.
Деректерді компрессиялау (сығымдау) — деректердің өлшемін
қысқарту үшін оларды өңдеу əдісі. Компрессияның екі түрі бар:
шығындармен жəне шығындарсыз. Шығындары бар компрессия файлды
қайта құруға қажетті кейбір бастапқы (сығымдалмаған) деректерді жояды
жəне мардымсыз шығындарға жол берілетін дыбыстық файлдар жəне
кескіндеме файлдар үшін ғана қалыпты қолданылады. Шығындарсыз
компрессия бастапқы файлды толығымен қалпына келтіреді.
Пакеттердікоммутациялау— хабарламаларды ұзындығы азырақ жеке
пакеттер түрінде табыстау, олар бастапқы пунктіден белгіленген пунктке
əртүрлі бағыттармен жіберіле алады.
Ақпаратты
компрометациялау—
құпия
ақпараттың
құпиялы
ақпаратының жайылып кетуі немесе жария етілуі, немесе оны
авторландырылмаған пайдаланушылардың алуы.
Компьютер — бағдарлама белгілеген пəрмендердің реттілігін
орындайтын есептеу құрылғысы.
Контроллер —процессордың енгізу-шығару жəне деректерді сақтау
құрылғыларымен алмасуды басқару жəне қамтамасыз етудің электрондық
құрылғысы.
Қателерді қадағалау— қабылданатын ақпараттың дұрыстығын тексеру.
Құпия ақпарат — қызметтік, жеке, кəсіби, өнеркəсіптік, коммерциялық
жəне басқа ақпарат, лның құқықтық режимі оған қол жеткізу құқығына
жіне қорғанысты талап етуге шектеулер орнатады.
Құпиялылық — ақпараттың субъективті сипаттамасы, оның иесімен
анықталады жəне оны қолдану бойынша шектеулерді көрсетеді.
Криптография — деректерді бейхабар тұлғаларға түсініксіз (мағынасыз,
оқылмайтындай) етіп өзгерту жəне иесіне немесе рұқсат етілген
пайдаланушыға бастапқы формада қалпына келтіру əдісі.
325
Ашық кілті бар криптожүйе— криптографиялық жүйе, ондаекі кілт
қолданылады: құпия (жеке) жəне ашық (көпшіліктік). Құпия кілт құпия
сақталады, ал ашық кілт байланысқа мүдделі кез келген тұлғаларға
қолжетімді. Мұндай криптожүйелерасимметриялы деп аталады.
Құпия кілті бар криптожүйе— криптографиялық жүйе, ондабір
криптографиялық кілт ақпаратты шифрлеу/дешифрлеу үшін қолданылады.
Мұндай криптожүйелер симметриялы деп аталады.
Кэш —мамандандырылған буфер, оған жиі қолданылатын деректер мен
пəрмендер орындалады, олар тез əрекеттесетін процессор мен ДЭЕМ басқа
құрылғыларының арасында орын ауыстырады.
Лазерлік принтер —принтердің түрі, онда растрлық кескіндеме лазердің
көмегіменэлектростатикалық заряды бар барабанда бейнеленеді.
Жеке кілт — хабарламаларды шифрлеуге арналған жəне бір ғана
тұлғаға (иесіне) белгілі кілт (асимметриялы криптожүйеде).
Жергілікті желі — екі жəне одан да көп ДЭЕМшектеулі аймақты
қамтитын желіге бірігу.
Магниттік-оптикалық жазба— ақпаратты тинақтау үшін диск бетін
жəне магниттік өрісті қыздыру үшін лазердің қолданылуымен дерктерді
жазу тəсілі.
Магниттік-оптикалық құрылғылар — ақпаратты сақтаудың магниттік
жəне оптикалық əдістерін біріктіретін əдістер.
Маршрутизатор
(бағдарлауыш)
—
желінің
топологиясына,
каналдардың жүктелуіне жəне олардың жұмыс жылдамдығына байланысты
хабарламаларды жіберулің оңтайлы бағытын қалыптастыру.
Матрицалық принтер — символдарды нүктелер тобымен басып
шығаратын соққылы принтердің түрі.
Машинатілі — микробағдарламалық ішкі код, оны тікелей процессор
аппараттық деңгейде орындайды.
Желіаралық экран(Firewall, немесе брандмауэр) — желіге немесе
желіден рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алуға арналған аппараттық
немесебағдарламалыққорғаныстық тосқауыл.
Микропроцессор — деректерді өңдеуді жүзеге асыратын есептік
нұсқаулықтар жиынтығы бар аса үлкен интегралды схема.
Модем (модулятор-демодулятор) — электр сигналдарын байланыс
каналдары бойынша деректермен алмасу үшін ыңғайлы формаға
түрлендіретін құрылғы.
Модуль —электрондық блоктың аяқталған схемасын қамтитын
конструктивтік ауыспалы бірлік.
Мультимедиа — визуалдық жəне дыбыстық ақпаратты өңдеудің
аппараттық жəне бағдарламалық құралдардың жиынтығы.
326
Символдар жиынтығы —компьютер деректерді ұсыну үшін қолдана
алатын барлық əріптер, сандар жəне белгілер.
Жинақтауыш — деректерді деректердің əртүрлі тасымалдағыштарында
сақтауды басқаратын электрмеханикалық құрылғы.
Бұзушы —ДЭЕМресурстарына қателесіп, білместіктен немесе зұлым
ниетпен рұқсатсыз қол жеткізуге талпынған жəне ол үшін қолға түсірудің
əртүрлі мүмкіндіктерін, əдістері мен құралдарын, қорғау жүйелерінің
штаттық құралдарын жəне кемшіліктерін, деректерді табыстау каналдарына
қосылуды,
бағдарламалық
белгілерді
ендіруді
жəне
арнайы
инструменталды жəне технологиялық бағдарламаларды қолданған тұлға.
Рұқсат етілмеген қол жеткізу (РЕҚ) — белгіленген ережелерді бұзып,
пайдаланушының жұмыс орнының штаттық құралдардың қолданылуымен
немесе ақпаратты байланс каналдарында қолға түсіру арқылы ДЭЕМ
немесеақпараттық ресурсқа қол жеткізу.
Төмен деңгей — логикалық нөлге сəйкес келетін цифрлық сигнал
кереуінің мəні.
Төмен деңгейлі форматтау — магниттік дисктің жолдары секторларға
бөлінетін физикалық форматтау.
Операциялық
жүйе—ДЭЕМ-да
басқа
пайдаланушылық
бағдарламаларды орындау, ресурстарды үйлестіру жəне деректерді енгізу-
шығаруды қамтамасыз ететін жүйелік (диспетчерлік) бағдарламалардың
кешені.
Оптикалық диск — диск, онымен жұмыс істеуде деректерді оқу жəне
жазудың оптикалық технологиясы қолданылады.
Ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық шаралары —ДЭЕМ
жұмысын қорғау процестерін регламенттейтін ережелер мен шаралар
жиынтығы, оның ресурстарын, қызметкердің қызметін қолдану, сонымен
қатар, ақпараттың қауіпсіздігі қатерлерін жүзеге асыру мүмкіндігін
болдырмау немесе қиындату үшін пайдаланушылардың жұмыс тəртібін
қолдану.
Ашық архитектура (сәулет) — сипаттамаларда көптеген өндірушілерге
құруға мүмкіндік беретін, бірегейлендірілген жəне стандарттық жабдықты
жинау жəне жаңғырту үшін қолданылатын жүйе ретінде көрсетіледі.
Кілттерді ашық үйлестіру — криптографиялық кілттерді қорғалмаған
байланыс каналдары бойынша үйлестіру механизмі.
Ашық кілт —асимметриялы криптожүйеде қолданылатын жəне жүйенің
барлық пайдаланушылардың барлығына қолжетімді кілт.
Достарыңызбен бөлісу: |