312
Орындық жəне жазу үстелінің биіктігі оператордың бойына сəйкес
таңдалуы тиіс. Аяқтар еденде нық турып, тізелер а > 90° бұрышта бүгіліп
тұруы керек. Балтырлар бос тұрып, буындарға жүктеме түспеу керек.
ДЭЕМ-да жұмыс істеу барысында пайдаланушының оңтайлы жұмыс
қалпын сақтау үшін үстел бетінің биіктігі680... 800 мм аралығында, ал
мұндаймүмкіндік болмағанда аяққа арналған кеңістік 725 мм құрауы тиіс;
аяққа арналған кеңістіктің биіктігі 600 мм кем емес, тізе деңгейінде
тереңдігі кем дегенде 450 мм; тіке созылған аяқтардың деңгейінде —650 мм
кем емес болуы тиіс.
Жұмыс үстелі бетінің бейнелеу коэффициенті0,5.0,7 болуы тиіс.
Жұмыс орындығы бұрып-көтерілетін жəне отырғыш пен арқалықты
биіктік пен көлбеу бұрыштары бойынша, сондай-ақ, арқалықтан
отырғыштың алдынғы шетіне дейін қашықтық бойынша реттелетін болуы
керек. Орындықтың арқалығы тіке отыруға мүмкіндік беруі, ал
пайдаланушының бел омыртқалары саласының тіреуі болуы тиіс.
Білектер еденге параллельді орналасуы, жоғарғыиықтық сала мен
шынтақ деңгейіне дейінгі иықтар бос қалуы керек.
Енгізу-шығару құрылғылары (монитор, пернетақта жəне тінтуір)
пайдаланушының денсаулығын аяйтын эргономикалық жұмысына
есептелген. Бірақ осы құрылғылардың сəтсіз орналасуы, қолдардың дұрыс
емес қалпы немесе жұмыс барысында дененің дұрыс емес қалпы,
пернетақта мен тінтуірмен үздіксіз жұмыс істеу құрысуға, шаршау белгілері
мен көздердің, жүйкенің, бұлшықеттің, сіңірлердің жəне буындардың
талуына алып келеді.
Дұрыс жарықтандыру үшін келесі кеңестер беріледі:
жұмыс орнын жабдықтағанда, мүмкіндігінше, жарық жоғарыдан
бұрыштан түсетіндей етіп орналастырған жөн;
мониторды терезеге бүйірімен орнатып, жұмыс орнын жарықтандыру
көздерінің арасына орналастыру;
тіке шағылыстыру əрекетінен (көз бағытында ашық жарық көздерінен)
жəне тойтарылған шағылыстыру əрекетінен (айналы бейнеленулер жəне
экрандағы жарықтық əсерлер) аулақ болу;
монитордың
жарықталуын,
ашықтығын
жəне
кереғарлығын
атқарылатын қызметке жəне жарықтандырудың берілген жағдайларына
сəйкес келтіру;
дербес компьютерлер қолданылатын жайларды құрылғылармен
(жалюзи,
пержелер,
сыртқы
күнқағарлар)
реттелетін
терезе
ойықтарымен жабдықтау.
313
Пернетақтаны кеудеге параллельді, ал тінтуірді пернетақтаның
биіктігінде орналастырған жөн. Пернетақтадан үстел шетіне дейінгі
қашықтық 10...30 см құрауы тиіс (10.2-сур.).
Еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында ДЭЕМ
пайдаланушысының жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша келесі
талаптарды орындау керек:
ДЭЕМбар жайлар жылыту, ауаны кондициялау немесе
ағынды-сорғылы
желдету
жүйелерімен жабдықталуы тиіс;
жайларда шу деңгейі 65 дБА аспауы тиіс, ауа температурасы—21.25 °С,
салыстырмалы ылғалдылық — 40.60% құрауы тиіс;
ДЭЕМ бар жайлардың интерьерінəрлеуде полимерлік материалдарды
(ағаш-жаңқалы тақталар, қатпарлы қағаз пластик, синтетикалық
кілемдік жабындылар жəне т.б.) қолдануға тыйым салынады;
ДЭЕМ бар жайларда еденнің беті тегіс, ойықсыз, сырғанақ емес, тазалау
жəне ылғалды жинауға ыңғайлы болуы, сонымен қатар антистатикалық
қасиеттерге ие болуы тиіс. Пайдаланушының компьютермен үздіксіз
жұмысының ұзақтығы 2 сағаттан аспауы шарт.
ДЭЕМ-да 8 сағаттық жұмыс істегенде регламенттелген үзілістер
жасаған жөн — жұмыс басталғаннан кейін 1,5.2,0 скейін жəне түскі
үзілістен кейін 1,5.2,0 с кейін əрқайсысы 20 мин үзіліс немесе жұмыстың
əрбір бір сағаты сайын 15 мин үзіліс.Үзілістер көз, бұлшықет жəне
буындарға арналған босаңсыту жаттығулары үшін қажет.
10.2
-сур. Жұмыс орнын табиғи жарықтандыру және пернетақ-
таны жұмыс орнында орналастыру
314
ДЭЕМ-мен жұмыс уақытының 50 % аса кəсіби жұмыс істейтін
тұлғаларміндетті түрде медициналық тексерулерден өтулері тиіс.
Қорек сымдарының үзілу, жерлендіру ақаулары жəне басқа ақаулар
жағдайында, сонымен қатар, ыс иіс шыққанда қуат көзін шұғыл өшіріп,
апаттық жағдаят туралы хабарлау керек, ал жарақат алып немесе кенеттен
ауырып қалған кезде пайдаланушыол туралы өз басшысын дереу хабардар
етіп, бірінші дəрігерге дейінгі көмекті ұйымдастыруы немесе жедел жəрдем
шақыруы тиіс.
Еңбекті қорғау талаптарын жəне қауіпсіздік техникасын орындамағыны
үшін айыптылар мекеменің ішкі еңбек тəртібінің ережелеріне сəйкес
жауапкершілікке тартылатындарын, немесе Ресей Федерациясының еңбек
туралы заңдар кодексімен анықталған жазаға тартылатындарын əрқашан
есте сақтаған жөн.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. ДЭЕМ-мен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының
негізгі нормативтік құжаттарын атаңыз.
2. Пайдаланушылардың компьютерлерді қолданғанда қан-
дай жағымсыз ықпалдардың болуы мүмкін?
3. Электр қауіпсіздігінің талаптарын атаңыз.
4. Жұмыс орындарында енгізу-шығару құрылғыларын орна-
ластыру шарттарын атаңыз.
5. Жұмыс орындарында жиһазға қандай талаптар қойы-
лады?
6. Жұмыс орындарын жарықтандыру бойынша ұсыныс-
тарды атаңыз.
10.2.
ДЭЕМ ПАЙДАЛАНУ
ДЭЕМ пайдалану негізіне жабдыққа техникалық қызмет көрсету: оны
жұмыс жағдайында ұстау, сондай-ақ, оны жаңғырту (компьютердің
техникалық мүмкіндіктерін арттыру) — ескірген құрылғыларды дер кезінде
ауыстыру немесе оларды жетілдіру жатқызылады.
Компьютердіжаңғырту (апгрейд) əдетте, ДЭЕМ жүйелік блогында
немесе корпусында орналасқан аппараттық құралдарды анағұрлым
заманауи жəне өнімді құралдарға ауыстырумен байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |