315
Әр пайдаланушы ДЭЕМ пайдаланудыңалдында, ең бірінші кезекте
қажетті техникалық құжаттамамен танысып, қолданылатын есептеу
құрылғыларында жұмыс істеудің минималды дағдыларын иеленуі тиіс.
ДЭЕМ жұмыс бастамас бұрынтөмендегілер қажет:
жұмыс орындағы жарықтандыруды реттеу жəне монитор экранында
бликтердің жоқтығына көз жеткізу;
жабдықтың электр желісіне дұрыс қосылуын қадағалау;
желілік қорек кабельдердің іске қосылып тұрғандығын жəне жалаңаш
сымдардың жоқтығын тексеру;
жүйелік блоктың жерленуіне (нөлденуіне) көз жеткізу;
мониторэкранының бетін антистатикалық сулықпен сүрту;
үстел, орындық, экранның көлбеулену бұрышын, пернетақта қалпын,
тіртуір қалпын тексеру жəне қажет болған жағдайда ыңғайсыз қалыптар
мен дененің ұзық уақыт бойы тартылуын болдырмау мақсатында
қауіпсіздік техниканың талаптарына сəйкес жиһаздың орналасуын
реттеу.
Жалғастыру кабельдерінің сыртқы құрылғылармен жəне ДЭЕМжүйелі
блогымен қосылуы жалғағыштарда фиксаторларды (бұрандалар мен
қысқыш) қолданумен жəне көп механикалық күш салмай, тоқтан
ажыратылған күйде («ыстық» қосылуға жол беретін құрылғыларды
қоспағанда) орындалады.
ДЭЕМзақымдалуының алдын алу үшін желіде қысқа мерзімдік жоғары
вольттік кедергілерден қорғану үшін желілік сүзгіні қолдану ұсынылады.
ДЭЕМ (əсіресе, ноутбуктерменДҚК) суық жерден жылы жаққа
ауыстыру үшін қосар алдында біраз күту керек — бейімдеу уақыты
(пайдалану жағдайларына бейімделу), ол ылғал конденсациясының пайда
болуының алдын алу үшін қажет, ылғалдың салдарынан аппараттық бөлім
бүлінуі мүмкін. Бейімделу уақыты температуралардың айырмасына жəне
жабдықтың масса-ауқымпараметрлеріне тəуелді (ол көп болған сайын,
бейімделу уақыты да ұлғаяды) жəне өндірушінің техникалық құжатта-
масында ескертілуі мүмкін.
ДЭЕМқұрылғыларын қосу келесі ретпен жүргізілуі тиіс:
электр желі розеткаларына ДЭЕМ құрылғылары қоректерінің күштік
кабельдерінің ашаларын енгізу керек;
ДЭЕМүздіксіз қорек блогын қосу (егер бар болса);
ДЭЕМ жүйелі блогының қорегін қосу;
монитор жəне басқа құрылғылардың қорегін қосу.
316
ДЭЕМжабдығы қосулы тұрғанда төмендегілерге тыйым салынады:
шеткері құрылғылардың интерфейстік кабельдерініңжалғағыштарын
ажыратып-қосу;
жүйелі блоктың (процессордың), монитордың, пернетақтаның,
дискжетектердің, принтерлердің жəне басқа құрылғылардың бетіне
ылғал тиюіне жол бермеу ;
жабдықты ашу жəне жөндеуді жүргізу;
қаптары шешілген күйде компьютермен жұмыс жасау;
құрылғыларды жылжыту;
баусымды қолда ұстап тұрып жабдықты өшіру.
Компьютерді қосқанда оның электронды тораптарында орындалатын
өтпелі процестер компьютер үшін жəне біріккен микросұлба температу-
ларының циклдік өзгерулері ең зиян процестер болып табылады.
Сондықтан ДЭЕМ жұмыс жасауда ұзақ үзілістер болған жағдайдаоны
өшірмей, энергия үнемдейтін режимдерге («күтуші» немесе «ұйықтап
жатқан») ауыстырған жөн.
Одан бөлек, егер компьютер бағдарлама орындауды аяқтамаса, оны
өшіру қажеттілігі жоқ жəне қорек блогы жəне басқа құрылғылардағы
ауыспалы процестерге байланысты оны 30 с кейінқосуға болады.
Шамадан тыс қызып кетудің алдын алу үшін мониторкорпусындағы
желдеткіш саңылауларды жəне компьютердің ортақ блогын жабуға
болмады. Барлық блоктарда ауа айналымы үшін жақсы қол жеткізу
қамтамасыз етілуі тиіс.
Принтерді жүйелі блоктың қасына қоймау керек, себебі оның
жұмысында дискжетектер үшін зиян қатты діріл пайда болады.
Динамикермен
мониторды
қатар
орналастырылмаған
жөн,
себебімониторэкранындасыртқы
магниттік
өрістерден
кескіндеме
бұрмалануы мүмкін.
Монитор экранын оқтын-оқтын жабдықты өндірушілер ұсынған
ерітінділерге жұмсақ шүберек салып шаңнан сүртіп тұру өте орынды.
сонымен қатар, басқа тұрмыстық ерітінділерді қолдануға болады.
Маниттік өрістер дискеттер үшін қауіпті болады, олардың
магнитсіздендіру əсері біртінде жинақталып, деректердің жоғалуына себеп
болады.
Мысалы, түрлі-түсті ЭСТ-мониторлар түтікше экранының айналасында
катушкасы бар, ол мониторды қосқанда кинескоптымагнитсіздендіру
қызметін атқарады, бірақ 30 см дейін қашықтықта дискеттер мониторды
əрбір қосқан сайын қатты магниттік өрістің ықпалына ұшырайды.
317
Әдетте, ДЭЕМжабдығы істен шықпас бұрын (жарамсыз болып қалады)
сапалық ескіреді. Бұл жұмыс үшін жадының үлкен көлемдерін жəне
процесордың өнімділігін талап ететін бағдарламалық өнімдерді үздіксіз
шығарумен байланысты.
Компьютерді жаңғыртудың негізгі тəсілдері жедел жады, қатты дисктер,
процессорлар, бейнекарталар, оптикалық дискжетектер, дыбыстық жəне
желілік карталар, тюнерлер жəне т.б. ауыстырумен немесе қосымша
орнатумен байланысты. Аналық тақшаларды, қорек блоктарын жəне
жүйелік корпустарды сирек ауыстырады.
Үстелүсті ДЭЕМөзінің бастапқы модульдік конструкциясынан іс
жүзінде ноутбуктарға қолжетімсіз аппараттық құралдардың өзгеруін
қамтамасыз ету үшін құрылған болатын, ол толығымен ноутбуктерге
қолжетімсіз, əсіресе, олардың жаңғыртылуын үй жағдайында өткізсе.
ДЭЕМ жаңғыртуға кіріспес бұрын бірнеше дайындық операцияларын
орындау қажет. Бірінші жаңғырту мақсатын айқын анықтап алып, ескірген
құрылғыларды ауыстыруға арналған қажетті электрондық компоненттерді
іріктеп, олардың қалған жабдықпен сəйкестілігіне көз жеткізу керек.
Мысалы, ЖСҚ жаңа модульдерін жəне процессорды алғанда, олардың
орнату өлшемдерінің жəне параметрлерініңжүйелік тақшаларының
сипаттамаларына сəйкестігін тексеру керек, ал бейнеадаптер мен монитор
регенерация жиілігі мен жалғағыштары бойынша үйлесімді болулары тиіс.
Жүйелі блокты бөлшектеудің алдында барлық деректердің резервтік
көшірмелерін жасау керек, электрониканыэлектрстатикалық разрядтардан
қорғау бойынша шаралар қабылдау, кей жағдайларда(мысалы, процессорды
ауыстырғанда) аналық тақшадағы қалыптар мен ажыратып-қосқыштарды
жазып алу керек.
Ашық корпуста розеткаға қосылған желілік баусыммен жұмыс істемеген
жөн, себебі көптеген заманауи ДЭЕМ, қолданылатын ATXқорек блоктары
компьютер өшіп тұрса да, жүйелік тақшаға үнемі 5 В кернеу беріп тұрады.
Адам денесінде əрқашан статикалық заряд болады, сондықтан кез
келген электронды құрылғыларға жанасу үшін жүйелік блоктың металл
корпусымен жалғасқан немесе оның өткізуші учаскесіне жанасатын
антистатикалықбілезік киген жөн. Бұл шаралар дене мен ДЭЕМ
тораптарының
жəне
микросхеманың
бұзылуын
болдырмайтын
электростатикалық əлеуеттері арасындағымен айырмасын түсіруге
бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |