Джордано Бруноның натурфилософиялық ілімі
Джордано Бруно (1548-1600 жж.) Қайта өрлеу заманының ұлы тұлғасы, ғылыми ақиқатты батыл қорғап, сол кездегі инквизицияға қарсы шықты.
Ол Дүниеге деген пантеистік көзқараста болды. «Құдай дегеніміз — шексіздіктегі шексіздік, ол барлығында: барлық жерде, олардан бөлек, я болмаса жоғары емес...». «Табиғат дегеніміз — ол заттардың ішіндегі Құдай» деген пікір таратқан. «Барлық заттар Ғарыштың ішінде, Ғарыш барлық заттарда, біз оның ішінде, ол бізде», - деген Д.Бруно ойы ертедегі философиядағы микро және макрокосмның теңдігін көрсеткендей болады.
Құдайдың өзі сол табиғат болғаннан кейін, Д.Бруно бүкіл Дүниенің жаны бар деп түсінеді. Дүниежүзілік жан – заттарды қалыптастыратын, олардың ішкі күш – қуаты. Олай болса, бәрі де мақсатқа лайықты өмір сүреді (телеологизм). Ал оны білу – ғылымның негізгі ісі, - деп түсінді Д. Бруно.
Д. Бруно тағдырына аянышты әсерін тигізіп, оны тарихи тұлғалық дәрежеге көтерген, әрине, оның космологиялық идеялары. Ол Н, Коперниктің идеяларын әрі қарай дамытып, «Күн – біздің Дүниенің орталығы ғана, ал Ғарышты алатын болсақ, ондағы саны шексіз жұлдыздардың әрбіреуі - өзінше күн және олардың да планеталары бар. Ал онда өмір, рух болуы мүмкін», - деген батыл болжам айтты. Әрине, мұндай көзқарастың тарауына христиан шіркеуі үзілді – кесілді қарсы болды.
Сондықтан ол 1592 ж. ұсталып, түрмеге түсті. Инквизиторлар 8 жыл бойы ұлы ойшылға: «Көзқарастарыңнан бас тартсаң, өміріңді қалдырамыз», - деді. Бірақ Д. Бруно олардың ықтиярына көнбей, ақырында отқа жағылды.
Қорыта келе, философия бірте – бірте діни көзқарастан алшақтап, ақыл – ой елегінен өткізілген нақтылы өмірден алған тәжірибеге сүйене бастады. Табиғат жөніндегі ғылыми деректердің, табиғи құқ және моральдық мәселелердің мәні өсе бастады. Ал бұл үрдістер Жаңа дәуірдегі ғылымның, жалпы танымның негіздерін қайта қарауға, философияның жеке ғылымдармен тығыз байланысының орнығуына әкелді. Сонымен келесі тарауда Жаңа капиталистік қоғам дүниеге келіп тудырған философияға тоқталатын боламыз.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Қайта өрлеу заманы деп кай ғасырларды айтамыз?
Гуманизм дегеніміз не?
Қайта өрлеу заманы адам мәселесін калай шешеді?
Н.Кузанский өзінің негізгі еңбегін «Ғылыми білімсіздік»
деп атауының сыры неде?
Н.Кузанский сенім мен акыл-ой мәселесін қалай шешеді?
Н.Макиавеллидің адам туралы ілімінің ерекшелігі неде?
7. Н.Макиавелли саясат пен моральды калай бір-бірінен
айырады?
Фортуна дегеніміз не?
Діни реформациядағы М.Лютердің енгізген өзгерістері қандай?
10. Жан Кальвиннің діни философиясының ерекшелігі неде?
Протестанттық этиканың негізгі құндылықтары қандай?
Н. Коперниктің ғылымға енгізген төңкерісі неде?
Дж.Бруноның натурфилософиясының ерекшелігі неде?
Достарыңызбен бөлісу: |