Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


§ 5. Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың



жүктеу 5,05 Mb.
бет101/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

§ 5. Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі

Қайсыбір өтпелі заманда рухани өмір де түбегейлі өзгерістерге түседі: ескі өмір құндылыктары әлсіреп, жаңа әлеуметтік нормалар, дүниесезім мен дүниетаным өмірге келеді.

Осы тұрғыдан карағанда, Қайта өрлеу заманы христиан дінінде үлкен өзгерістерді тудырды, өйткені моральдык жағынан азғындаған рим-католик шіркеуі халықтың санасында теріс баға алып, Римнен жіберілген әртүрлі аймақтардағы дін басшылары жемқорлық жолына тусіп, қалың бұқараның санасында негізгі езушілер ретінде түсінілді.

Мұндай жағдайда христиан дінінің алғашқы нұсқаларына қайта оралып, оны орта ғасырлык схоластикалық бүркемдерден тазарту өзекті мәселелердің біріне айналады. Осы үлкен көлемді іске барлық жан-тәнін берген неміс теологы Мартин Лютер (1483-] 546 жж.) болды.

М.Лютер рим-католик шіркеуінің Құдай мен адам арасындағы дәнекерлік қызметін теріске шығарып, адамның жалғыз ғана Құдайға деген сенімі оның құтқарылуына жеткілікті деген пікірге келді. Құдайға қызмет ету ол жалғыз дін қызметкерлерінің ғана ісі емес, бүкіл халықтың, әр адамның борышы деген пікір айтты. Ал мұның бәрі шіркеудің билігін әлсіретіп, оның догматтарын қысқартты. Мысалы, 7 кұпиялықтың екеуі ғана қалды ол - крестеу мен қатысты болу (причащение). Икондар алынып тасталды.

М.Лютер дін мен философияның, сенім мен ақыл-ойдың ара-қатынасына үлкен ор қазып, христиан дінінің негізгі құжаттарын, киелі кітаптарын ақыл-оймен талдаудың мүмкін еместігін айтты. М.Лютер: «Ақыл-ой - шайтанның жезтырнағы және сенімге қарсы қылмыс», - деген сөзге дейін барды.

Олай болса, адам өз ақылы мен еркінің шеңберінде күнәдан құтыла алмайды, өйткені алғашқы текті күнә оның табиғатын бұзды. Бұл мәселе бойынша оның пікірі Августиннің ойына жақын болды.

Христиан дінін жаңа өмірге сай етіп өзгертуге өзінің үлесін қосқан екінші ойшыл - ол Жан Кальвин (1509-1564 жж.) «Христиандық сенімге тәлім» деген еңбегінде: «Сенгеннің надандығы білем дегеннің өркөкіректігінен жақсы», - дейді. Ж.Кальвин адамның өмірінің өркөкіректігінен толығынан Құдайдың еркіне, алдын ала болжауына тәуелді екенін айтады. Ең ақыры, Иса пайғамбардың өзі барлық адамзат үшін емес, тек қана оның кішкентай таңдалған бөлігі үшін зардап шегіп өлді. Ал, бірақ ол ешкімге белгісіз.

Ж.Кальвин Қайта өрлеу заманындағы гуманистердің «фортуна» ұғымына үзілді-кесілді қарсы шығып «фатум» ұғымын биік дәрежеге көтерді, өйткені ол - Құдайдың адам тағдырын алдын ала болжауы.



Ж.Кальвин Библиядағы айтылған «Шакырылғандар көп, тандалғандар аз» деген кағиданы толықтырып, «тек кім таңдалды, оны ешкім білмейді» деген пікірге келеді. Олай болса, әрбір адам мен таңдалдым деп ойлауы мүмкін. Егер ол өз кәсіби еңбегінде белгілі бір жетістіктерге жетсе, онда ол оны Құдайдың мені қолдағаны деп есептеуіне болады. Ал біз ол кезде алғашқы капиталдың қорланғанын еске салсак, Кальвиннің бұл қағидасы алғашқы іскер адамдарға өздерінің Құдай қалаған адамдар екенін сезінулеріне зор әсерін тигізді.

Батыс Европадағы жаңа қалыптасып жатқан капитализмге адамгершілік бағыт берген әсіресе, Ж.Кальвиннің аскеттік ілімі. Егер сенің істерің саған олжа әкелсе, онда сен масаттанба, тәкаппарланба, керісінше, Құдай қолдағаннан кейін, кемтарларға көмектес, байлығыңды шашпа, жаңа жұмыс орындарын аш т.с.с..

Сонымен Кальвинизм капиталдың қорланып өсуіне, кәсіби іскерліктің Құдай қалайтын, адамның абыройын көтеретін, сонымен қатар өте жауапты іс екеніндігіне, Жаңа дәуірдің моральдық құндылықтарын анықтауға атсалысты.



Бүгінгі Қазақстан қоғамындағы өтпелі дәуірдегі нарықтық экономика, жекеменшіктің қалыптасуы рухани қолдау таппай отыр. Біз басқа елдердің өмір салты, деңгейі, тұтынатын тауарлары, мәдениеті жөнінде көп ақпараттар аламыз. Біздің адамдар «көпшілік мәдениеті» атанған шетел фильмдерін көріп, ондағы өмір жөнінде «безендірілген», көбіне ақиқатқа сай келмейтін пікірлерге ие болады. Сондықтан жаңа пайда болған іскерлер жинаған ақшалары, капиталын халық ізгілігіне жұмсаудың орнына (жаңа жұмыс орындарын ашу, мәдениетті қолдау, кемтарларға, кәрілерге көмектесу т.с.), дереу үлкен сарай салып, астына шетелдегі байлар сияқты қымбат машина мінеді. Осы тұрғыдан қарағанда, қазір бізге де сонау Қайта өрлеу заманында болған реформацияға ұқсас рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, оны қоғамдық қатынастарға тезірек тиімді түрде енгізуіміз қажет.


жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау