КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
- тақырып:
7.1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТАР
Кәсіпкер өз қызметін нәтижелі түрде жүзеге асыра алатын, тиімді әріптестік байланыстарды қажет етеді. Сондықтан әрбір кәсіпкер өз қызметін ұйымдастыру және бизнес – жоспарды жасау барысында міндетті түрде қажетті және тиімді әріптестік байланыстарды орнату мүмкіндігін қарастырады. Осы жұмыстың аясында нарықтың қажетті инфрақұрылымын құрайтын, көптеген қызмет көрсететін ұйымдар бар, олардың көмегімен кәсіпкерлер іскерлік қарым-қатынастарды орнатып коммерциялық операцияларды жүргізе алады.
Әріптестік байланыстар негізінде кәсіпкерлер экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін әрбір жеке әріптес – кәсіпкермен өзара қарым – қатынастардың ең тиімді түрін таңдап алуы қажет. Бизнес аясында әріптестік байланыстар іскерлік жобаны жүзеге асыру бойынша кәсіпкерлік іс-әрекеттердің маңызды құраушы элементі ғана емес (нарықтың жүйемен, жалдамалы қызметкерлер ұжымымен, әріптестермен өзара қарым - қатынастар), кәсіпкерлердің коммерциялық қызмет нәтижесінде олардың белгілі бір деңгейде пайда табу мен бірнеше кәсіпкерлер арасындағы мәмілелік жұмыстардың тиімділігінің көрінісі де болып табылады.
Әріптестік байланыстардың келесідей түрлері болады:
тұрақты немесе ұзақмерзімді;
қысқамерзімді;
♦ кездейсоқ (спонтанды) келісімшарт.
Тұрақты немесе ұзақмерзімді әріптестік байланыстар кәсіпкер нарыққа тауар шығару мен қызмет көрсетуді ұзақ мерзімге жоспарлаған кезде қолданылады. Байланыстың мұндай түрі жасалған келісімшартты қажеттілікке байланысты ұзарту жолымен жүзеге асырылады.
Қысқамерзімді әріптестік байланыстар кәсіпкер тауардың тәжірибелік партиясын нарыққа әкеліп, оның жаңа тауарға деген сұранысын анықтау және өзара келісуші тараптар ретінде шығатын екі кәсіпкер де өзіне жүктелген міндеттерді орындау арқылы, бір-бірінің мүмкіндіктеріне сенімді болған жағдайларда қолданылады.
Кездейсоқ (спонтанды) келісімшарттық әріптестік байланыстар кәсіпкерлер қызметінде әрқашан қосалқы рөл атқарады және қосымша пайда табудың қарапайым түрі болып табылады.
Кәсіпкерлік әріптестік байланыстар келісімшарттар, келісімдер, контрактілер негізінде құрылады және қалыптасады. Олар әріптестердің құқықтары мен міндеттерін, шығындардың орнын толтыру мен пайданы үлестіру тәртібін, әріптестік қызметтің мерзімдерін, оны тоқтату шарттарын және т.б. реттейді. Әрбір кәсіпкер әріптестік байланыстардың ең тиімді түрін іздеуге мүдделі. Бұл тұрғыда жақсы нәтижеге, ынтымақтастықтың әртүрлі ұтымды нұсқаларын салыстыру, талдау арқылы жетуге болады (8-кесте).
8 – кесте – Кәсіпкерлік қызметтің негізгі аялары бойынша әріптестік байланыстардың түрлері
Кәсіпкерлік қызмет аясы
|
Әріптестік байлныстардың нысандары
|
Тауар өндіру мен қызмет көрсету аясы
|
Бірлескен кәсіпкерлік (ішкі және халықаралық)
Өндірістік кооперация
Мердігерлік (қосалқы мердігерлік) өндіріс
Лицензиялау
Контракт бойынша басқару
Жобалық қаржыландыру және т.б.
|
Сауда жүйесі мен тауар сату аясы
|
Бартерлік мәміле
Қарама – қайшы сауда
Қарсылай жеткізу
Коммерциялық триангуляция (сегменттеу)
Сауда мәмілелерінің түрлері (қарапайым, форвардты, спот мәмілесі және т.б.)
Консигнация (сатуға беру) және т.б.
|
Материалды-техникалық қызмет көрсету аясы
|
Концессия
Франчайзинг
Лизингтік қызмет (қаржылық, оперативті, қосалқы мердігерлік және т.б.)
|
Қаржы және сақтандыру қатынастарының аясы
|
Факторинг
Коммерциялық трансферт
Венчурлық қаржыландыру
Мемлекеттік және коммерциялық сақтандыру, оның ішінде хеджирлау
Эккаунтинг, аудитты қосқандағы
Форфейтинг
Қаржылық лизинг және т.б.
|
Кәсіпкерлік құрылымдар үшін кадрларды даярлау аясы
|
Мемлекеттік оқу мекемелері
Коммерциялық орталықтар, бизнес -мектептер
Кәсіпкерлерді даярлау бойынша бизнес - инкубаторлар
Интернет арқылы қашықтықтан оқыту
Оқу – іскерлік орталықтар (ОІО)
Консалтинг және т.б.
|
Әлеуметтік әріптестік аясы
|
Әлеуметтік қорғау мекемесі
Әлеуметтік әріптестік (кәсіподақтар)
Әлеуметтік мониторинг қызметі
Ассоциациялар, одақтар және т.б..
|
Қойылған міндетке байланысты келтірілген жіктеме (несие немесе қажетті құрал – жабдықты алу, мамандарды іздестіру және жұмысқа алу, білікті қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлау, қажетті шикізатты алу, өнімді тасымалдау, қызметтің басқа да түрлерін көрсету және т.б.) әрбір жеке әріптеспен өзара қарым – қатынастардың тиімді түрін таңдауға мүмкіндік береді.
Жіктеменің белгілі бір шарттылығына қарамастан, әріптестік байланыстардың нысандары бір-бірімен тығыз байланысты және көпқырлы сипатқа ие болады. Ал кәсіпкерлік құрылымдардың көбісінің көпсалалық кәсіпорындар болатындығын ескерсек, ынтымақтастық түрлерінің өзара ықпалдастығы мен функционалдық байланысы күшейе түседі..
Әріптестік қатынастар кәсіпкерлік қызмет аясында кәсіпкерге оның әріптестерімен, серіктестерімен ынтымақтастық орнату үшін міндеттері мен құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкердің мұндай құқықтары мен міндеттері, кәсіпкер мен оның әріптесі арасындағы жасалатын келісімшартпен бекітіледі.
КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Экономиканың кез-келген саласындағы кәсіпорындардың қызметі шаруашылық жүргізуші әріптестермен жасалған және тараптармен орындалатын мәмілелермен бекітіледі. Мәміле деп азаматтық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың іс – әрекеттері танылады. Мәмілелердің сипаттамаларын 19 және 20 суреттерден көруге болады.
19 - сурет – Мәмілелердің жіктелуі
Мәмілелер біржақты, екіжақты және көпжақты болуы мүмкін. Біржақты деп заңнамаға немесе тараптардың келісіміне сәйкес, тараптардың бірінің еркі қажетті және жеткілікті болатын мәміле танылады. Мәмілелердің соңғы екі түрі келісімшарттар болып табылады. Яғни оларды жүзеге асыру үшін екі тараптың (екіжақты мәміле), үш немесе одан да көп тараптардың (көпжақты мәміле) еріктері қажет. Келісімшарт мәміленің бір түрі болып табылады және әрқашанда жазбаша түрде жасалады.
Біржақты мәміле - мәмілені жасаған тұлғаға міндеттемелер жүктейді. Бұл мәміле жағдайында заңнамалық актілермен немесе осы тұлғалармен жасалған келісім жағдайларында ғана басқа тұлғалар үшін міндеттер жүктей алады.
Біржақты мәмілелерге сәйкесінше міндеттемелер мен келісімшарттар туралы жалпы ережелер қолданылады. Өйткені бұл жағдай мәміле заңнамасына, табиғатына және мәніне қарама- қайшы келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |