КӘСІПКЕРЛІК ҰЙЫМДЫ КАДРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
- тақырып:
6.1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ КАДРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МӘНІ
Ұйым қызметінің маңызды бағыттарының бірі персоналды басқару болып табылады және оның экономикалық жетістігінің негізгі көзі ретіндегі мәнге ие. Кәсіпорында жаңа технология пайдаланғанмен, біліксіз персонал қызмет атқарған жағдайда шаруашылықтың тиімділігі төмендейді. Сондықтан да, кәсіпкерлік қызметтің маңызды құраушысы- кадрларды басқару, персоналды басқару технологиясы болып табылады.
Персоналды басқаруға деген жаңа тәсіл өндіріс, табыс, ұйым мүдделеріне қарағанда тұлғаның басымдылығын тануға негізделеді. Осы жағдайға сәйкес басқарудың барлық жүйелері өндіріс үрдісінде қызметкердің қабілеттерін толығымен пайдалануға бағытталған, өз кезегінде ол ұйымның тиімді қызмет етуінің негізі болып табылады.
Жалпы түрде «кәсіпорын персоналы» түсінігі белгілі бір міндеттерді орындайтын, аталған кәсіпорынның жалдамалы қызметкерлерінің барлық жиынтығын қамтиды.
Ұйым персоналы – бұл жалға алу келісімшартымен реттелетін, заңды тұлға ретінде ұйыммен қатынаста тұрған жеке тұлғалар жиынтығы.
Басқару объектісі ретінде кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің персоналы болып табылады. Объект ретінде тек бір ғана жеке қызметкерді емес, еңбек ұжымын қарастыру керек. Өйткені тек ұжым ғана нақты дайын өнімді шығаруға мүдделі және жалпы жүйенің іс – әрекетін анықтайтын, заңдар мен ережелердің барлық кешеніне бағынышты болады.
Персоналды басқару субъектісі деп келесілерді айтамыз:
өндірістік кадрларды дайындау, қабылдау, бейімдеу, орын ауыстыру үрдістерін және т.б.басқаратын функционалды аппарат;
бағынышты бөлімшелер мен ұжымдарға басшылықты жүзеге асыратын желілік басқарушы персонал;
ұжым мүшелерін біріктіру, жұмысшыларды тәрбиелеу және т.б. бойынша бірқатар функцияларды орындайтын әртүрлі жұмысшылар, кәсіподақ және т.б. қоғамдық ұйымдар;
ұжымдағы бейресми жетекшілер ( лидерлер).
Еңбек потенциалы – бұл адамның еңбекке қатысу шектері мен мүмкіндіктерін, белгілі бір жағдайларда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу қабілетін, сонымен қатар еңбек үрдісі барысында жетілу мүмкіндіктерін анықтайтын адамның жеке және интеллектуалды қасиеттерінің жиынтығы.
Жүзеге асырылған еңбек әлеуеті адами капиталды құрайды.
Адами капитал –белгілі бір уақыт аралығында табыс табуға мүмкіндік беретін және салынған инвестициялардың нәтижесі болып табылатын адамның өндіруші активтері (қабілеттер, білім, бейімдер).
Персоналды басқарусыз кәсіпорындардың, кез – келген меншіктегі мекемелердің қалыпты қызмет етуі мүмкін емес. Бағытты анықтау мен персоналмен жұмыс істеудің бағыттарымен негіздерін анықтау үшін, оған қойылатын жалпы және ерекше талаптарды анықтау үшін кәсіпорынның кадрлық саясаты жасалынады.
Кәсіпорынның кадрлық саясаты деп персоналмен жұмыстың негізгі бағыттарын анықтайтын теориялық көзқарастардың, талаптардың, қағидалардың жүйесін, сонымен қатар жоғары еңбек өнімділігіне жетуге мүмкіндік беретін жұмыс істеу әдістерін айтады. Кәсіпорынның персоналыды басқару жүйесі туралы жалпы сипаттаманы 16 – суреттен көруге болады.
Кадрлық саясатты жүзеге асыру үшін жоспарлар жүйесі, нормалар мен нормативтер, әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік және басқа да шараларды қажет етеді.
Ірі компаниялар мен ұйымдарда персоналды жұмысқа алу мен таңдауды әдетте кадрлар бөлімі жүзеге асырады, ал шағын кәсіпорындарда персонал бойынша менеджер немесе олардың тікелей басшысы жүзеге асырады.
Кез – келген менеджер үшін өз қызметінде кадрларды жұмысқа қабылдау, яғни белгілі бір лауазымдық қызметке сәйкес келетін адамдарды іздеу мен жұмысқа тарту үрдісі маңызды орын алады. Персоналды таңдаудағы жетістік кәсіпорынға адами факторға деген өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Таңдаудың ең маңызды талаптары:
жоғары кәсіби біліктілігі мен оқуға деген қабілеті,
сөйлесу қабілеті мен ынтымақтастыққа деген дайындығы.
Кәсіпорын шешімнің екі нұсқасын таңдай алады: жұмысты өз бетінше орындау,жұмысты кәсіби мамандарға тапсыру.
Жалпы түрде, қабылдау үрдісі келесідей сатылардан тұрады:
бос орындарды, олардың ерекшеліктері мен қатар қажетті кандидаттар санын есептеу;
қабылдау әдістері мен тәсілдерін таңдау;
резюмені зерттеу мен алдын – ала әңгімелесуді өткізу;
кандидаттар тізімін дайындау (17-18 сурет).
16 - сурет – Персоналды басқару жүйесінің элементтері
6.2. ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. ЖАҢА ПЕРСОНАЛДЫ ІЗДЕУ КАНАЛДАРЫ ЖӘНЕ ТАҢДАУ ӘДІСТЕРІ
Кәсіпорын персоналы ұйым мен қызметкерлер мүдделерін сәйкестендіру жолымен қалыптасады. Ұйымның мүддесі тұрғысынан алғанда персоналдың қалыптасуы қызметкерлердің қажеттіліктерін жеткілікті деңгейде қанағаттандыра отырып, кәсіпорынның дамуын инновациялық әдістермен жүргізуге септігін тигізуі керек. Сондықтан да кәсіпорын персоналының қалыптасу үрдісі оның ағымдық және болашақтағы атқаратын қызметін жүйелі түрде жоспарлауды кешенді түрде жүргізу керек.
Қызметкерлерді жалдау баламалары.
Жаңа қызметкерлерді таңдау жұмысы бойынша шешім қабылдамас бұрын, кәсіпорында жалға алу баламасы бойынша барлық іс-шаралардың жүйесін пайдаланған ұтымды. Оларға мыналар жатады:
• жұмыстан тыс уақытта жұмыс істеу, еңбектің интенсивтілігін арттыру;
• құрылымдық қайта ұйымдастыру немесе өндірістің жаңа сұлбасын пайдалану.
Өркениетті елдерде персоналды іріктеумен әдетте рекрутингтік агенттіктер айналысады. Соңғы уақытта мұндай агенттіктер Қазақстан Республикасында да пайда болды.
Рекрутингтік бизнес үш деңгейде дамиды:
1. Төменгі деңгейде бала күтушілерді, жүргізушілерді, курьерлерді, аудармашыларды жұмысқа орналастырады. Жұмысқа қажетті кандидаттарды бұқаралық ақпарат құралдарының негізінен «Жұмыс» айдарында жарияланатын газеттердің көмегімен іздестіреді.
2. Орта деңгейде рекрутингтік агенттіктер орташа және жоғары персоналмен жұмыс істейді. Мұнда, көбінесе агенттіктің базасында жинақталған ақпарат қолданылады.
3. Ең жоғары деңгей – «элитарлы» (executive search) Мұнда ең жоғары класты кәсіби мамандар іздестіріледі: көбінесе тек ірі компаниялар үшін топ- менеджерлер, жоғары буын басшылары. Мұндай деңгейдегі мамандар жұмыссыз қалмайтындықтан, өз резюмелерін агенттіктерге жібермейді. Сонымен қатар оларда әдетте қосымша екі-үш жұмысқа шақыру туралы ұсыныстар болғандықтан, мұндай мамандарды іздестірудің жалғыз тәсілі «білікті мамандарды іздеу» «бастардың ізінен түсуі» қағидасы болып табылады.
Аталған іздеу тәсілінің ерекшелігі келесіде: «жаңа орынға деген үміткерлер» секілді, executive search іздеушілер де бұқаралық ақпарат құралдарына жарнама бермейді және мүдделі жұмыспен де ісі болмайды – оларға тек өте жоғары деңгейдегі, еңбекпен қамтылған эксклюзив керек.
17-сурет – Кадрларды қалыптастыру көздері
18 - сурет – Жеке еңбек келісімшарты
6.3. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ
Кәсіпорын персоналы ұйым мен қызметкерлер мүдделерін сәйкестендіру жолымен қалыптасады. Ұйымның мүддесі тұрғысынан алғанда персоналдың қалыптасуы қызметкерлердің қажеттіліктерін жеткілікті деңгейде қанағаттандыра отырып, кәсіпорынның дамуын инновациялық әдістермен жүргізуге септігін тигізуі керек. Сондықтан да кәсіпорын персоналының қалыптасу үрдісі оның ағымдық және болашақтағы атқаратын қызметін жүйелі түрде жоспарлауды кешенді түрде жүргізу керек.
Қызметкерлерді жалдау баламалары.
Жаңа қызметкерлерді таңдау жұмысы бойынша шешім қабылдамас бұрын, кәсіпорында жалға алу баламасы бойынша барлық іс-шаралардың жүйесін пайдаланған ұтымды. Оларға мыналар жатады:
• жұмыстан тыс уақытта жұмыс істеу, еңбектің интенсивтілігін арттыру;
• құрылымдық қайта ұйымдастыру немесе өндірістің жаңа сұлбасын пайдалану.
Өркениетті елдерде персоналды іріктеумен әдетте рекрутингтік агенттіктер айналысады. Соңғы уақытта мұндай агенттіктер Қазақстан Республикасында да пайда болды.
Рекрутингтік бизнес үш деңгейде дамиды:
1. Төменгі деңгейде бала күтушілерді, жүргізушілерді, курьерлерді, аудармашыларды жұмысқа орналастырады. Жұмысқа қажетті кандидаттарды бұқаралық ақпарат құралдарының негізінен «Жұмыс» айдарында жарияланатын газеттердің көмегімен іздестіреді.
2. Орта деңгейде рекрутингтік агенттіктер орташа және жоғары персоналмен жұмыс істейді. Мұнда, көбінесе агенттіктің базасында жинақталған ақпарат қолданылады.
3. Ең жоғары деңгей – «элитарлы» (executive search) Мұнда ең жоғары класты кәсіби мамандар іздестіріледі: көбінесе тек ірі компаниялар үшін топ- менеджерлер, жоғары буын басшылары. Мұндай деңгейдегі мамандар жұмыссыз қалмайтындықтан, өз резюмелерін агенттіктерге жібермейді. Сонымен қатар оларда әдетте қосымша екі-үш жұмысқа шақыру туралы ұсыныстар болғандықтан, мұнай мамандарды іздестірудің жалғыз тәсілі «білікті мамандарды іздеу» «бастардың ізінен түсуі» қағидасы болып табылады.
Аталған іздеу тәсілінің ерекшелігі келесіде: «жаңа орынға деген үміткерлер» секілді, executive search іздеушілер де бұқаралық ақпарат құралдарына жарнама бермейді және мүдделі жұмыспен де ісі болмайды – оларға тек өте жоғары деңгейдегі, еңбекпен қамтылған эксклюзив керек.
Персоналды жоспарлаудың мақсаты кәсіпорынның дамуына ғана емес, сонымен қатар оның экономикалық дамуын қамтамасыз ететін персоналдың сандық және сапалық құрамын қысқа мерзімге, ортамерзімге және ұзақ мерзімге анықтау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін персоналдың ұтымды құрылымы, кәсіпорынның кадрлық әлеуеті мен қызметкерлердің әлеуетін толық пайдалану арқылы қол жеткізіледі.
Жұмыс күшін оңтайлы түрде пайдалану келесідей шарттарды орындаған кезде қол жеткізуге болады:
еңбек өнімділігінің мотивациясы (сыйақы жүйесінің көмегімен қол жеткізіледі);
материалдық және жұмыс тапсырмасын ұтымды орындаған кезде;
оқыту және өз бетінше оқыту жолымен қызметкерлердің өндірістік қабілеттерін дамыту;
бірігіп қызмет ететін қызметкерлер топтарын құрылымдау көмегімен біріккен жұмысты қамтамасыз ету.
Персоналды жоспарлау негізін жинақталған және қайта өңделген деректер құрайды. Бұл деректерді алу қиындығына байланысты, бірқатар кәсіпорындарда келесідей мәселелер туындауы мүмкін:
персоналды жоспарлау сенімсіз түрде жүргізіледі. Ол өндірістің дамуы мен оның технологиялары туралы әртүрлі болжамдардан шығуы керек еді. Ал қолда тек персоналдың қазіргі жағдайын қамтитын жоспарлаудың сандық әдістері ғана бар;
жоспарлаудағы қиындықтар персоналды жоспарлауға әсер ететін барлық көрсеткіштердің жан-жақты зерттелмеуімен байланысты туындайды;
жоспарға қажетті өзгермелі ақпарат деректерін жинақтау мен талдауға не бөгет болатындығын анықтап талдау керек. Персоналды жоспарлауға қатысты деректер өңделетіндей әдістеріді пайдалану керек.
Персоналды жоспарлауда, оның жағдайына байланыссыз, үш бағыт бөлініп көрсетілуі мүмкін:
Құрылымдық белгісі бойынша жоспарлау – еңбек бөлінісіне негізделген өндірістік үрдісті жоспарлау; жұмыс күшін пайдалану бойынша негізгі ережелер анықталады. Мұнда, сөз ең алдымен жеке жұмыс орындарының қалай құрылатындығы, жеке қызметкерге сұраныстың түсу тәртібін және жеке қызметкерлер арасындағы ұтымды ынтымақтастыққа қалай қол жеткізуде болатындығы туралы болып отыр.
Жеке жоспарлау – бұл жағдайда жоспарлау объектісі болып, жұмысшылар тобы емес тек жеке қызметкер алынады. Персоналды жеке түрде жоспарлау әдісі келесі жағдайларға байланысты болады:
– қызметкер, машинаға қарағанда икемді, себебі ол қосымша ақпарат алу немесе тәжірибе жинақтау нәтижесінде өз қабілетін дамытады;
– кәсіпорынның басқарушылық иерархиясындағы мүмкіндік болатын лауазымдардың саны үнемі азайып отырады. Сондықтан да болашақта қажет болатын персоналды жоспарлаудың мақсаты әрбір лауазымға қажетті қызметкерді ұсыну болып табылады.
Ұжымдық жоспарлау – жоспарлаудың барысында бірінші кезекке ұжымның жеке мүшесі емес, барлық қызметкерлер немесе олардың жеке топтары шығады. Жоспарлау әдіс емес, персоналды басқару функциясы болып табылады. Ол жұмыс берушілер мен жұмыс алушылардың мүдделерін сәйкестендіру бағыты бойынша қызметтік жүзеге асыру үшін жүргізіледі.
Ұйымдастырушылық құралдарды қолдану барысында ең алдымен қызметкерлердің жеке тұлға болып табылатындығын ескеру керек. Ал мотивация мен біліктілікке келетін болсақ, ұйымдастырушылық құралдар еңбек үрдісі барысында қызметкерлердің мінез – құлқының ерекшеліктерін ескере отырып, оларды кәсіпорын мүдделеріне қарай «бағыттау» керек. Қызметкерлерден басқа, персоналға қатысты стратегиялық басқарудың объектілері, персонал құрылымы, еңбек жағдайлары және т.б. болып табылады. Персонал құрылымын ортамерзімді және ұзақмерзімді басқару кезінде құрылым тиімділігіне әсер етпейтін көптеген факторлардың үйлесімділігін анықтау қажет.
КӘСІПОРЫН ПЕРСОНАЛЫН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Кәсіпорынның қызметіне ерекше әсер ететін категориялар: персонал, өнім, пайда. Бірінші орында сөзсіз персонал тұр. Сондықтан да оны бағалау қажеттілігі туындайды. Персоналды бағалау кәсіпорын алдында тұрған міндеттермен тікелей байланысты.
Кәсіпорын тірі организм жан секілді өз дамуында әртүрлі сатылардан өтеді және олардың әрқайсысында алуан түрлі қабілеттері бар қызметкерлер қажет. Мысалы, интенсивті өсу сатысында кәсіпорынға жоғары коммуникациялық қабілеттері мен инновациялық әлеуеті бар, қызметтің жаңа бағыттарын меңгеріп кете алуға қабілетті жігерлі адамдар қажет. Тұрақтандыру сатысында бір ағымдағы жұмысқа қабілетті және еңбекқор, жұмыс үрдісін белгілі бір тәртіп бойынша жүргізе алатын адамдар қажет.
Кәсіпорын қызметінің аялары кеңейген жағдайда персоналды бағалау, қандай да бір себептермен бағаланбай келген дарынды және қабілетті қызметкерлерді анықтауға мүмкіндік береді. Кейде қандай да бір бөлімшенің қызметкерлері жеке тұлға ретінде жақсы жұмыс атқаруы мүмкін. Дегенмен олар қызметтің ииновациялық стратегиясын жасайтын және жұмысшыларды қойылған мақсатқа байланысты біріктіре алатын басшы қажет. Бұл жағдайда үміткердің іскерлік қасиеттерін бағалау, бос орындарға деген кандидаттарға қойылатын талаптарды нақтылауға мүмкіндік береді.
Әдетте, кәсіпорын персоналын бағалау келесідей жағдайларда жүргізіледі:
жаңа қызметкерлерді бағалау қажеттілігіне байланысты немесе бос орынға ең лайық деген кандидатты таңдау кезінде;
жиі келіспеушіліктер туындаған жағдайда. Бұл жағдайда келіспеушілік себептерін анықтап, ұтымды шешім қабылдауға мүмкіндік болады;
нарықтық орта өзгерістеріне бейімделу қажет болған жағдайда;
кадрлық резервті анықтау және жаңа қызметкерлерге деген талаптарды нақтылау қажет болған жағдайда, яғни кәсіпорынды қайта құрылымдау мен өзгеріс енгізу барысында;
сәйкес өзгерістерді, жаңа лауазымдық міндеттерді және ынталандырудың басқа түрлерін талап ететін кәсіпорынның жаңа стратегиялық мақсаттарын анықтау. Бұл жағдайда қандай өзгерістер тиімділікке жеткізетінін талдау қажет.
Қызметкерді бағалау оның жеке тұлғалық қасиеттерінің, қызметінің сандық және сапалық нәтижелерінің, оған қойылатын қызметтік талаптарға, еңбегінің мазмұны мен сипатына, сонымен қатар техникалық құралдарды, жұмыстың ең тиімді әдістерін және т.б. пайдаланумен, өндірісті ұтымды түрде ұйымдастыру қабілетін анықтау мақсатында өткзілетін жұмыстардың жиынтығы түрінде сипатталады. Бағалауда тек қана жұмыскердің әлеуеттік мүмкіндіктері мен оның кәсіби құзіреттілігі ғана емес, сонымен қатар оған жүктелген міндеттерді орындау барысында осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру анықталады. Сонымен қатар, өндірістің нақты жағдайларына сәйкес жұмысты орындау үрдісінің, ал еңбек нәтижелерінің – нормативті талаптарға, жоспарланған көрсеткіштер мен қойылған мақсаттарға сәйкестігі бағаланады. Бағалаудың мәні жұмыскерлердің жеке категориялар үшін бірдей болмағандығымен, ол жұмыскерлердің барлық категорияларына қатысты.
Персонал қызметін бағалаудың мақсаттары үшін ең маңызды көрсеткіштер:
ағымдық қызметті жақсарту;
өндірістік мақсаттар мен міндеттерді анықтау;
оқуға (дамуға) деген қажеттіліктерді анықтау.
Кадрлардың іскерлігін бағалау – әдістемелік және ұйымдастырушылық тұрғыдан біршама күрделі жұмыс. Қазақстанда да, шетелде де персоналды кешенді бағалау үшін ,әліде болса бірегей әмбебап әдістеме қалыптаса қойған жоқ. Осы себептен де кәсіпорындар көбінесе персоналды бағалау бағдарламаларын, оны өткізу әдістемелерін өз бетінше жасауға ұмтылады. Сонымен қатар, басқа да кәсіпорындардың тәжірибелерін қолдана отырып, оларды өз мақсаттарына жұмсау үшін уақыт пен қаржы мүмкіндіктеріне сәйкестендіре отырып жүргізу әдісін басшылыққа алады. Кейбір жағдайда бағалаудың мақсаттарына байланысты әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан білікті мамандары бар кәсіпорындардың қызметіне жүгінеді.
Кадрлардың іскерлігін бағалау бағдарламасын жасап шығару тәртібі үш сатыдан тұрады:
Бағалау мазмұны анықталады.
Бағалауды өткізу әдістемесі.
Бағалау үрдісімен байланысты міндеттер шешіледі. Жұмыскерлер еңбегінің нәтижелерін бағалаудың тиімді жүйесін қалыптастыру үшін келесідей шаралар жүргізіледі;
әрбір жұмыс орны үшін еңбек нәтижелелерінің стандарттарын орнату және оны бағалау көрсеткіштерін анықтау;
еңбек нәтижелерін бағалауды өткізу саясатын жасап шығару (қашан, қалай және қай уақытта өткізу керек);
бағалауды өткізетін адамдардың міндеттерін анықтау;
бағалауды өткізуге міндетті адамдарға, еңбек нәтижелері туралы деректерді жинақтауды жүктеу,
жұмыскер қатысумен бағалау нәтижелерін талқылау;
шешім қабылдау және бағалауды құжаттау.
Бағалаудың тиімді процедураларды келесідей талаптарға жауап беруі керек:
бағалау көрсеткіштері бағалаушыға да, атқарушыға да түсінікті болуы керек;
бағалау үшін қолданылатын ақпараттың қол жетімділігі;
бағалау нәтижелерінің сыйақылау жүйесімен байланысты болуы;
бағалау жүйесі жағдайға сәйкес болуы керек.
Нақты жұмыс орнында еңбекті бағалауды өткізу үшін келесідей іс – шаралар қажет:
қызметкерлер функцияларының сипаттамасы;
жалпы бағалауды есептеу;
стандарттармен сәйкестендіру;
қызметкер деңгейін бағалау;
оған бағалау нәтижелерін жеткізу.
Персоналды бағалау процедурасы төрт сатыдан тұрады:
міндеттерді нақтылау және бағалау көрсеткіштерін анықтау;
кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері және мақсаттарымен тікелей байланысты болатын бағалау бағдарламасын жасап шығару;
көрсетілген процедураны өткізу;
жинақтау және нәтижелерді талдау.
Көп жағдайларда, бағалау негізіне дара әңгімелесулерден тұратын психологиялық талқылау, интервью, анкеталарды толтыру, психологиялық тестілеу, іскерлік ойындар алынады. Кейде бағалау процедурасын өткізу бағдарламасына тренингтерді және оқыту семинарларын қосқан дұрыс. Ол әртүрлі мәселелерді және келіспеушілік жағдайларды шешуге мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде әрбір қызметкердің өзін кәсіби тұрғыдан көрсетуіне және қандай негізде шешім қабылданғанын анықтауға мүмкіндік береді. Еңбекті бағалаудың негізгі деңгейлері 6 – кестеде көрсетілген.
Теориялық ұстаным қандай да бір табиғи немесе қоғамдық үрдісті тану құралы бола отырып, әрқашанда қандай да бір шамада басқарудың тәжірибелік мақсаттарынан қашықтау болады. Сондықтан да теориялық жетістіктерді мақсатты түрде қолдануға мүмкіндік беретін арнайы тәсілдерді, белгілі бір әдістерді жасап шығару қажеттілігі туындайды.
Персоналды бағалау кезінде, тәжірибеде жүзінде қолданылатын тәсілдердің көбісі салыстыру әдістерін пайдалануға негізделген. Бұл тұрғыда персоналды бағалауға арналған шартты түрде жүйеленген үш түрлі бағыт бар. Олар келесі жағдайларды салыстыруға негізделген:
қызметкерлердің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді нақты жетістіктермен салыстыру;
жұмыс нәтижелерін белгілі бір нормативпен немесе стандартпен салыстыру (мысалы, лауазымдық нұсқаулармен);
қызметкерлерді бір-бірімен салыстыру.
6 - кесте – Еңбекті бағалаудың негізгі деңгейлері
Бағалау деңгейі
|
Кезеңділігі
|
Әдіс
|
Пайдалану мүмкіндіктері
|
Кәсіби қызметті (күшті және әлсіз жақтарын) күнделікті бағалау
|
Күніне, аптасына бір рет
|
Нақты іс – әрекеттері бойынша анкеталау. Талқылау
|
Бағаланған деңгеймен,мінез – құлық пен оқытуды жаңарту мақсатындағы сәйкестікті анықтаудағы кері байланыс
|
Міндеттерді орындауды кезеңдік бағалау
|
Жарты жылда, бір жылда бір рет
|
Нақты іс – әрекеттері және еңбек нәтижелері.бойынша анкеталау.Интервью. Талқылау.
|
Болашақты анықтау және бірегей мақсаттарды жасап шығару
|
Әлеуетін бағалау
|
Бір реттік, өзгермелі
|
Тестілеу
|
Кадрлық болжамды құрастыру, карьераны жоспарлау
|
Сонымен қатар, жоғарыда аталған шартты түрде жүйеленген әдістермен қатар, өзіндік ерекшелігі бар әдістер де пайдаланылуы мүмкін (7-кесте).
Және де мұнда аталған әдістердің ешқайсысы мінсіз болып табылмайды. Бірнеше әдістерді бір мезгілде пайдалану мен сәйкестендіру кезінде ең объективті бағалауға қол жеткізіледі. Бірақта тәжірибеде бағалау нұсқауларының қайсысын таңдайтындығын анықтау керек.
Тәжірибеде көбінесе кәсіпорын деңгейінде жұмысты бағалаудың төрт әдісін қолданады:
жұмыстарды ранжирлеу маңызына,сапасына және т.б. ерекшеліктері бойынша – топтау. Бұл жағдайда әрбір жұмыс аталған кәсіпорын үшін маңыздылығы, сапасы бойынша бағаланады, құндылығы, күрделігі бойынша шамалас топтарға бөлінеді. Ранжирлеу дәрежесі ұйым қажеттіліктерімен анықталады;
жұмыстардың жіктелуі – онда жалақының дәрежесі мен деңгейлері анықталады. Содан кейін жұмыстың өзі жан - жақты қарастырылады;
жұмыстың баллдық жүйесі – онда жұмысқа әсер етуші және құраушы факторлар жеке түрге бөлініп, оның әрқайсысы бағаланады. Жұмыстың құндылығы барлық бағаланған фактордың қосындысы ретінде анықталады;
бақылаусыз жұмыс уақыты – онда жұмысшылармен орындалатын жұмыс бақылаусыз қалуы мүмкін.
7 -кесте – Персоналды бағалау әдістері
Әдіс
|
Қысқаша мазмұны
|
Өте қиын жағдайлар бойынша бағалау әдісі
|
Негізгі назар тиімді немесе тиімсіз қызметті сипаттайтын негізгі қасиеттерді сипаттауға аударылады. Мысалы клиенттердің сұраныстарына әсер ету жылдамдығы. Ол қызметкердің қандай қасиеттерін жетілдіруді қажет ететіндігін анықтау үшін ақпарат жинақтауға мүмкіндік береді
|
Бағалаудың баллдық жүйесі (шкаласы)
|
Ең ескі және танымал әдістердің бірі. Және де мұнда жұмыстың келесідей негізгі талаптары анықталады: жұмыстың көлемі мен сапасы, білім деңгейі, өзара әрекеттесу, шыншылдық , ынталылық және т.б. Бағалаушы әрбір қасиетке сәйкес балл береді. Мысалы 1-ден (өзінің негізгі міндеттерінің сипаттамасы туралы аз ақпараттандырылған) 5 –ке дейін (өзі атқаратын жұмысының барлық жүйесін жақсы біледі)
|
Мақсаттары бойынша басқару мен бағалау әдісі
|
Төрт негізгі жағдайға негізделген:
нақты және айқын мақсаттарды анықтау
бірлесіп жұмыс істеу, басшы мен бағынышты тұлға арасында орындауға деген ынтымақтастық.
қойылған мақсаттарды орындаудың «уақытылы» қағидаларын анықтау;
бағалау нәтижелері бойынша кері байланысты тетіктерін жүзеге асыруда (басшыдан бағыныштыға, бағыныштан басшыға)
|
Жұмыскерлерді бір – бірімен салыстыру әдісі
|
Әрбір қызметкер басқамен салыстырылады. Бірі екіншісінен қай жағынан әлсіз немесе күшті екені анықталады. Аталған әдіс түрлерінің ішінде қызметкерлерді жұмыс істеуіне қарай жіктеу, топтау, жұптық салыстыруды атауға болады (бұл әдісті басқа қосымша әдістермен салыстырса, жазбаша мінездемелермен толықтырса жақсы болар еді)
|
Жалақы деңгейі еңбектің көлемі мен сапасына байланысты болады. Еңбекақы төлеуде ең шешуші фактор ретінде қызметкердің белгілі бір жұмысты орындау қабілетінің маңызы зор. Қызметкердің біліктілік деңгейін оның жалпы білімімен, кәсіби дайындығымен және өндірістік тәжірибесімен анықтайды, яғни біліктілігі жоғары қызметкер біліктілігі төмен қызметкерге қарағанда жоғары жалақы алуы керек.
Еңбек мөлшері әдетте заңнамалық тәртіпте орнатылатын жұмыс күнінің ұзақтығымен анықталады.Кәсіпкер жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін, жұмысшыларды жақсы, сапалы жұмыс атқаруға ынталандыратын механизімдерді кеңінен пайдалану керек. Сондықтан, жалақы екі құрамдас бөлімнен тұрады: бірі – өзгермейтін және кепілдендірілген, екіншісі – өзгермелі және қол жеткізілген жеке нәтижелерге байланысты. Тәжірибеде жүзінде мерзімді немесе кесімді жалақы түрінде төленетін жалақымен қатар көбінесе қосымша ақшалай қаражаттар төленеді. Оларға мерзімнен тыс жұмыс істегені үшін, демалыс күндері жұмыс істегені үшін төлемді, түнгі уақытта жұмыс істегені үшін төленетін үстеме ақыны, аудандық коэффициенттерді, жұмыстың зиянды жағдайлары үшін үстеме ақыны, еңбек өнімділігі үшін сыйақыларды және басқа да үстеме ақылар мен сыйақыларды жатқызуға болады.
Кәсіпкер барлық құралдарды қолдана отырып қызметкерді кәсіпорындағы еңбекке қызықтыруы керек және әрқашанда материалды ынталандырумен, қатар моральдық тұрғыдан ынталандыруды, еңбекті ынталандырудың жаңа әдістері мен түрлерін үнемі іздестіріп отыруы керек.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Кәсіпкерлік қызметті кадрмен қамтамасыз етудің мәні неде?
Еңбек ұжымын басқаруда қандай әдістер қолданылады?
Ұйымдастырушылық-әкімшілік әдістер басқарылушы объектке қандай әсерін тиігізеді?
Персоналды басқарудың экономикалық әдістерінің мәні неде?
Еңбек ұжымын басқаруда қандай әлеуметтік – экономикалық әдістер қолданылады?
Дара еңбек келісімшартының мәні неде?
Адамдарды басқарудың негізгі қағидалары қандай?
Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ресурстарын жоспарлауды ашып көрсетіңіз.
Қызметкерлерді жұмысқа тарту үшін кәсіпорында қандай әдістер қолданылады?
Кәсіпорында жұмысшылардың бос орнын толтыру үшін кандидаттарды таңдау барысында қандай әдістер қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: |