Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011 удк


- КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕР



жүктеу 2,14 Mb.
бет4/18
Дата25.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#27253
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

-
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕР
тақырып:



3.1 КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДЕР: ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖІКТЕЛУІ

Экономикалық ортаның өзгеруі мен шаруашылық жүргізу жағдайлардың белгісіздік жағдайына байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру қандай да бір тәуекелмен байланысты. Соған қатысты күтілетін шекті нәтижеге қол жеткізе алмау қаупі пайда болады.

Нарықтық қатынастар аясында экономикалық еркіндік шегіндегі кәсіпкердің мінез-құлқы бәсекелік стратегия арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда кәсіпкердің негізгі міндеті, нарықтағы тауарлар мен қызметтерді іздеу мен өз орнын табу ғана емес, сонымен қатар нарықтан оппонентті шығарғысы келетін кәсіпкер-бәсекелестердің іс-әрекетіне қарсы тұру болып табылады. Сәйкесінше, аталған жағдай өндірістік-шаруашылық қызмет барысындағы әр түрлі шығындармен қоса, тәуекел кәсіпорынның қаржылық және коммерциялық операциялардың ажырамас бөлігіне айналады. Сондықтан тәуекелді көре біліп, оны минималды мүмкін деңгейге дейін төмендетуге ұмтылу қажет.

Кәсіпорын өндірістік – шаруашылық қызметті жүзеге асыра отырып, өнім өндіру, сату және сатып алу барысында туындайтын тәуекелдерді, тәуекел шығындарының орнын толтыру ғана емес, сонымен қатар зиянның алдын алу мақсаты бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуі тиіс.



Кәсіпкерлік тәуекел кәсіпорынның мүмкіндіктерінің әлеуетінен шыға отырып күтілген табыс мөлшерін ала алмау немесе пайда болуы мүмкін қауіптің әсерінен болатын ресурстарды жоғалту ықтималдылығы.

Тәуекелдердің жіктемесін әртүрлі ерекшеліктері бойынша жасалады:

  • пайда болу себептері бойынша;

  • кәсіпкерлік салалары мен функционалды түрлері бойынша;

  • сақтандыру мүмкіндігі, жіберілу деңгейі бойынша және т.б.

Әрбір нақты жағдайда қойылған мақсатқа байланысты қандай да бір жіктеме қолданылады. Кәсіпкерлік тәуекелдің түрлерінің сипаттамасы 10-суретте көрсетілген.

Өндірістік тәуекел өндірістік қызметтің кез-келген түрлерін жүзеге асырумен, өнімді, тауарлар мен қызметтерді өндірумен байланысты. Өндірістік тәуекелдің негізгі себептері болып өндірістің әр түрлі себептерден тоқтауы, өндірістік қорлардың істен шығуы, айналым құралдарының жойылуы, құрал-жабдықты, шикізатты уақытысында жеткізбеу және т.б.; өнім өндіруші және тұтынушы арасындағы келісімшарт өз міндеттемелерін орындай алмаумен байланысты туындайтын өндірістік тәуекел.


10-сурет. Кәсіпкерлік тәуекелдің жіктелуі
Қаржылық тәуекел кәсіпкердің банктермен және басқа қаржылық институттармен қарым-қатынастар сферасында пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері болып қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынасының жоғары алшақтығы, кредиторларға тәуелділік, капиталдардың пассивтілігі, бір жобаға үлкен қаражаттарды орынсыз жұмсау. Қаржылық тәуекел фирма қызметін қаржыландыру үшін қарыз алу нәтижесінде фирманың өз қаржылық міндеттемелерін орындай алмау мүмкіндігімен байланысты.

Коммерциялық тәуекел кәсіпкермен өндірілген немесе сатып алынған тауарлар мен қызметтерді өткізу үрдісінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себептері болып нарық конъюнктурасында, коммерциялық қызмет жүргізу барысында күтпеген өзгерістердің болуы.

Өзінің қызмет етуі барысында кәсіпкерлік фирмалар кезігетін тәуекелдердің белгілі бір түрлері бар. Олар:



  • заңды тәуекел заңнамалық актілердің төмен сапасымен және заңнамадағы күтілмеген өзгерістерге байланысты;

  • инвестициялық тәуекел технико-экономикалық негіздемелерді сапасыз өңдеумен, жоба құнының күрт өсуімен, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың күшеюімен негізделеді. Сонымен қатар жеке меншік сатып алынған бағалы қағаздардан, туындайтын инвестициялық-қаржылық портфельдің құнсыздануымен байланысты;

  • нарықтық тәуекел валюталардың ұлттық ақша бірлігінің курсына, нарықтық пайыздық ставкаларының өзгеруіне байланысты;

  • сақтандыру тәуекелі сақтандыру қорын қалыптастырумен, басқарумен, сонымен қатар меншікті мүлікті, ақшалай қаражаттарды және персоналды басқарумен байланысты;

  • инновациялық тәуекел осы аядағы белгісіздікпен (идеяны жасап шығарудан бастап, оны өнім өндіруге немесе жаңа технологияны өндіріске енгізе отырып, өнімді нарыққа өткізуге дейін) байланысты.

Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелінен болатын шығындары, еңбек, қаржылық, уақыт және арнайы шығын деген түрлерге бөлінеді.

Материалды шығындар – бұл жобамен қарастырылмаған натуралды сипаттағы материалды объектілердің тікелей шығындары (үйлер, ғимараттар, өнім, жартылай шикізаттар, материалдар, шикізаттар, құраушы бөліктер).

Еңбек шығындары – кездейсоқ немесе күтпеген жағдйалардан туындаған жұмыс уақытының шығыны; техникалық орындауға кететін уақыт нормаларды қолдану (өлшем бірлігі – «адам-сағат» немесе адам-күн)

Қаржылық шығындар – тікелей ақшалай зиян (кәсіпкерлік жобамен қарастырылған төлемдер, айыппұлдар, мерзімі өтіп кеткен несиелер үшін төлемдер, қосымша салықтар, ақшалай қаражаттардың немесе бағалы қағаздардын жоғалуы). Олар жобамен қарастырылған көздерден, қарызды әртүрлі себептерден ала алмау нәтижесінен болуы мүмкін.

Уақыт шығындары кәсіпкерлік қызмет үрдісі жобамен қарастырылған мерзімінен баяу жүрген жағдайда (сағаттармен, тәуліктермен,айлармен өлшенеді) пайда болады.

Шығындардың арнайы түрлеріне келесілерді жатқызуға болады: адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, кәсіпкер беделіне зиян келтіру және басқа да қолайсыз әлеуметтік және моральды-психологиялық факторлармен байланысты шығындарды жатқызуға болады. Шығындардың арнайы түрлерінің ерекше тобына – саяси сипаттағы факторлардың күтпеген әсерінен болатын шығындарды жатқызуға болады. Олар адамдардың қалыптасқан экономикалық жағдайына түсінбеушілік енгізеді, өндірістік – шаруашылық қызметтің ырғағын бұзады, шығындардың өсуіне және табыстардың төмендеуіне әкеледі.


3.2 КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУ

Тәуекелді басқару үрдісінде өзекті мәселелердің бірі болып кәсіпкерлік қызметтің нәтижелеріне әсер ететін және есептелетін бағалау сатысы болып табылады.



Тәуекелді бағалау – бұл тәуекел шамасын (дәрежесін) сандық және сапалық тәсілмен анықтау. Тәуекелді бағалаудың әмбебап тәсілдері жоқ. Пайдаланып жүрген тәсілдердің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бағалаудың қандай да бір белгілі тәсілін таңдау нақты жағдай мен кәсіпкер тұлғасына байланысты. Сондықтан, сандық-сапалық тәсілді ұштастырып, яғни кәсіпкерлік тәуекелді құрамдастыру әдісімен бағалауды өткізген дұрыс. Кәсіпкерлік тәуекелді сандық және сапалық бағалау 11-суретте көсретілген.


11-сурет. Тәуекелдерді сандық және сапалық бағалау
Сапалық бағалау барлық мүмкін болатын тәуекелдердің идентификациясымен сипатталады. Сапалық бағалау салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін, оның басты міндеті – орындау барысында тәуекел пайда болатын факторларды, жұмыс сатыларын анықтау.

Тәуекелді бағалау барысында тәуекел дәрежесін анықтау қажет және ол келесідей болуы мүмкін:



    • жіберілетін – жоспарланған объекті өткізуден түсетін табысты толық жоғалту қаупі;

    • шегіне жеткен – тек қана табыстың түспеуі ғана емес, сонымен қатар кәсіпкер қаражаттары есебінен қарыздардың жабылмауы мүмкін;

    • катастрофалық – капиталдың, мүліктің жоғалуы, кәсіпкердің банкротқа ұшырауыда болуы мүмкін.

Кәсіпкер тәуекелі сандық түрде, салынған капиталдың түскен ықтималды немесе жоспарланған, максималды және минималды табысты (зиянды) субъективті бағалаумен сипатталады. Сонымен қатар, мұнда алынған табыстың (зиянның) максималды және минималды деңгейінің арасындағы диапазон неғұрлым үлкен болған сайын, тәуекел дәрежесі де жоғары болады.

Сандық бағалау тәуекелдерді сандық сипаттауға, оларды талдау мен салыстыруды өткізуге бағытталған. Тәуекелді сандық бағалау жағдайында әр түрлі әдістер қолданылады.

Кейде сандық және сапалық бағалауды сыртқы және ішкі факторлардың әсерін талдау негізінде жүргізеді: олардың жекелеген элементтерінің кәсіпорынның жұмысына әсер ететін үлес салмағы элементтік бағалау жүзеге асырылады және оның ақшалай көрсеткіші анықталады. Мұндай әдіс сандық талдауда өте көп еңбекті қажет етеді, бірақ сапалық талдауда ұтымды болып табылады.



Абсолютті талдауда тәуекел құндық (ақшалай) сипатта немесе материалды-заттық (физикалық) сипатта мүмкін болатын жоғалтулардың мөлшерімен анықталуы мүмкін.

Салыстырмалы сипатта тәуекел жоспарланған табысқа немесе кәсіпкерлік қызметтің аталған түріне жұмсалған ресурстардың жалпы құнына қатысты шығынның сомасы ретінде анықталады.

Тәуекелді сапалық бағалау статистикалық әдіс көмегімен орындалуы мүмкін. Бағалаудың аталған әдісінің басты құралдары – орташа күтілетін мәні, дисперсия, стандартты ауытқу, вариация коэффициенті.



Вариация – нәтиженің бір нұсқасынан екіншіге өту барысындағы сандық көрсеткіштердің өзгеруі.

Дисперсия – нақты мәннің орташа мәнінен ауытқу шамасы.

Осылайша, тәуекел дәрежесі екі критериймен өлшенуі мүмкін: орташа күтілетін мәнмен, мүмкін болатын нәтиженің құбылуымен (өзгергіштігімен).



Орташа күтілетін мән – белгісіз бір жағдайға байланысты нәтиженің (жағдайдың) мәні. Ол әрбір нәтиженің ықтималдылығы сәйкес мәннің жиілігі, немесе салмағы ретінде қолданылатын мүмкін болатын нәтижелердің орташа салмақтысы болып табылады. Осылайша, болжамды күтілетін нәтиже есептеледі.

Экспертті бағалаулар әдісі. Бұл әдіс әдетте тәжірибелік кәсіпкерлер мен мамандардың ой-пікірлерін өңдеу жолымен жүзеге асырылады. Ол статистикалықтан тек тәуекел қисығын сызу үшін ақпаратты жинақтау әдісімен ерекшеленеді.

Есептік – аналитикалық әдіс – шығындар ықтималдылығының қисығын құрастыруға және кәсіпкерлік тәуекел көрсеткіштерін бағалауға негізделген.

3.3 КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ

Кәсіпкерлік қызмет қолайсыз нәтижелердің, оң салдардың пайда болу мүмкіндігімен байланысты болғандықтан, олардың пайда болуын азайтатын немесе теріс салдарды болдырмайтын әдістер мен тәсілдерді жасап шығару қажеттілігі туындайды. Экономикалық ғылымда мұндай сипаттағы іс-әрекеттерді тәуекелді басқару жүйесі деп атайды. Кәсіпкерлік фирманың қызметінің шекті нәтижелеріне тәуекелдің әсерін жұмсартуға бағытталған қызметтің ерекше түрі.

Тәуекелді басқару тұжырымдамасы үш негізгі айқындамадан тұрады:


  1. Тәуекел жағдайында кәсіпкерлік қызмет салдарын анықтау;

  2. Бұл қызметтің мүмкін болатын теріс салдарына әсер ету қабілеті;

  3. Жасалатын іс-әрекеттердің оң нәтижелері жойылатын немесе теріс нәтижелердің орны толтырылатын шараларды жасап шығару мен жүзеге асыру.

Тәуекелді басқару шешімді қабылдау барысында нұсқаларды іздеуді білдіреді. Тәуекелді сапалық бағалау кәсіпкерлік фирманың ұзақ мерзімді перспективада кәсіпкерлік фирманың табысқа жету мүмкіндіктерін арттырады, оның қаржылық жағдайының нашарлау қаупін біршама төмендетеді.

4-кестеде кәсіпорын тәуекелін басқарудың негізгі әдістерінің жіктемесі келтірілген. Аталған әдістердің бір бөлігі болашақта тәуекелді төмендетуді, ал қалған бөлігі дереу төмендетуді кепілдендіреді. Бір әдістерді шамаға тікелей әсер ету шаралары ретінде, ал қалған әдістерді – жанама әсер ету шаралары ретінде қарастыруға болады.


4-кесте – Тәуекелді басқару әдістерінің жіктелуі


Тәуекелді ескерту әдістері

Тәуекелді болдырмау әдістері

Тәуекелді локальдау әдістері

Тәуекелді әртараптандыру әдістері

Тәуекелдің экономикалық салдарын төмендету әдістері

Тәуекел туралы қажетті ақпаратты алу

Кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау

Белсенді мақсатқа бағытталған маркетинг

Сыртқы орта дамуын болжау

Персоналды оқыту мен оның инструктажы

Ескерту шараларын жүзеге асыру (аварияға қарсы, өртке қарсы)



Сенімсіз әріптестерден бас тарту

Гаранттарды іздестіру

Тәуекелді жобалардан бас тарту

Мүліктің консервациясы

Қабілетсіз қызметкерлерді жұмыстан босату


Тәуекелді жобаларды жүзеге асыру үшін еншілес кәсіпорындарды құру

Арнайы құрылымдық бөлімшелерді құру (негізделген балансы бар)

Тәуекелді жобаларды жүзеге асыру үшін бірлескен қызметті жүзеге асыру туралы келісімшартты жасау


Жеке жобалардың қатысушылары (бірігіп орындаушылар) арасында тәуекелдерді үлестіру

Өткізу мен тасымалдарды әртараптандыру

Инвестицияларды әртараптандыру

Қызмет түрлерін әртараптандыру

Уақыт бойынша тәуекелді үлестіру


Лимиттеу

Өзін-өзі сақтандыру (қорларды құру мен резервілеу)

Өзара сақтандыру

Сақтандыру


Қазақстанның шаруашылық жүргізу тәжірибесінде тәуекелді болдырмау мен локальдау әдістері кеңінен тараған. Бұл әдістерді сенімсіз әріптестер қызметінен бас тартатын, тек сенімді контрагенттермен жұмыс істеп, әріптестер ортасын кеңейтуді қаламайтын көптеген өндірістік кәсіпорындардың басшылары қолданады.



Тәуекел дәрежесін болдырмау және лимиттеу. Кәсіпкерлік тәуекелдерді болдырмаудың бұл бағыты ең ұтымды болып табылады және кәсіпорын үшін тәуекелдің кез-келген түрін болдырмауды білдіреді. Тәуекелден бас тарту туралы шешім, оны қабылдаудың алдынғы сатысында немесе шешімді қабылдау сатысында қабылдануы мүмкін, ал кейбір жағдайда кейіннен де қабылдануы мүмкін. Тәуекел деңгейі болжанғаннан жоғары болса, кәсіпорын өзі атқаратын қызметтің қандай да бір түрінен бас тартуы да мүмкін. Оны болдырмау туралы шешімдердің көбісі шешімді қабылдау сатысында қабылданады. Өйткені кәсіпорын қатысатын қызмет түрі ол үшін біршама қаржылық және басқа да шығындарға алып келуі мүмкін. Бұл жағдай көбінесе келісім шарт міндеттемелерін орындаумен байланысты.

Тәуекелді төмендетудің аталған бағыты ең қарапайым және ұтымды болып табылады. Ол жұмсалатын шығындар мен белгісіздікті толығымен болдырмауға мүмкіндік береді, алайда тәуекелге байланысты қызметтен пайда көлемін алуға мүмкіндік бермейді.

Белгілі бір дәрежеде тәуекелді жартылай болдырмау тәсілі оның шоғырлануын лимиттеу болып табылады. Бұл механизм тәуекел жіберілетін деңгей шегінен шығатын кәсіпкерлік тәуекелдерге қатысты қолданылуы мүмкін. Мұндай лимиттеу, кәсіпорын қызметінің алуан түрлі аспектілерін жүзеге асыру саясатын жасап шығару үрдісінде, кәсіпорында сәйкес нормативтерді орнату жолымен жүзеге асырылады. Тәуекелдердің шоғырлануын лимиттеуді қамтамасыз ету келесі жағдайлардан тұруы мүмкін:

- шаруашылық қызметте қолданылатын қарыз қаражаттарының шекті мөлшері (үлес салмағы). Бұл лимит кәсіпорынның операциялық және инвестициялық қызметі үшін бөлек белгіленеді. Ал бірқатар жағдайларда – жеке қаржылық операциялар үшін де (нақты инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін, айналым активтерін қалыптастыруды қаржыландыру үшін және т.б.);

- жоғары өтімді нысандағы активтердің минималды мөлшері (үлес салмағы). Бұл лимит кәсіпорынның жедел қаржылық міндеттемелерін жуық арада өтеу мақсатында жоғары өтімді активтердің резервін жасаумен сипатталатын «өтімді жастықтың» қалыптасуын қамтамасыз етеді. «Өтімді жастық» ретінде ең алдымен кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржылық салымдары, сонымен қатар оның дебиторлық борышының қысқа мерзімді нысандары шығады;

- бір сатып алушыға ұсынылатын тауарлық (коммерциялық) немесе тұтынушылық несиенің максималды мөлшері. Несиелік тәуекелді шоғырландыруды төмендетуге бағытталған несиелік лимиттің мөлшері, өнім сатып алушыларына тауарлық несиені ұсыну саясатын қалыптастыру кезінде орнатылады;

- бір банкте орналастырылатын депозитті салымның максималды мөлшері. Бұл нысандағы депозитті тәуекелді шоғырландыруды лимиттеу, кәсіпорын капиталын инвестициялаудың аталған қаржылық құралын қолдану үрдісінде жүзеге асырылады;

- бір эмитенттің бағалы қағаздарының қаражаттарын салудың максималды мөлшері. Лимиттеудің бұл нысаны, бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру кезінде жүйелік емес (ерекше) қаржылық тәуекелді шоғырландыруды төмендетуге бағытталған. Бірқатар институционалды инвесторлар үшін бұл лимит міндетті нормативтер жүйесінде, олардың қызметін мемлекеттік реттеу үрдісінде орнатылады;

- дебиторлық борышқа қаражаттарды аудартудың максималды кезеңі. Осы қаржылық норматив есебінен төлемқабілетсіздік тәуекелін, инфляциялық тәуекелді, сонымен қатар несиелік тәуекелді лимиттеу қамтамасыз етіледі.

Қаржылық тәуекелдердің шоғырлануын лимиттеу үлкен шығындарды талап етпейтін және осы тәуекелдерді қабылдау бөлігіндегі, кәсіпорынның қаржылық идеологиясын жүзеге асыратын тәуекел-менеджменттің, кеңінен таралған ішкі механизмдерінің бірі болып табылады. Тәуекелдерді басқарудың аталған әдісі қаржылық және коммерциялық тәуекелдерге қатысты тиімдісі болып табылады және басқа тәуекелдерді басқару кезінде оны қолдану міндетті емес.

Кәсіпкерлік қызметте тәуекелдерді төмендету әдістерінің бірі әртараптандыру болып табылады. Әртараптандыру – бір-бірімен өзара тікелей байланысты емес, қызметтің алуан түрлері арасында капитал салымдарының күшін үйлестіру. Бұл жағдайда, егерде күтілмеген жағдайлар нәтижесінде қызметтің бір түрі зиянды болса, екіншісі табыс әкелетін болады.



жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау